Республиканың ДСҰ-ға кiруiне әзiрлiкке байланысты республикада қолданылатын нормативтік құқықтық кеciмдердi халықаралық талаптармен сәйкестiкке келтiру, стандарттау саласындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiнде заңнама жүйесiн қалыптастыру қажет.
Нарықтық экономикасы бар көптеген елдердегi тәжiрибенiң алуан түрлерiнiң арасында ең тиiмдiсiн мыналар қамтамасыз етедi:
республика ұйымдарында өнеркәсiп қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау санасындағы менеджмент жүйесін - OHSAS-18001 халықаралық стандарты және ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 "Еңбектi қорғауды басқару жүйелерi жөніндегі басшылыққа" сәйкес ХЕҰ ұсынған еңбектi қорғауды басқару жүйесiн енгізу;
өндiрiстiк объектiлерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргiзу.
Бағдарламалық iс-шаралар жүйесі мынадай негiзгi бағыттар бойынша жұмыстарды бiрiктiредi:
3.1. Еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғауды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету;
3.2. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетiлдiру;
3.3. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту. Еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ақпараттық қамтамасыз ету;
3.4. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесiн институционалдық дамыту;
3.5. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды ғылыми қамтамасыз ету;
3.6. Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
3.1. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
қорғауды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
Нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру үшiн бұрынғы КСРО министрлiктерi мен ведомстволары бекiткен, көпшiлiгi өзiнiң құқықтық мәнiн жоғалтқан, қазiргі талаптарға сәйкес келмейтiн еңбек қауiпсiздігін және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық кесiмдерге өзгерістер енгізу көзделiп отыр.
2005-2007 жылдардың барысында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтiк-құқықтық кесiмдердi халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әзiрлеу жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарланды.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласында әзiрленетiн стандарттарды Достастық елдерiнiң өнеркәсiптiк қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау сапасы жүйелерiнiң стандарттарына сәйкес келу бөлiгінде жүйелеу жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Сапаның халықаралық стандарттарының және экологиялық менеджмент талаптарына бейiмделген технологиялық процестердi ұйымдастыру және өндiрiстiк жабдықтау бойынша санитарлық нормалар мен ережелердi әзiрлеу жалғастырылады.
3.2. Еңбектi қорғауды басқару жүйесiн жетiлдiру
Еңбекті қорғауды басқару, тиiмділігі жоғары ұжымдық және жеке қорғау құралдарын әзiрлеудi және өндiрудi дамытуды қоса алғанда, еңбектi қорғау жөніндегі техникалық құралдарды өндiру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі шараларды белгiлеу көзделедi.
Басқару жүйесiн жетiлдiру практикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретін ұйымдық, ғылыми, технологиялық және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердiң орындалуын көздейдi.
Осы мақсаттарда:
республиканың өндiрiстiк ұйымдарында халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес еңбектi қорғауды басқару жүйелерiн енгізуге ықпал ететiн салаiшiлiк iс-шараларды жүргiзу;
өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі қызметтер құру;
еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау және өндiрiстiк жарақаттанушылық жөнiнде мониторинг жүргiзу;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң web-сайтын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі бөлiммен толықтыру;
ұйымдарда еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізудi қамтамасыз ету және оның нәтижелерi жөнiнде ақпарат әзiрлеу қажет.
Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi жұмыс берушілерге ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру, технологияларды жақсарту, жаңа техниканы енгізу, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдану жөніндегі, еңбектi қорғау, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге, кейiн оларды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
3.3. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi
қорғау мәселелерi бойынша оқыту. Еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау саласындағы ақпараттық
қамтамасыз ету
Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттарды iске асыру еңбектi қорғауды басқару жүйесi мамандарының біліктiлiгiн арттыруды талап етедi.
Бөлiмде:
жұмыс берушілер мен қызметкерлер, басшылар мен мамандар үшiн еңбек қауiпсiздігі, еңбектi қорғау және еңбек гигиенасы саласында біліктігін арттыру курстарын ұйымдастыру;
еңбек қауiпсiздiгiн және еңбекті қорғау жөніндегі анықтамалық әдебиетті, плакаттарды, брошюраларды, бейнефильмдер мен жарнамалық таспалар әзiрлеудi жүзеге асыру;
ұйымдар арасында еңбектi қорғау, өнеркәсiптiк санитария, өндiрiс қауiпсiздігі, өрт қауiпсiздiгi жөніндегі жұмысты үздiк ұйымдастыруға байқаулар жүргізу;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлеу;
кәсiптер мен жұмыс түрлерi бойынша оқыту және олар бойынша білiмдерiн тексеру жөнiнде компьютерлiк және мультимедиялық бағдарламалар әзiрлеу белгіленiп отыр.
