“Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегі
инфрақұрылымды ұйымдастырудың кейбір мәселелерi туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 134 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығын iске асыру мақсатында және "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат ұсыну ережесі бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 10 ақпандағы
№ 134 қаулысымен
бекiтілген
Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет
көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға
ақшалай қаражат ұсыну ережесі
1. Жалпы шарттар
1. Осы Ереже 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 043 "Ауыл шаруашылығын институционалды дамыту" бюджеттік бағдарламасының 101 "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыру" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген 8950000000 (сегiз миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңге сомасында ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға бағытталатын ақшалай қаражат (бұдан әрi - Қаражат) ұсынудың тәртібін айқындайды.
2. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет
көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға
Қаражат ұсыну
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрi - Ауылшарминi) ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға Қаражат ұсыну заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ауылшарминi "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға пайдалануға жататын Қаражатты ұсынуды заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегi iс-шараларды өткізу арқылы қамтамасыз етедi.
4. Қоғам ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға бөлiнген Қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның iшкi кредит саясатына сәйкес мынадай мақсатта пайдаланады:
1) 2000000000 (екi миллиард) теңге - дербес машина-технологиялық станцияларды (сервис-орталықтарын) (бұдан әрi - МТС) қаржыландыруға, сондай-ақ Қоғам бұрын құрған MTC-тердi қаржыландыруды ықтимал жалғастыруға. Қоғамның MTC-тердi қаржыландыруы 7 жылға дейiнгi мерзiмге жылдық 2 пайызға дейiн сыйақы ставкасымен және МТС-тердiң Қоғам алдындағы мiндеттемелерi екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылуы тиiс;
2) 1000000000 (бip миллиард) теңге - кейiннен лизингке беру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн жабдықтарды (бұдан әрi - Жабдықтар) сатып алу, Жабдықтарды сатып алу мен жеткізуге байланысты (оның iшiнде: Жабдықтарды кедендiк ресiмдеуге және тазалауға, тиеуге, түсiруге, жинауға байланысты) шығыстарды өтеу мақсатына. Жабдықтардың лизингі 7 жылға дейiн мерзiмдi құрауы тиiс, лизинг бойынша сыйақы ставкасы жылдық 4 пайызға дейiн;
3) 5950000000 (бec миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңге - кейiннен лизингке беру үшiн ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтар және мал шаруашылығы субъектiлері үшiн арнайы техника (бұдан әрi - Техника) сатып алу, Техниканы сатып алу мен жеткізуге байланысты (оның iшiнде: Техниканы кедендiк ресiмдеуге және тазалауға, тиеуге, түсiруге, жинауға байланысты) шығыстарды өтеу мақсатына. Техниканың лизингi 7 жылға дейiн мерзiмдi құрауы тиiс, лизинг бойынша сыйақы ставкасы жылдық 4 пайызға дейiн.
3. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
5. Ауылшарминi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға бағытталатын Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.