Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 127 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1362 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары бекітілсiн.
2. «Орал қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 30 қыркүйектегi № 443 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 10 ақпандағы
№ 127 қаулысымен
бекітілген
Орал қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың мiндетi
Орал қаласының 2015 жылға дейiнгi есептi мерзiмге арналған және 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi болжамды Бас жоспары (тұжырымдама) қаланың тiршiлiк етуi мен тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғатты және мәдени мұраны сақтау мақсатындағы Орал қаласының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгi құжаты болып табылады.
Бас жоспар - қалалық инфрақұрылымның дамуы, табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үйлердi қайта жасақтау және өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, iскерлiк және мәдени орталықтарды, туризм мен демалыс объектілерін дамыту, кешендi көркейту және қалалық ортаны эстетикалық ұйымдастыру, Орал қаласының әкiмшiлiк аудандары аумақтары мен басқа да аумақтық бірлiктерiн дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға арналған алғашқы кезектегi және перспективалық бағдарламалар жасау және жүзеге асырудың негiзi.
2. Әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi
Демография
2015 жылға дейiнгі болашақ демографиялық үрдiстердiң динамикасы қоғамдық дамудың дәстүрлi қалыптасқан барлық факторларының, сонымен бірге қоғам өмiріндегі жаңа қалыптасып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерістердiң әрекеттестігінен анықталады.
Орал қаласының демографиялық дамуының сипаты халықтың табиғи және миграциялық қозғалысымен анықталып, оның көлемi мен бағыты келесi әлеуметтiк-экономикалық өзгерістер нәтижесiмен байланысты болады:
қаланың экономикалық потенциалының дамуынан;
тұрғын-үй нарығының дамуынан;
жұмыспен қамтылуы және еңбектiң төленуi деңгейiнен;
мемлекеттік және жергiлiктi әлеуметтiк саясаттан және басқа факторлардан;
Еңбек теңгерiмi әдiсiмен жүргiзiлген есеп қала халқы санының 2015 жылы 270 мың адамға дейiн өсетiнiн белгiледi. Қаланың 2000-2001 жылы қалпына келтiрiлген экономикалық әлеуетi адам санының жалпы өсімін 50 мыңға дейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бepедi. Қала халқының 2001-2015 жылдарға дейiн 2016-2030 кезеңге арналған өсу қарқынының экстраполяциясы халықтың жобалық санын 350 мың адам деңгейiнде жоспарлайды.
Азаматтық-тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй ортасын жинақты қалыптастырудың негiзгi бағыты тұрғын үймен қамтамасыз етудi орта есеппен 1 адамға 23,66 шаршы метрге жеткізу, қаланың жалпы тұрғын үй қорын 6,4 млн. шаршы метрге өсiру. Құрылыс бос жатқан аймақтарда, ескi тұрғын үйлер орындарында жүргiзiледi және бұрынғы жүргiзiлген құрылыстар шоғырланады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесi бүкiл мерзiмдегi жалпы тұрғын үй көлемiнiң 27% құрайды.
Тұрғын үй ортасының дамуы Солтүстiк-Шығыс аудандағы және жоспарланған Орталық ауданның солтүстiк бөлiгiнде көп қабатты кешендер құрылысын аяқтауға бағытталады. Мұнда муниципалды тұрғын үй тұрғын үй қоры, айырбас қоры құрылады, сонымен қатар ипотекалық құрылысы өркендейдi. Солтүстiк-Шығыс жоспарланған ауданында негiзiнен, күрделi құрылыстан бос аумақтар орналасқан. Орталық бөлiктегi көп қабатты кешен құрылысының қажеттiлiгi ұсақ ауданда үй-жай құрылысының бұзылған құрылымымен жүйесiз, жобалау құжаттардың контексiнен тыс магистральды инженерлiк жерлер салу, жекелеген бес қабатты тұрғын үйлердi орналастыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл аумақтардың жоғарғы қала құрылысы құндылығы мұнда ипотекалық тұрғын үй салудың тиiмдiлiгiн көрсетедi.