3.4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау жүйесiн институционалдық дамыту
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау жүйесiн институционалдық дамыту шеңберiнде:
жұмыс берушiлер мен қызметкерлер ұйымдарының халықаралық ұйымдармен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерi жөніндегі байланысын қамтамасыз ету;
министрлiктiң аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттік еңбек инспекторларын компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету;
мемлекеттік еңбек инспекторларын бақылау-өлшеу аспаптарымен және тiркеу жабдығымен қамтамасыз ету;
қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылаудың жүзеге асырылуына жәрдемдесу көзделiп отыр.
Өңiрлiк деңгейде еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды, қызметкерлердiң еңбек құқықтарын қорғауды жақсарту алда тұр.
3.5. Еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғауды
ғылыми қамтамасыз ету
Бұл бағытта еңбектi қорғауды ғылыми қамтамасыз етудi қалпына келтiру және дамыту, ғылымның өндiрiске кiрiгуi, еңбекті қорғау жөніндегі нормативтiк құжаттарды жетілдiру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу жоспарланып отыр.
Осы мақсатта:
құрылған "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында еңбек шарттарын, қауіпсіздігін және еңбектi қорғауды ғылыми зерттеулердi жүргiзу;
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн "Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен және бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандыру;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң жанындағы Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмысын жетiлдiру қажет.
3.6. Еңбек қатынастары саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мыналарды:
Халықаралық Еңбек ұйымымен, Еңбек инспекцияларының халықаралық қоғамдастығымен, басқа да мемлекеттермен еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде өзара iс-қимыл жасауды;
халықаралық ұйымдардың еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі жобаларын әзiрлеуге және оларды iске асыруға қатысуды;
еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау саласындағы мемлекетаралық, үкiметаралық және ведомствоаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуды;
ХЕҰ-ның бекітілген конвенциялары бойынша баяндамалар дайындауды көздейдi.
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру кәсiпорындардың өз қаражаты, халықаралық және қоғамдық ұйымдар қаражаты мен республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 174838,8 мың. теңге көлемiнде, оның iшiнде:
2005 жылы - 64449,0 мың теңге;
2006 жылы - 79359,7 мың теңге
2007 жылы - 31030,1 мың теңге көлемiнде жүзеге асырылады.
2006-2007 жылдары Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде өндiрiстегi зиянды және қауiптi өндiрістiк факторлар әсерiнiң едәуiр төмендеуi күтіледi. Қауiпсiз еңбек жағдайларын туғызу өндiрiстi қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыру, жұмыс берушiлердiң мүдделiлiгi мен жауапкершiлігін арттыру және қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға жеделдетiп көшуiне жәрдемдесу есебiнен жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаны iске асыру 2007 жылдың аяғына қарай:
нарықтық экономиканың талаптары мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында түбегейлi жаңа заңнамалық, нормативтiк және құқықтық базаны құруға;
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер көлемiн ұлғайтуды және олардың жетiстiктерiн өндiрiске енгізудi қамтамасыз етуге;
жұмыс iстеушiлердi арнайы киім, арнайы аяқ киім және өзге де жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудi жақсартуға, қызметкерлерге арналған жаңа санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың салынуын және қолданыстағыларын кеңейтудi ұйымдастыруға, ұйымдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа техникалық құралдармен, қауiпсiздiк және бақылау аспаптарымен жарақтандыруды жеделдетуге;
мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылау-қадағалау функцияларын жетiлдiруге, мемлекеттік еңбек инспекцияларының аумақтық бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтуге;
республиканың өндiрiстiк ұйымдарына ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 "Еңбектi қорғауды басқару жүйелерi бойынша басшылыққа" сәйкес ХЕҰ ұсынған еңбектi қорғауды басқару жүйелерiн енгізуге;
өндiрiстiк жарақаттану және кәсiптiк аурулар деңгейiн
2-3%-ға төмендетуге;
санитарлық-гигиеналық нормативтер талаптарына жауап бермейтiн жағдайларда жұмыс iстейтiндердiң санын 5-6%-ға азайтуға;
жұмыс уақытының өндiрiстік емес шығындарын 4-5% қысқартуға;
өндiрiсте зардап шеккендердi емдеуге, оңалтуға және зиянды өтеу шығыстарын 5-6% азайтуға мүмкiндiк бередi.
6. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
№ р/с | Іс-шара | Аяқ- талу нысаны | Орын- дауға жау- аптылар | Орын- далу мерзiмi | Болжалды шығыстар (мың теңге) | Қаржы- ландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғауды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету |
1.1 | Еңбек қауіпсiз- дігі және еңбектi қорғау жөнiнде сала- аралық кесiмдер әзiрлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | Бұй- рық- тар | Еңбек- минi, ТЖМ, ДСМ | 4-тоқ- сан, жыл сайын | 2005 ж.- 10200,0 2006 ж.- 10200,0 2007 ж.- 10200,0 | Респуб-ликалық бюджет |
1.2 | Еңбек қауіпсiз- дiгi және еңбектi қорғау жөніндегі норма- тивтiк құқықтық кесімдерді әзiр- леу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | Бұй- рық- тар | Еңбек- минi, АШМ, ККM, ЭМРМ, БҒМ, ИСМ | 4-тоқ- сан, 2006- 2007 ж.ж. | 2006 ж.- 17300,0 2007 ж.- 16300,0 | Респуб-ликалық бюджет |
1.3 | Еңбек қауіп- сiздігі және еңбектi қорғау саласында әзір- ленетін стан- дарттарды Дос- тастық елдерінің өнеркәсіптiк қауіпсiздiгi мен еңбектi қорғау сапасы жүйелерінің стандарттарына сәйкес келу бөлігінде біріздендіру. Сапаның халық- аралық стан- дарттарының және экологиялық менеджмент талаптарына бейімделген технологиялық процестерді ұй- ымдастыру және өндiрiстiк жаб- дықтар бойынша санитарлық нор- малар мен ереже- лердi әзiрлеудi жалғастыру | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | ИСМ, Еңбек- минi, ТЖМ ДСМ | 4-тоқ- сан, жыл сайын | Талап етпейді | |
2. Басқару жүйесiн жетiлдiру |
2.1 | Өндiрiстік ұйымдарында халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйелерiн енгi- зуге және өндi- рiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiз- дігі мен еңбектi қорғау қызметін кұруға ыкпал ететiн салаiші- лік iс-шараларды дайындау | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi, АШМ, ККM, ЭМРМ, БҒМ, ИСМ, МАСМ | 4-тоқ- сан, жыл сайын | | Ұйымдар қара- жаты |
2.2 | Еңбек жағдайлары бойынша ұйымдар- да өндірiстік объектілердi аттестаттауды жүргiзуді қамтамасыз ету және оның нәти- жесi бойынша ақпарат дайындау | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi, АШМ, ККM, ЭМРМ, БҒМ, ИСМ, МАСМ | 4-тоқ- сан, жыл сайын | | Ұйымдар қара- жаты |
2.3 | Еңбектi қорғау және еңбек қау- iпсiздiгі жөнiн- де мониторинг жүргiзу | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi | 4-тоқ- сан, 2006 ж. | Талап етпейді | |
2.4 | Қазақстан Респуб- ликасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлі- гінің web-сайтын еңбек қауiпсiз- дiгі және еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі бөлiм- мен толықтыру | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi | 2-тоқ- сан, 2006 ж. | 2006 ж.- 300,0 | Респуб-ликалық бюджет |
3. Еңбек қауiпсіздігi және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердi оқыту Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласын ақпараттық қамтамасыз ету |
3.1 | Жұмыс берушілер мен қызметкер- лер, басшылар мен мамандар үшін еңбек қауiпсiздiгi, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы сала- сында білiктілiк арттыру курста- рын ұйымдастыру | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | БҒМ, Еңбек- минi, ТЖМ, ДСМ | Қараша, жыл сайын | | Ұйымдар қара- жаты |
3.2 | Еңбек қауiпсiз- дігі және еңбекті қорғау мәселелері жө- нiнде анықтама- лық әдебиетті, плакаттарды, брошюораларды, бейнефильмдер мен жарнамалық таспаларды әзiрлеудi жүзеге асыру | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi | Қыр- күйек, 2006- 2007 ж.ж. | 2006 ж.- 5034,0 2007 ж.- 4530,1 | Респуб-ликалық бюджет |
