Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.3.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар Бағдарламаның уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 20 шiлдеден және 20 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі жыл сайын 1 тамызға және 1 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 27 қаңтардағы
№ 67 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігін
және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң
2005-2007 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының еңбек
қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды
қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
үшiн негіздеме 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903
қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының
6.3.3-тармағы
Әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Қызметкерлердiң қауiпсiз еңбек
жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету
Негiзгi мiндеттерi Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
қорғауды нормативтiк құқықтық
қамтамасыз ету;
еңбекті қорғауды басқару жүйесiн
жетiлдiру;
қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгін
және еңбектi қорғау мәселелерi
бойынша оқыту, еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау саласында
ақпараттық қамтамасыз ету;
еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті қорғау
туралы заңнаманың сақталуын
мемлекеттік қадағалау мен бақылау
жүйесiн институционалдық дамыту;
еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті
қорғауды ғылыми қамтамасыз ету;
еңбек қатынастары саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру
оларды қаржыландыру кәсiпорындардың өз қаражаты,
көздерi халықаралық және қоғамдық
ұйымдар қаражаты мен республикалық
бюджет қаражаты есебiнен: 174838,8 мың
теңге көлемiнде, оның iшiнде:
2005 жылы - 64449,0 мың теңге;
2006 жылы - 79359,7 мың теңге;
2007 жылы - 31030,1 мың теңге
мөлшерінде жүзеге асырылатын болады.
2006-2007 жылдары Бағдарламаны iске
асыру үшiн қажетті бюджет қаражатының
көлемi тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджетті қалыптастыру
кезiнде нақтыланатын болады
Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру
асырудан күтiлетiн 2007 жылдың аяғына:
нәтижелер еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау
саласындағы бiрыңғай мемлекеттік
саясатты жүргізудің тиiмдiлiгiн
арттыруға;
еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау
туралы заңнаманың сақталуын бақылауды
күшейтуге;
еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау
жөнiндегі нормативтік құқықтық
кесiмдердi әзiрлеу және бекіту кезiнде
бiрыңғай талаптар белгілеуге;
республика ұйымдарында XEҰ ұсынған
ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 "Еңбек
қауiпсiздігін басқару жүйелерi
жөніндегі басшылыққа" сәйкес еңбектi
қорғауды басқару жүйесiн енгізуге;
өндiрiстiк жарақаттану және кәсiптiк
аурулар деңгейiн 2-3 пайызға
төмендетуге;
санитарлық-гигиеналық нормаларға
жауап бермейтiн жағдайларда жұмыс
істейтіндер санын 5-6 пайызға
азайтуға;
жұмыс уақытының өндірістік емес
шығындарын 4-5 пайызға қысқартуға;
өндірісте зардап шеккендерді емдеуге,
оңалтуға және зиянды өтеу шығыстарын
5-6 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.
Іске асырылу мерзімі 2005-2007 жылдар
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.3.3-тармағының негізінде әзiрлендi.
Бағдарлама аса маңызды жалпы мемлекеттік проблемаларды шешуге, республика халқының денсаулығын жақсартуға, оның өмiр сүру деңгейi мен сапасын арттыруға, еңбектi қорғау мен еңбек қауіпсіздігін жетiлдiруге бағдарланған және Қазақстан Республикасы Конституциясының әр азаматтың қауiпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына құқығын белгiлейтiн 24-бабын iске асыруға бағытталған.
"Қазақстан-2030" Даму стратегиясына сәйкес Қазақстан азаматтарының денсаулығы ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибе ел халқының денсаулығына әсер етушi маңызды фактор - мемлекеттің ауруларды болдырмау жөнiндегі қадамдары екенiн көрсетiп отыр.
Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрi - ХЕҰ) деректерi бойынша жыл сайын әлемнiң барлық елдерiнде өндiрiсте шамамен 270 миллион жазатайым оқиға және 160 миллион кәсіптік ауру тiркеледi, оның iшiнде өндiрiсте екi миллионнан астам адам қайтыс болады.
Өндiрiстегі жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк аурулар орасан зор материалдық зиян келтiредi және адамдар өмiрiн әкетедi.
Бұл саладағы қызмет дамушы әлем мен экономикасы ауыспалы елдерде білім мен ақпараттың жетiспеушілігінен қиындап отыр. Инвестициялық шешiмдер көбiнесе, еңбектi қорғау және еңбек гигиенасы немесе қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн ескерместен қабылданады.
