Бас жоспар және қала құрылысын салудың әзiрленген сызбасы қаланы экономикалық аудандарға бөлу қалыптасқан қызметтi және олармен байланысты тұрғын үй, өндiрiстiк, iскерлiк коммерциялық, рекреакциондық, тарихи) сияқты негiзгi санаттарды қарастырады және сақтайды.
Аймақтардың дұрыс құрылымы тек функционалды аймақтандыру нәтижесi ғана емес сонымен қатар оң үлгiлердi марапаттау және жердi дұрыс пайдаланбауды түзеудiң және қала аумақтарының құрылысының саясаты болып табылады.
Елдi мекендi аймақтардағы салынған және салынбаған
құрылыстардың қатынасы
Бас жоспардың iске асырылуын және оның аумақтық ресурстық мүмкiншiлiгiн талдай отырып, бүгінгі таңда бас жоспардың резервi таусылды, қала шекарасында жаңа құрылысқа арналған аздаған ғана резерв бар деп сенiммен айтуға болады. Қаланың азаматтық тұрғын үй құрылысын салуға арналған бос аумақтар жоспарланған Солтүстiк-Шығыс ауданында, сондай-ақ Зачаганск кентiнде бар.
Қаланың аумақтық дамуы үшiн, жоспарлау жүйесiнiң шектеу негiзiн бұрынғыша Жайық, Шаған, Деркүл өзендерiнiң су басу аймақтары құрайды.
Жоспары шектеулер жүйесiмен айқындалатын аумақтық мүмкiндiктердi негiзге ала отырып аумақтық дамытудың, бас жоспарда тұрғын үй-азаматтық құрылысты дамытуға арналған құрылыстан бос аумақтардың iшкi резервтерiн пайдаланудың әртүрлi үш нұсқасы әзiрлендi:
1-нұсқа - Зачаганск кентi және Деркөл кенттерi
2-нұсқа - Жайық өзенiнiң оң жағалауы аймағының құрылысы
3-нұсқа - қаланың құрылым негiзiн және оның әсер ететiн аймақтарын қалыптастыратын негiзгi жол желiлерiн дамыту бағытын ұсынады (Шаған өзенiнiң аңғары).
Өнеркәсiптiк-коммуналдық аймақтарды дамыту үрдiстерiнiң өсiп отырғандығын ескерiп, Шығыс өндiрiстiк ауданға қатысты мәселе жаңаша қойылуда.
Аумақты функционалдық қайта бағдарлау есебiнен қолайсыз аудандарды түбегейлi өзгертудiң аз да болса мүмкiндiктерi пайда болуда. Шығыс аудан аумағының бөлiгiн босатып алу, қала орталығына көлiк жақсы қатынайтын тұрғын үй құрылысы үшiн iшкi резервтердiң бірi болып табылады.
Резервтегi аумақтан жер сатып алу және
иелiктен айыру басымдығындағы аймақтар
Көп пәтерлi тұрғын үйлер салу үшiн негiзгi құрылыс алаңы болып, қаланың Солтүстiк-Шығыс ауданы қала бермек. Бүгiнгi күнде ол алаңдар болашақта негiзгi бөлу алаңы және қаланың орталығымен жақсы көлiк байланыс қатынасы бар болып отыр.
Бұрынғыша Зашаған кентіндегі игерiлмеген аумақтар жаңа тұрғын үй құрылысы үшiн резервтiң көпшiлiк бөлiгiн құрайды, сонымен қатар шағын қабатты құрылыстар салу үшiн қала аумағының резервiнен шығарылуға қарастырылған аумақ қазiргi уақытта «Мемауылшаруашылық тәжiрибелiк станциясының» иелiгiнде.
Аумақтарды табиғи, техногендiк құбылыстар
мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен
қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту
жөніндегі шаралар
Орал қаласы бойынша өткiзiлген түгендеу мәлiметтерiне сәйкес ауаға және қоршаған ортаға шығарылатын қалдық заттардың көпшiлiгi мынадай өндiрiс мекемелер шығарып отыр: «Орал-Арма» AAҚ, «Жайықжылуқуат» ААҚ, ТЭЦ /жылуқуат орталығы/, Орал локомотив депосы, «Орал Металлист зауыты», Орал қаласының отын қоймасы.