3.3 | Еңбектi қорғау, өнеркәсіптік санитария, өндiрiс қауiп- сiздiгi, өрт қауіпсiздігі бойынша ұйымдар арасында ең жақсы ұйымдас- тырылған жұмысқа байқау конкурс- тарын өткізу | Кон- курс өткізу | Еңбек- минi, Жұмыс беруші- лер мен қызмет- керлер- дiң респуб- ликалық бiрлес- тiктерi | 4-тоқ- сан, жыл сайын | | Қоғам- дық ұйым- дардың қара- жаты |
3.4 | Еңбек және ха- лықты әлеуметтiк қорғау министр- лiгiнің мемле- кеттік еңбек инспекторларын оқытуды жүргізу жөніндегі норма- тивтік құқықтық кесімдi әзiрлеу | Бұйрық | Еңбек- минi | Қараша, 2005 ж. | Талап етпейді | |
3.5 | Еңбек қауiпсіз- дiгi және еңбекті қорғау саласында- ғы кәсіптер мен жұмыс түрлері бойынша оқыту және білімдерін тексеру жөнiнде компьютерлiк және мультиме- диялық бағдар- ламалар әзірлеу | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi, АШМ, ККM, ЭМРМ, БҒМ, ИСМ, МАСМ | 4-тоқ- сан, 2006- 2007 ж.ж. | | Ұйымдар қара- жаты |
4. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесiн институционалдық дамыту |
4.1 | Жұмыс берушілер мен қызметкерлер ұйымдарының ха- лықаралық ұйым- дармен еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласында- ғы ынтымақтастық мәселелері жөнiн- дегi байланысын қамтамасыз ету | Бір- лескен семи- нар- мәжі- лiс- тер, дөңге- лек үстел- дер өткізу | Еңбек- минi | 4-тоқ- сан, жыл сайын | Талап етпейді | |
4.2 | Еңбекминінiң аумақтық бөлiм- шелерінің мем- лекеттік еңбек инспекторларын компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi | 4-тоқ- сан, 2006 жыл | 41387,7 | Респуб-ликалық бюджет |
4.3 | Мемлекеттік еңбек инспекторларын бақылау-өлшеу аспаптарымен және тіркеу жабдықтарымен қамтамасыз ету | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi | 4-тоқ- сан, 2005 ж. | 21024,0 | Респуб-ликалық бюджет |
5. Еңбек қауiпсiздігi мен еңбектi қорғауды ғылыми қамтамасыз ету |
5.1 | "Еңбек қауiпсiз- дiгі жөніндегі республикалық ғылыми зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазы- налық кәсiпорнын компьютерлермен, ұйымдастыру тех- никасымен және бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандыру | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi | 4-тоқ- сан, 2005 ж. | 33225,0 | Респуб- ликалық бюджет |
5.2 | Еңбек қауiпсiз- дiгі және еңбектi қорғау ақпараттық орталығының да- муын қамтамасыз ету (Халықаралық еңбек ұйымымен (келiсім бойынша) бiрлесiп орта- лықты проекциялық жабдықтармен, проекторға арнал- ған экранмен, түрлi-түсті принтерлермен, портативтiк компьютерлермен (ноутбуктермен), көшiру аппаратта- рымен жарақ- тандыру) | Қазақ- стан Рес- пуб- лика- сының Үкі- метіне ақпа- рат | Еңбек- минi | 2-тоқ- сан, 2006 ж. | 5138,0 | Респуб- ликалық бюджет, XEҰ қа- ражаты |
6. Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық |
6.1 | Еңбек қауiпсіз- дігі және еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі халықа- ралық ұйымдардың жобаларын әзiр- леуге және iске асыруға қатысу | ХЕҰ еңбек мәсе- лелерi жөнін- дегі бағ- дарла- малар | Еңбек- минi | Қажет- тілігіне қарай | Талап етпейді | |
6.2 | Еңбек қауiпсiз- дiгi және еңбектi қорғау саласын- дағы мемлекета- ралық, үкіметара- лық шарттар мен келісімдер жоба- сын әзiрлеуге қатысу | Халық- аралық шарт- тардың жоба- лары | Еңбек- минi | Қажет- тігіне қарай | Талап етпейді | |
Ескертпе:
1. Республикалық бюджеттен талап етілетін қосымша қаражаттың барлығы - 174838,8 мың теңге, оның ішiнде: 2005 ж. - 64449,0 мың теңге; 2006 ж. - 79359,7 мың теңге; 2007 ж. - 31030,1 мың теңге.
2. Әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі;
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі;
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.