Жеке тұрғын жайдың сапасы мен тығыздық сипаттамалары және аса iрi масштабты құрылыста қала құрылысы талаптарын бірiктiретiн блоктардан шағын қабатты үйлер құрылысына басымдық берiледi.
Бұл құрылыс композициялық жағынан аса маңызды жерлерде бас магистральдар бойындағы құрылыстарды аяқтау үшiн және табиғи-ландшафт жағынан құнды аумақтарда ескi үй-жайларды бұзу, сонымен қатар сол мекендi біртiндеп өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық қызметi
Орал қаласы экономикалық қызметiнiң салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылады, оның iшiнде:
ғылым, білім, мәдениет және жоғарғы техникалық өнеркәсiп рөлiн сақтау;
өнеркәсiптiң, іскери және әлеуметтiк инфрақұрылым, туризмнiң салаларын дамытуды ынталандыру;
экологиялық қауiптi және қуатты өндiрiстердi қайта ұйымдастыру.
Материалды өндiрiстiң салалық аясын қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылыми және қор сақтаушы технологиялар пайдасына жүргiзу ұсынылады.
Экономиканың мемлекеттік және жеке секторлары бұдан әрi тиiмдi үйлестiру және өзара бірлесе жұмыс жасауды жоспарлануда.
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы
Қаланың экономикалық қызметiнiң жаңа саласы - туризмге қызмет етуге арналған рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың кешендi қалалық бағдарламасын Орал қаласының тарихи-мәдени мұраларының және қоршаған бірегей табиғатының әлеуетiн пайдаланушы, тарихи мұралар мен табиғи әлеуеттi сақтау, жаңғырту және қайта жасақтаудың қаржылық мәселелерiн түбегейлi шешетiн қала экономикасының жаңа тиiмдi секторын құру мақсатына арналған.
Бағдарламада мыналар қарастырылған:
- туристiк көрсетiлiм және спорттық-ойын-сауықтың және сауықтыру, объектілерін дамыту;
- қонақ үйлер желiлерiн, тұрмыстық-сауда және ақпараттық қамту объектiлерi желiлерiн, туристiк бюро, көлiк агенттiктерiн дамыту;
- темір жол бекетiнде, әуежайда туристердi көлiкпен қамту жүйесiн дамыту, парктер мен арнаулы көлiктерге қызмет көрсету және автомобильдердi жалға беру кәсiпорындарын дамыту, туристiк аймақтарда автотұрақ сыйымдылығын ұлғайту.
3. Орал қаласы бac жоспарының мақсаты
Орал қаласы қала құрылысы дамуының басты жоспарының мақсаты - қаланың тұрақты дамыту, орталықтардың қазiргi және болашақ ұрпағының өмiр сүруi үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету былайша сипатталады:
- тiршiлiк ету ортасының экономикалық қауiпсiздiгi және табиғи кешенiнiң орнықтылығы;
- қала құрылысы шешiмдерiнiң мәдени сабақтастығы, кеңiстiк бірлiгi, әсемдiк мәнерлiгi;
- көлiк және инженер инфрақұрылымдардың қауiпсiздiгi мен берiктiгi;
- тұрғын үй мәселесiн шешудiң кешендiлiгі, тұрғын үй аумақтарын дамыту мен қайта жаңғырту және тұрғын ортаны қалыптастыру;
- өндiрiстiк аумақтарды қолдану тиiмдiлiгi;
- қоғамдық орталықтар жүйесiнiң дамығандығы және қолжетiмдi болуы.
Көрсетiлген мақсатқа жету Орал қаласының аумақтарын көркейту қайта ұйымдастыру, құрылыстың қайта жаңарту, тiршiлiк әрекетiнiң сапалы сипаттамаларын арттыру арқылы жүзеге асуы тиiс.