ІІ-ІІІ қауiптi санатты мекемелер құрамына мыналар жатады: «Орал-Арма» AAҚ, «Жайықжылуқуат» ААҚ, ТЭЦ /жылуқуат орталығы/, Орал локомотив депосы, Орал «Металлист зауыты».
Ауаның ластануын тексеру шараларының негiзiнiң бірi - осы бір пунктте өткiзiлетiн ауа сапасының мониторингi болып табылады.
Қаланың ауа бассейiнiн негiзiнен автомобиль көлiктерiнiң азот диоксидінiң шығымы ластайды. Ластау индексi аз болғанымен Бас жоспар бойынша жобада ауа ластануын азайту шаралары қарастырылған. Қоныстану аумағында орналасқан мекемелерге «қалдықсыз» өндiрiске көшу жөнiнде қатаң талаптар қойылып отыр. Металды ыстық күйiнде өңдеумен айналысатын зиянды цехтарды қаланың өндiрiстiк аймағына көшiру қарастырылған.
Қаланың бас жоспарында: қаланың қалдықтарын көму, уытты-тұрмыстық қалдықтарды көму полигонын салу жөніндегі қажеттi шаралар қабылданған.
4. Көлiктiк инфрақұрылымның дамуы
Автомобильдiк көлiк және көше-жол торабы. Бас жоспар жобасында теміржол вокзалы мен автобекеттiң құрамынан көлiк орталығын құру қарастырылуда. Көше-жол торабының тығыздығы мен өткізу мүмкiндiгiн көтеру үшiн негізгi көшелердiң қиылысындағы көлiк құрылысын жөндеу көзделген. Теміржол жолымен қиылыстарына жер үстi жаяу жүргiншiлер өткелдерi мен Жайық, Деркөл, Крутая өзендерiне көпiр салу қарастырылуда. Сонымен қатар, Жайық өзенiнiң екi жағасымен әуежайды болашақ көпiрмен байланыстыратын жаңа автомагистраль құрылысын аяқтау қарастырылуда. Қаланың айналасындағы су магистралы құрылысының жобасын аяқтау қарастырылуда.
Теміржол көлiгі. Жаңа бас жоспарда бүгiнгі теміржол торабын қаланың Қарашығанақ кешенi кәсiпорындарымен байланыс қажеттiлiгiнен туындаған келесi шараларды жүзеге асыру ұсынылады:
- Ақсай-Озинки учаскесiндегі темір жолдарын екiншi жол салу арқылы электрлендiру;
- жаңа терминалмен қоса темір жол вокзал кешенiн салу;
- келешекте салынып жатқан айналма автожол құрылысы бойымен оңтүстiк айналма темір жол магистралын салу;
- көрсетiлген мерзiмнен тыс Орал мен Атырау қалалары аралығында жоғарғы жылдамтықтағы темір жол магистралын салу;
- темір жол бекетi аудандары Пойма мен Деркөл кенттерiнде сұрыпталған темір жол бекеттерiн салу.
Әуе көлiгi. Қаланы Қазақстанның басқа қалаларымен, сонымен қатар алыс және жақын шетелдермен тiкелей байланыстыру үшiн маршрут көлiктерiнiң санын көбейту ұсынылады:
- әуежайдың ұшып-қону жолағын қайта жөндеу мен ұзарту;
- әуежай аумағында халықаралық стандартқа сай жаңа кеден терминалы мен қонақ үй кешенiн салу;
- ұшақ паркiн жаңғырту;
- шойын жол бойындағы ЖЖМ қоймасы Пойма бекетiнен өнiм желісін әуе жайға дейiн салу.
