ҚР 25.11.03 ж. № 500-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 209-баптың редакциясы
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда кемiтiп көрсету, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленбеген сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Корпоративтiк табыс салығын немесе жеке табыс салығын салу мақсатын көздеп, шеккен залал сомасын декларацияда өсiрiп көрсету, -
жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға декларацияда өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептелген корпоративтiк табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң бюджетке төленетiн ағымдағы төлемдер сомасын кемiтiп көрсетуi, -
жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық кезеңi iшiнде iс жүзiнде есептелген корпоративтiк табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан елу проценттен астам мөлшерде артық көрсетiлуi, -
салық салынатын кiрiс сомасының екi процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Салық кезеңi iшiнде iс жүзiнде есептелген корпоративтiк табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма бес проценттен астам мөлшерде артық көрсетiлуi, -
салық салынатын кiрiс сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi мақсаттар үшiн қосымша құнға салынатын салық бойынша салық мөлшерiн декларацияда кемiтiп көрсету де есепке жатқызылған, қосымша құнға салынатын салық сомасын өсiрiп көрсетудi бiлдiредi.
Бiрiншi бөлiкте көзделген әкiмшiлiк жазаны қолдану кезiнде осы баптың мақсаттары үшiн өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептеп шығарылған салық корпоративтiк табыс салығының ставкалары бойынша немесе жеке табыс салығының ең жоғары ставкалары бойынша айқындалатын болады.