Экологиялық талаптар
Орал қаласы қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына мыналар жатады:
- экологиясы жайсыз аймақтарда тiршiлiк ету ортасын сауықтыру;
- қолда бар табиғи кешен аумақтарын жағымсыз әсерлерден қорғау, сонымен қатар, резервтiк аумақтарда жаңа жасыл массивтердi қалыптастыру;
- тiршiлiк ету орталарының жайлылығын арттыру, оның iшiнде қаланың тұрғын үй және қоғамдық аумақтарында көгалдандыру аумақтарды көгалдандыру, сондай-ақ мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайларды жақсарту.
Орал қаласы қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарын орындауға қажеттi жағдайлар:
- энергетика саласына экологиялық таза, қалдықты аз шығаратын және қалдықсыз технологияларды енгізу;
- сұйытылған және сығылған газбен жүретiн автомобильдердiң санын көбейту арқылы пайдаланылатын мотор отыны түрлерiнiң құрылымын өзгерту;
- ауыз су сапасы стандарттарының сақталуын, өндiрiстiк және коммуналдық ағынды суларды және сыртқы науаларды тазартуды қамтамасыз ету;
- үздiксiз қозғалысты автомагистральдарды салу;
- жүк көлiгi және аралас қозғалыс басымдығындағы айналма автомагистральдарды салу;
- өндiрiстiк және тұрмыстық қатты қалдықтарды толықтай өңдеу және залалсыздандыру.
Аумақты қорғау және қаланың тұрақты
түрде дамуын қамтамасыз ету шаралары
Тұрақты жұмыс iстеудi арттыру және Орал қаласы тұрғындарын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жобада төмендегiдей қала құрылысы шаралары қарастырылған:
- қала аумағын аса нақты аймақтандыру;
- iрi қойма терминалдары мен материалды-техникалық жабдықтау базаларын қоныстандыру аймақтарынан шығару және теміржолдардың бойына орналастыру;
- төтенше жағдайлар болған кезде тұрғындарды көшiруге қолданылатын өзен жағалауларын көгалдандыру;
- көше-жол желісін әрi қарай дамыту және оның негiзiнде жалпы қалалық тұрақты қызмет желісін құру.
«Қазақстан Республикасындағы қала салу жобаларын келiсу және бекіту, өңдеу ретiнде, құрамы жөніндегі нұсқауларға» сәйкес бас жоспардың құрамында аймақты инженерлiк қорғау бөлiмi мен сызбасы игерiледi. Орал қаласының бас жоспарының осы бөлiмi мен сызбасында қала аймақтарын Жайық, Шаған және Деркүл өзендерiнiң тасқын суларының су басуларынан қорғау және Жайық пен Шаған өзендерiнiң жағаларын бекіту жөнiнде ұсыныстар берiлген және сарапталған. Мысалы, жағалауды 10 км темірбетонмен бекіту, 3 км шпунтты тақтай қабырға, 8,7 км жағалау құрылысы ұсынылады. Аймақтарды тасқын сулардың су басуынан қорғау мақсатында 5,95 км жердi опырып бөгеттер жасау, 2,6 км темірбетон бекiнiсi ұсынылады. Ұсынылып отырған жаңа бөгет және бұрынғы бөгеттi тасыған судың ең көп шығынына сәйкес деңгейден 0,3 м биiктiкте жобалау көзделiп отыр. Жоғарыда аталған iс-шаралар түсiндiрме жазбада (3-кiтап 218-222 беттер) сызбасы шикiзат кестелер альбомында «Аумақты инженерлiк дайындау» сызбасында суреттелген. Бас жоспарда ескi және iстен шыққан тұрғын үй қорын ығыстыру қаланың негізгі магистральдары бойында көп қабатты тұрғын үйлер салу, шағын қабатты үйлер салуды дамыту ұсынылады. Қаланың орталық бөлiгi Достық даңғылы, Фурманов, Шаған жағалауы, Әйтиев көшелерiнiң бойында алғашқы салынған аудандар, Жайық пен Шаған өзендерiнiң бағалы аймақтарын қазiргі уақытта жоқ болып отырған Орал қаласының өзен фасадын қалыптастыру құрылысын табиғи зерттеулер көрсеттi. Резервтегi аумақтар ретiнде зардап шеккен тұрғындарды уақытша орналастыру үшін Желаев өндiрiстiк аумағында Кутяков көшесiнiң жалғасында шығыс бағыттағы бос жатқан аймақтар берiледi. Екiншi нұсқасы (тұрғындар уақытша орналастырылады деп есептеп) С. Датов, Шолохов көшелерi және бас жоспар авторының зоопарк салуға ұсынған үшбұрышы. Резервтегi жылу мен қуатпен қамтамасыздандыру көздерiн орналастыру учаскесi ретiнде 2 нұсқа (бас жоспарға сәйкес, 4-кiтап 161-бет) ұсынылады.