Су көлiгi. Өзен көлi мен жолаушы тасу және жүк айналымының мөлшерiн Атырау қаласы мен Каспий теңiзiне дейiн ұлғайту үшiн, Жайық өзенi арнасын тереңдетiп және тазарту жұмыстарымен қатар қазiргi заман талабына сай қалалық өзен порты құрылысын салу көзделген.
5. Инженерлiк инфрақұрылымды дамыту
Бас жоспар жобасында қаланың инженерлiк инфрақұрылымы жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу берiлген.
Сумен қамту
Қаланы сумен жабдықтау жүйесi екi көзден: жер үстi - Жайық өзенiнен және жер асты - Камен топтық су құбыры желісі арқылы қамтылады. Қалыпты жұмыс жасау үшiн сумен жабдықтау жүйесiнiң 40 жылдан астам уақыт пайдаланудағы сутартқы ғимараттары мен су тарту станциялары жабдықтарын қайта жаңғырту. Iрi өнеркәсiп кәсiпорындарын техникалық сумен жабдықтау үшiн Орал өзенiнiң суы мен өндiрiстiк кәсiпорындары аумағында орналасқан жер асты сулары қолданылады. 2030 жылға дейiн белгiленген мерзiм iшiнде шамамен 300-350 мың қала тұрғындары тәулiгiне 90 мың м3 суды, барлық су көздерiнiң қоры тәулiгiне 104 мың м3 болған кезiнде қолданылады.
Бас жоспардың жобасында жер суаратын су көздерi болып Орал, Шаған, Деркөл өзендерi мен құбырлары қарастырылған. Қала аумағында қазiргi бар, сондай-ақ болашақта салынатын ашық арықтық жүйедегi және жабық суару жүйесіндегі жер суару торабын дамыту ұсынылған. Суару жүйесiне су тарту станциясы көмегiмен су жiберу көзделген.
Су шығару
Бас жоспар бойынша канализация жүйесiн дамыту бөлiмiнде жүйенiң қызметiнiң сенiмдiлiгiн көтеру, жалпы қуаттылығын тәулiгiне 60 мың м3 жеткізу көзделедi. Тұжырымдамада өнiмдiлігі тәулiгiне 50 мың м3 жасанды биологиялық тазартпалы канализациялық тазарту құрылыстарын iске қосу қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі бар канализация жүйелерi мен құрылымдарын қайта жөндеу, импорт алмастырудың жаңа технологиясы бойынша диаметрi 200-1200 мм керамикалық, шойын, пластикалық тұрбалардан жаңа коллекторлар құрылысын жүргiзу көзделедi.
Электрмен жабдықтау
Қаланы электрмен жабдықтаудың негiзгi көзi белгiленген қуаттылығы 32 Мвт Орал жылу электр орталығы болып табылады. Қазiргi уақытта қуаттылық жетiспеуiне байланысты жылу электр орталығында қуаттылығы 28,52 Мвт газотурбиналық электрстанциясы салынуда.
Болашақта электрэнергиясының тапшылығын жою, қаланың батыс бөлiгiнде жобаланып отырған бөлек орналасқан газотурбиналық электрстанциясы құрылысын салу есебiнен толықтырылады деп жоспарланып отыр.
Газбен жабдықтау
Қала негiзiнен табиғи газбен жабдықталады. Газбен жабдықтаудың негiзгi көзi - Қарашығанақ газ конденсат орны болып табылады. Қазiргі кезде қала бойынша газдың жалпы шығысы жылына 326 млн. м3 Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейi 92 пайыз. Сұйытылған газ көбiнесе өндiрiстiк кәсiпорындардың технологиялық қажеттiлiктерiне берiледі. Сұйытылған газдың шығыны жылына 170 тонна құрайды. Бас жоспардың есептеу мерзiмiне тұрғындардың, өндiрiстiк кәсiпорындардың және басқа да жылу тұтынушылардың қажеттiлiктерiне кететiн газ шығыны шамамен жылына 710 млн. м3.
6. Бас жоспарды iске асыру және оның мониторингі
Бас жоспарды жүзеге асыру және оның мониторингiн Орал қаласын дамытуды қамтамасыз ететiн Орал қаласының атқарушы органы iске асырады.
Орал қаласының әкiмдiгi бас жоспардың жүзеге асырылуы туралы қалалықтарды үнемi хабардар етiп отырады. 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған бірiншi кезектi қала құрылысы шаралары жоспарын жүзеге асыру нәтижесiнде бас жоспарға түзетулер енгізу қажет.
Бас жоспарды, ал қажет болған жағдайда - Орал қаласының қала құрылысын дамытудың негізгi бағыттарын түзету есептi кезеңнiң iшiнде әр 5 жыл сайын жүргiзiледi.
«Орал қаласының бас жоспары»
жобасының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi
| Көрсеткiштер | Өлшем бірлiгі | Бастапқы жыл - 2001 жыл | Құрылыстың бірiншi кезегi - 2005 жыл | Есепті мерзiм - 2015 жыл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Аумақ |
| 1.1 Қаладан тыс аумақта- ғы қала жерлерiнiң жалпы көле- мi, барлығы | га | 19733.43 | 20266.73 | 20880.73 |
| Соның iшiнде: - Tұрғын-үй құрылыстары | га | 1392.83 | 1593.94 | 3322.02 |
| олардың iшiнде: -үй-жайлық құрылыстар - 2-3 қабатты көп пәтерлi үйлер - көп қабатты көп пәтерлi үйлер | га га га | 898.87. 93.86 93.86 | 1593.94 1022.31 142.96 | 3322.02 2064.86 595.45 |
| - Қоғамдық құрылыстар | га | 335.59 | 391.0 | 557.24 |
| - Селитебтi аумақтағы қорлар | га | 338.68 | 137.68 | 141.65 |
| - Жалпы қолданыстағы көгалдық жерлер | га | 71.70 | 356.47 | 739.84 |
| - Көшелер, жолдар, өткелдер | га | 687.77 | 837.08 | 1441.00 |
| - Өзге аумақтар | га | 1155.76 | 1254.38 | 1550.24 |
| Соның iшiнде: -өндiрiстiк кәсiпорындар -коммуналды қоймалық -транспорттық | га га га | 497.64 406.48 251.64 | 543.11 411.86 269.41 | 679.52 548.00 322.72 |
| - Бос, қолай- сыз жерлер және т.б. | га | 822.21 | 690.21 | 412.59 |
| - Қала ішiндегі транспорттар мен темір жолдары аумағы | га | 74.48 | 79.70 | 79.70 |
| - Сулы аумақтар | га | 1400.0 | 1564.04 | 1564.04 |
| - Арнайы аумақтар - Бейiттер | га | 79.15 30.27 | 104.65 30.32 | 81.00 65.00 |
| - Қоқыс тастайтын жер | га | 93.2 | 119.5 | 151.2 |
| - Ауыл шаруашылығы жерлерi | га | 4835.29 | 4710.80 | 1761.03 |
| - Ормандар | га | 7529.18 | 7529.18 | 7726.22 |
| - Орман питомнигi | га | - | 484.44 | 484.44 |
| - Бақ, дача, баубақша телiмдерi соның iшiнде: қаланың өзiнде | га мың адам | 886.78 210.0 | 857.78 225.0 | 838.0 270.0 |
| 2. Тұрғындар |
| 2.1. Қалаға қарайтын мекендердiң тұрғындарын қоса есептегенде | мың адам | 215.0 | 225.0 | 270.0 |
| 2.2. сели- тибтi аумақ iшіндегі тұрғындардың тығыздығы | адам/ га | 46.7 | 44.7 | 33.5 |