Негiзгi - қаланың солтүстiк-шығыс бөлiгіндегі қуаты 160 Мвт газтурбиндi қуат стансасы құрылысына бос жатқан аймақтағы бұрыннан бар, газкомпрессорлы стансасы ауданы ұсынылады.
Резервтi - қаладан Атырау тас жолына шығатын газтурбинды қуат стансасы құрылысы «Уральская-220» шағын стансасы бар аудан. Соңғы нұсқада қалаға дейiн жылу құбырын жүргiзу қажет болады.
Тұрғындардың барлық санаттарын (мүгедектердi және шағын топтарды қоса есептегенде) тиiмдi жағдайларымен және мүмкiндiк құралдарымен қамтамасыз ету өте төменгi сатыда қаралуда. Соның iшiнде жеке кіру есiгi мен бөлме, аса қажеттi пандус сияқты элементтерді қарастыратын тұрғын үй мен әлеуметтiк мәдени объектiлер жобалары бар. Бас жоспарды игеруде авторлар тұрғындар үшiн мүмкiндiк құралдары мен тиiмдi жағдайларды ескерiп, тұрғын аудандарды мен өндірістік аумақтарды тиiмдi және ыңғайлы дамыта отырып орталықтың тармақталған жүйесiн және дамыған көше-жол торабын ескерген.
Орал қаласының бас жоспарын игеру деңгейінде авторлар «Қазақстан Республикасындағы қала салу жобаларын бекіту және келісу, өңдеу ретiнде, құрамы жөніндегі нұсқаулары» көлемiнде ҚР ҚҚжЕ 3.01-01-2002 «Қала құрылысы. Қалалық мен ауылдық жердегi құрылыс және жобалауға» сәйкес тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен мүгедектердi және басқа да шағын топтарды емдеу мен сауықтыруға ерекше көңiл бөледі. Тұрғындардың демографиялық құрамы болжамы және жыныстық жас құрылым сараптамасын ескере отырып бас жоспарға сәйкес құрылыстарын салу ұсынылады:
- еңбек және соғыс ардагерлерi мен қарттар үшін интернат-үйлер;
- дене кемiстiгi бар ересек мүгедектер үшін интернат-үйлер;
- психоневрологиялық интернаттар:
- ақылы кемiс балаларға арналған интернат-үйлер;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлерді мен жалғыз бастыларға арналған арнайы үйлер мен пәтерлер топтары:
- мүгедектердi сауықтыру орталығы;
- медициналық-әлеуметтiк сауықтыру орталығы ұсынылады.
Деркүл ауылындағы қарттар үйлерiн жаңа заман талабына сай қарттарға арналған қалашыққа айналдыру жоспарланып отыр.