| 2.3. Тұрғын- дардың жас мөлшерi құрылымы - 0-15 жасқа дейiнгi балалар - еңбекке жарамды жастағы тұрғындар - еңбекке жарамды жастан асқан тұрғындар | мың адам/% | 50.4/24.0 128.6/61.25 31.0/14.75 | 53.65/23.84 137.55/61.16 33.8/15.0 | 60.12/22.26 166.68/61.74 43.2/16.0 |
| 2.4. Тұрғын- дардың еңбек құрылысы - қаланы құрайтын топ - қызмет көрсетушi топ - тұрмысы төмен тұрғындар | мың адам/% | 41.8/19.9 24.0/11.4 144.4/68.7 | 46.7/20.8 27.9/12.4 150.4/66.8 | 65.5/24.3 46.0/17.0 158.5/58.7 |
| 3. Тұрғын үй құрылысы |
| 3.1. Тұрғын үй қоры, барлығы | Жалпы жердiң мың м2 | 3853.9 | 4175.46 | 6388.12 |
| 3.2. Тұрғын- дардың жермен орташа қамта- масыз етiлуi | м2/адам | 18.3 | 16.55 | 23.66 |
| 3.3. Қабат бойынша тұрғын үй қорының таратылуы - 1-қабатты - 2-3 қабатты - 4-5 қабатты - 9-14 қабатты | мың шаршы метр (м2) | 3853.9 904.0 463.0 1604.28 882.62 | 4175.46 1021.64 514.92 1617.28 1021.62 | 6388.12 1824.64 1260.91 1787.62 1514.95 |
| 3.4. Жаңа тұрғын үй құрылысының қабат бойынша ара қатысы - 1-қабатты - 2-3 қабатты - 4-5 қабатты - 9-14 қабатты | Мың шаршы метр/% | | 327.36/1000 123.44/37.7 51.92/15.8 13.0/4 139/42.5 | 2352.26/100 819.0/34.8 853.99/36.3 185.94/7.9 493.33 |
| 3.5. Тұрғын үй қорының кезеңдік кемуi | мың шаршы метр | | 5.8 | 139.6 |
| 3.6. Тұрғын үй қорының бір жыл iшiнде кемуiнің орташа есебі | мың шаршы метр | | 1.45 | 14.0 |
| 4. Әлеуметтiк-тұрмыстық бағыттағы мекемелер |
| 4.1. Мектеп жасына дейiн- гi балалар мекемесi, барлығы/1000 адамға | орын | 4550/21.6 | 4740/21 | 8365/31 |
| 4.2. Жалпы білім беру мекемелері, барлығы/1000 адамға | орын | 32245/153.4 | 38511/153.4 | 49220/182.3 |
| 4.3. Ауруха- налар, барлы- ғы/1000 адамға | керует | 12750/60.7 | 11100/49.3 | 15600/57.7 |
| 4.4. Емхана- лар, барлығы/ 1000 адамға | кезек- пен баруы | 3540/16.84 | 4110/18.3 | 10650/39.44 |
| 4.5. Дүкен- дер: барлық сауда алаңы/ 1000 адамға | мың шаршы метр/ шаршы метр | 36.2/172.0 | 50.2/223.0 | 81.2/301.0 |
| 4.6. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорында- ры, барлығы/ 1000 адамға | отыру орны | 252/10.7 | 2585/11.5 | 11910/44.1 |
| 4.7. Клубтар, мәдениет сарайлары, барлығы/1000 адамға | орын | 1720/8.2 | 1720/7.64 | 6720/25 |
| 4.8. Театрлар мен концерт залдары, барлығы /1000 адамға | орын | 1370/6.5 | 1720/7.6 | 2850/10.6 |
| 4.9. Қонақ үйлер, барлығы/1000 адамға | орын | 840/4.0 | 840/3.7 | 1620/6.0 |
| 4.10. Тұрмыс- тық қызмет көрсету мекемелерi, барлығы/1000 адамға | Мың жұмыс орны/ орын | 0.26/1.24 | 0.36/1.6 | 2.26/8.4 |