Тарихи-мәдени мұраларды қайта қалпына келтiру
мен сақтауға қойылатын талаптар
Орал қаласы құрылысы дамуының негiзгi бағыттары қаланың тарихи-мәдени мұраларын сақтау және қайта қалпына келтiруде төмендегідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс:
- қала құрылысы және сәулет құралдарымен көше, алаң және кварталдардың тарихи желiлерiн, қала құрылысы жарасымдылығының тарихи жүйесiн, жылжымайтын мәдени ескерткiштер, құрылыс және жайландырудың тарихи сипатын қоса алғанда, қаланың барлық тарихи табиғи-ландшафтық, жоспарлы, композициялық, қазба негiздерiн сақтау, айқындау және назар аудару;
- тарихи қалпын басқаларына қарағанда жақсы сақтаған кварталдар мен көшелерге «қорық аумағы» мәртебесiн беру;
- жылжымайтын мәдени ескерткiштер аумақтары үшiн көрсетiлген аумақтар мен аймақтарда қала құрылысы қызметiн реттеудiң режимдерi мен шекараларын белгiлейтiн оларды қорғаудың құқықтық қала құрылысы кестесiн белгiлеу және сақтау;
- тарихи табиғат ландшафтарды қорғау аймақтары үшiн көрсетiлген аймақтың шекараларын және осындай ландшафттарды қорғауды және көзбен қабылдауға тиiмдi жағдайларды қамтамасыз ететiн шекаралар шегiнде қала құрылысы қызметiн реттеу режимдерiн белгiлейтiн құқықтық қала құрылысы кестелерiн белгiлеу және сақтау;
- жылжымайтын мәдени ескерткiштердi қалпына келтiру және қайта өңдеу, анықтау және есепке алу жұмыстарының көлемiн көбейту.
Табиғи кешен аумағын дамыту мен сақтаудың
негiзгi бағыттары
Орал қаласының табиғи кешенi табиғатты сақтау, рекреакциялық, сауықтыру және басқа функциялардан, соның iшiнде қала ортасын қазiргi заман келбетiне сай жасау, оған су кеңiстiктерiн және көгалданған жайылма шалғындардың, орман алаптарының, барлық табиғат ландшафтарының, өсiмдiктер мен су нысандарының жиынтығын құрайды.
Табиғи кешен аумағын сақтаудың және дамытудың негiзгi бағыттары төмендегiдей мәселелердi қарастырады:
- Орал қаласы және қала маңы аймақтарындағы табиғат кешенiнiң тұтастығын сақтау;
- қала құрылымында көгалдандыру элементтерiн құру;
- әртүрлi иерархиялық деңгейдегi рекреакциялы аймақтарды қалыптастыру;
- қаланың дамуының бас жоспарын дайындау кезiнде қала аудандарын және нақты аумақтарды бөлшектi жоспарлау жобасына бұрыннан бар табиғи кешендi барынша сақтай отырып, жобалардың экологиялық бөлiмiнiң талаптарын ескерту;
- табиғи кешеннiң аумағын ұлғайту.
Аумақтың сәулеттiк жоспарын ұйымдастыру
Бас жоспарда қаланың әрi қарай дамуы негiзiнен қала iшiнде, қалаiшiлiк аумақтарды қарқынды қолдану арқылы қарастырылады. Осыған орай, қаланың қызметтік құрылымын негізгі үш магистраль түрiнде ұйымдастыру арқылы күшейту қарастырылған:
- солтүстiк бағыт - екi құрамдас бөлiгiмен Кутяков көшесi бойымен - Кутяков көшесiнен С.Тюленина көшесi бойымен Самарское және Евразия даңғылы бойымен және Кутяков көшесi Бузулук трассасымен;
- оңтүстiк-батыс бағыты - екi құрамдас бөлiгiмен Зашаған Саратов трассасы бойымен батысқа қарай;
- оңтүстiк бағыт - Атырауға.
Бұның өзiнде қала орталығымен байланыс Пугачев көшесi мен Евразия даңғылының жаңа жалғасымен жүзеге асырылады. Қайтадан жаңғыртылған Айтиев көшесi (қоғамдық пайдалану магистралы) Пугачев көшесiне шығатын Кутяков көшесiнiң жалғасы болуы тиiс. Қаланың солтүстiк бөлiгiнде төрт жоспарлы аудан: Солтүстiк, Солтүстiк-шығыс, Шығыс, (теміржол магистралының оң жағы) және жаңа жоспарлы Мичурин ауданы дамып келедi. Басқа да жоспарлы аудандар - Зачаган және Деркөл қаланың негiзгi бөлiгiнен Шаған өзенi жайылмасында ландшафты-рекреациялық аймақ арқылы бөлiнген. Шығыс жоспарлы ауданын қайта құруда қала құрылымына жергiлiктi жердiң басты табиғи ландшафт элементi - бұрын қала құрылысы концепциясында қолданылмаған Орал өзенiн ендiру қарастырылған. Осы мақсаттарда қала iшiн кеңейтiп, өзен жағалауынан және қалаға кiреберiс жағынан оның сыртқы келбетiн көркейту жұмыстарын жүргiзу көзделiп отыр.
Жалпы қала орталығын және қол жетiмдiлiгiн дамытуға қол жеткізу - қаланың жаңа көлiк кестесiн дамыту (Айтиев, Фурманов, Кутяков көшелеріндегі), қазiргi көлiктiк және байланыс жүйелерiн дамыту, сонымен қатар жалпы қалалық орталықтың солтүстiк бөлiгiнде көлiктiк-аялдамалық торапты қайта жөндеу арқылы жүзеге асырылады.
Зачаганск кентiнде Анисимов көлi аумағында ботаникалық бағы бар рекрационды кешен негiзiнде жоғарғы оқу орны орталығын дамыту қарастырылуда. Деркөл кентiн нашақорлықтан сауықтыру орталығы және қарттар үйi орналастырылатын негiзгi медициналық орталыққа айналдыру белгiленедi.
Талдау және ұсынылған бас жоспар жобасында берiлген қала құрылысы бағалар қорытындыларына сәйкес, төмендегi негiзгi қалыптасқан: солтүстiк-шығыс, оңтүстiк-батыс және солтүстiк-батыс бағыттарды дамытуға басымдық берiлген. Бұның өзiнде Зачаганск кентiде Атырау және Самара трассаларының екi жағымен құрылыстардан бос аумақтарды қоныстану аумақтарына айналдыру қарастырылған. Деркөл кентiнде теміржолдың батыс және оңтүстiк беттеріндегі ағаштарды кесiп, жаңа құрылыс жерлерiн дайындау көзделедi. Зеленов ауданы аумағында орналасқан Мичурин кентiн Орал қаласына қосу арқылы қаланың оңтүстiк және солтүстiк аумақтары кеңейтiледi.
Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары
Қоғамдық аумаққа қызмет көрсету, мәдениет, демалыс, туризм, білім, әкiмшiлiк және iскерлiк саладағы жұмыс орындарының негiзгi тобы шоғырланған, ол қала аумағының негiзгi функционалдық және архитекторлық-өндiрiстiк шоғырлану сұлбасын құрайды.
Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары төмендегiлердi қарастырады: жалпы қалалық қоғамдық орталықтар аумақтарының бір жүйелiлiгiн дамыту, тұрғындарға қызмет көрсететiн орталықтардың көп функциональды жүйесiн дамыту.
Қала қоғамдық орталықтарының болашақ құрылымын ҚҚО-тың бос элементi ретiнде орталық, сонымен бірге жоспарланған аудан орталықтары, қаланың маңызды көлiктiк-байланыс желiлерi құрайды.
Қала орталықтары жүйесiнiң (ҚҚО және мамандандырылған) ерекшелiгi - оның қаланың бар аумағына әсер етуi оның топтық жүйеде орналасуы.
Қаланың орталығының жетекшi қызметi бұрынғыша әкiмшiлiк-iскерлiк және мәдени-ағартушылық қызметтер болып қалуда, мәселен, Орал қаласы бұрынғыша облыстық саяси-әкiмшiлiк және қоғамдық-мәдени орталығы рөлiн атқарады. Қала орталығының басты кiндiгі, әкiмшiлiк-iскерлiк орталығы болып қалыптасқан Достық-Дружба даңғылының бойы ашық қоғамдық кеңiстiктi жетiлдiру мен қаланың басты форумын орналастыруды акценттендiру, сәулет доминанттарын қалыптастыру арқылы дамитын болады.