| 4.11. Мүге- дектерге және қарт- тарға ар- налған еңбекке жарамды ету орталықтары- ның интернат -үйлері, барлығы/1000 адамға | орын | 610/2.9 | 794/3.5 | 794/2.9 |
| 4.12. Ақылы кем дамыған балаларға арналған балалар үй-интернат- тары, барлығы /1000 адамға | орын | 201/0.95 | 352/1.5 | 352/1.3 |
| 4.13.Психо- неврология интернаттары, барлығы/1000 адамға | орын | 101/0.48 | 101/0.44 | 131/0.48 |
| 4.14. Медици- налық-әлеуме- ттiк оңалту орталығы, барлығы/1000 адамға | керует | 30/0.14 | 30/0.13 | 50/0.18 |
| 5. Қалалық көлiк және жалпы қалалық мәнi бар магистралдар |
| 5.1. Қала транспортының жол ұзақтығы соның iшiнде: троллейбус автобус | Екi есе жол км. | 92 92 | 116 116 | 256 80 176 |
| 5.2. Көшелер мен магист- ральдардың желiс ұзақтығы соның ішінде: жалпы қалалық мәндегі магистральдар | км | 379 62 | 379 64 | 450 72 |
| 5.3. Қала салу iшiнде- гi көше желісінiң тығыздығы соның iшiнде жалпы қала- лық мәндегі; магистральдар км/шаршы км. | км/км2 | 8.4 1.4 | 7.6 1.3 | 5.6 0.9 |
| 6. Инженерлiк құрал-жабдықтар |
| 6.1. Сумен жабдықтау | | | | |
| 6.1.1. Барлы- ғын тұтыну есебi, соның iшiнде: - шаруашылық- ауыз су - өндiрiс қажеттiлiк- терiне | мың м3/тәулік | 61.007 38.584 22.423 | 82.036 62.091 19.945 | 121.001 94.934 26.067 |
| 6.1.2. Орта тәулiктiк тұтыну 1 адамға, оның iшiнде: - шаруашылық- ауыз су қажеттiлiк- терi | л/тәу- лiк | 330 184.0 | 456 276.0 | 458 352.0 |
| 6.2. Кәрiз | мың м3/тәу- лiк | 27.98 | 58.65 | 93.18 |
| 6.2.1. Ағынды сулардың жалпы түсiмi, оның iшiнде: - тұрмыстық - өндiрiстiк кәрiз | | 25.39 2.59 | 54.05 4.60 | 85.26 7.92 |
| 6.3. Электр- мен жабдықтау 6.3.1. Электр қуатына сұра- ныстың болжамы | | | | |
| Электр қуатын тұтыну есебі, соның iшiнде: -коммуналды- тұрмыстық қажеттілік- терге; -өндiрiстiк қажеттілiк- терге; | мВт | 227.2 111.8 69.8 | 342.8 181.7 91.7 | 523.2 285.1 136.8 |
| 6.3.2. Электр қуатын бір адамның жылы- на орташа қолдану есебі, соның iшiнде: -коммуналды- тұрмыстық қажеттiлiк- терге | кВт сағ. | 1080 | 1520 | 1940 |
| 6.4. Жылумен жабдықтау | | | | |
| 6.4.1. Максималды жылу қуаты | Гкал/ сағ. | 1047 | 1215 | 1495 |
| Вентиляция мен жылу қажеттiлiгi, барлығы Соның iшiнде: -коммуналды- тұрмыстық қажеттiлiк- терге -өндiрiстiк қажеттiлiк- терге | Гкал/ сағ. | 855 640 215 | 940 675 265 | 1178 887 291 |
| 6.5. Газбен жабдықтау 6.5.1. Табиғи газды тұтыну, барлығы соның iшiнде: -коммуналды- тұрмыстық -өндiрiстiк қажеттiлiк- терге | Млн. м3/жыл | 326 56 270 | 396 66.5 330 | 710 80 630 |
| 7.Аумақтарды инженерлiк дайындау |
| 7.1. Жайық, Шаған, Деркөл өзендерiнiң жағаларын бекіту | км | | 2.3 | 19.4 |
| 7.2.Топырақты бөгеттер | км | | 1.2 | 4.75 |