Орал қаласы аумағындағы қала құрылысын аймақтандыру
Орал қаласының басты жоспарында аумақты қала құрылысын салуды аймақтандыру ҚНжЕ 207.01-89 «Қала құрылысы» және ҚНжЕ ҚР Б.1-7.97 сәйкес белгiленедi. Бас жоспар аумақ деңгейiнде қала құрылысын салудың кадастрлық секторларында аумақтар деңгейiнiң пайдаланылу талаптарын белгiлейдi. Қала аумақтық бірлiктерiнiң магистральды көшелердiң қызыл жолақ есебiнен шектелген шекарасы, табиғи кешен аумақтары шекарасы, өзге де шекаралар Орал қаласы аумағының қала құрылысы кадастрлық секторы болып табылады.
Қала құрылысын салудың кадастрлық сектордың функционалдық бағыты оның шекарасындағы рұқсат етілген алаң, тұрғындары бар учаскелер, қоғамдық, өндiрiстiк, табиғи нысандардың ара-қатынасына қарай белгiленедi.
Қала құрылысы кадастрлық секторлары аумақтарының белгіленген функционалдық бағыты Орал қаласының қала құрылысы дамуының мақсаттарына, талаптарына және негізгі бағыттарына сәйкес қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру кезiнде қала аумағын пайдалануды қамтамасыз етудiң заңды құралы болып табылады.
Қала құрылысы кадастрлық секторлар аумағының белгiленген қызметтiк қолданысы облыстағы қала құрылысы және жер учаскелiк қолданудағы шешiм қабылдауда жергiлiктi органдарға мiндеттi болады. Қала құрылысы кадастрлық сектор аумағының белгiленген қызметтік қолданысына кедергi жасайтын қала құрылысы қызметi ҚНжЕ 2.07.01-89 «Қала құрылысымен» тыйым салынады.
Қаланың бас жоспарының сызбаларында режимдiк шектеу аймақтары ретiнде Орал қаласының су қорғау аймақтары мен белдеулерi анық көрсетiлген.
Жобалау тапсырмасында қала маңындағы аумақтар аймағын бөлiп көрсету келісілмеген. Орал қаласының «Қаланың даму тұжырымдамасы» бас жоспарының 1-шi кезеңiн қарау кезiнде бұл мәселе мұқият зерделендi, жазылды, бұл ретте қала маңындағы аумақтар есебiнен, оның iшiнде өнеркәсiптiк тораптардың теміржол станцияларын, теміржол маңындағы кенттердi игеру мүмкiндiгiмен Орал қаласы мен Ақсай қаласының өзара жақындасуы есебiнен қала дамуы перспективаларының тиiстi мүмкiндiктерi орындалды және сызбаларда көрсетiлдi, яғни өндiрiстiк күштердi облыс аумағының негiзгi көлiк және жүк тасу дәлiздерiнде бөлу мен орналастыру сызбасын түбегейлi дамытудың ұстанымы жүзеге асырылды. Бұл ретте бұл мәселенiң облысты аудандық жоспарлау жобаларының бөлiмi болып табылатындығын көрсету қажет, өйткенi ол Орал қаласының, сондай-ақ облыстың Теректi және Бөрiлi аудандарының аумақтарын игеру перспективасын қарайды.
Деркөл кентiнiң қаланың ауданы ретіндегі әрi қарай дамуы мәселелерiн, қала шетi шекарасын өзгерту ұсынысын есепке ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi «Мемауылшаруашылық тәжiрибе станциясы» РМК аумағының бөлшегiн алу жөнiнде Қазақстан Республикасының Жер кoдeкci талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен шешудi жоспарлап отыр.
Функциональды аймақтандыру және осы аймақтардағы
аумақтарды пайдаланудағы шектеулер
Қала аумағын құқықтық функционалды аймақтандыру негiзiне, қала аумағын тұрғын-жай құрылысына, өндiрiстiк қойма аумақтарына және рекреациялық аймақтарға бөлуге айрықша талаптар қоя отырып, жинақты экономикалық баға беру жатады.
Егер функционалды аймақтандыру реттелген жүйесi iске acca, онда аймақтандыру экономикалық өсуге дем бередi және басқару тиiмдiлiгiн арттырады.