Өндiрiстегі жазатайым оқиғалардың пайда болуы және олардың халықтың денсаулығы мен ел экономикасына әсерiнiң жалпы әлемдiк заңдылықтарынан Қазақстан да сырт қалған жоқ.
Бүгiнде, экономиканы реформалау және өндiрiстiң өрлеу жағдайларында, қызметкерлер қауiпсiздiгiн тiкелей кәсiпорындарда қамтамасыз ету проблемалары айқын көрiнiп отырған республика ұйымдарындағы еңбек қауiпсiздігі мен оны қорғаудың жай-күйi ерекше алаңдатушылық туғызады.
1. Еңбек қауiпсiздігінiң және еңбектi қорғаудың
қазiргi жай-күйін талдау
Қазақстанда жүргiзілiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерістер еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың көптеген проблемаларын, еңбек жағдайларының нашарлауын, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурудың жоғары көрсеткiштерiн айқындап отыр.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2003 жылы өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және байланыс, денсаулық сақтау және ғылым мекемелерiнде 1286,8 мың адам зиянды және қауiптi еңбек жағдайларында жұмыс iстеген.
247,9 мың адам немесе жалпы жұмыспен қамтылғандар қатарындағы әрбiр бесiншi адам (19,3%) осындай қызмет түрлерiнде рұқсат етiлетін нормаларға жауап бермейтiн, қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс iстеген. Олардың әрбiр үшiншiсi (35,8%) - шу және дiріл деңгейi жоғары, әрбiр екiншiсi (48,7%) - жұмыс аймағындағы ауаның жоғары шаңды және газды әсерi, әрбiр бесiншi (19,8%) - қолайсыз температуралық режим жағдайларында жұмыс iстеген.
2003 жылы 33,8 мың қызметкер адам ағзасын күрделі патологиялық өзгерістерге шалдықтыратын ауыр қол жұмысын орындаған; олардың 7,9 пайызы әйелдер. Қауiпсiздiк талаптарына жауап бермейтiн жабдықтарда әрбiр оныншы адам (10,1%) жұмыс iстеген.
Мемлекеттік гендерлік саясаттың маңызды мәселесi еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн әйелдердiң санын қысқарту болып табылады. Әйелдер арасында әрбiр оныншы әйел (62,2 мың адам) санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтiн жағдайларда жұмыс iстеген, олардың 40 пайызы (24,9 мың адам) шаңды және газды ортада еңбек еткен.
Еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау саласындағы iстердiң қолайсыз жағдайы туралы экономиканың осы салалары ұйымдарындағы қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмысы үшiн жеңiлдiктер мен өтемақыларды пайдаланатын қызметкерлердiң саны туралы деректер куәландырады. 2003 жылы жеңiлдiктер мен кепiлдiктер тек 461,6 мың адамға берiлдi.
2003 жылы еңбекті қорғау іс-шаралары мен зиянды және қауiптi еңбек жағдайы туралы жұмысы үшін берілетін жеңiлдiктер мен өтемақыларға 12538,8 млн. теңге жұмсалды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға артық.
Өндiрiстiк жарақаттанудың динамикасы кейiнгі үш жылда өндiрiсте жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғаға жол берілетінiн, адам өлімімен аяқталатын зардап шегушілер санының жоғары деңгейде сақталғанын көрсетедi. 2001 жылы өндiрiсте - 307 адам, 2002 жылы - 355 адам, 2003 жылы - 315 адам қаза тапты.
Еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда істейтін қызметкерлер саны 2001 жылы - 1251 мың адамды, 2002 жылы - 1281 мың адамды, 2003 жылы - 1286,8 мың адамды құрады.
Кәсiптiк ауру бойынша зиян шеккендердiң (бiрiншi рет анықталғандардың) саны 2001 жылы - 378 адамды, 2002 жылы - 431 адамды, 2003 жылы - 392 адамды құрады.
Түрлi салалардағы жарақаттану себептерiнiң өз ерекшелiктерi бар, бiрақ: жұмыс өндiрiсiн қанағаттанғысыз ұйымдастыру, еңбек және өндiрiс тәртібін бұзу, жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерiне үйретудiң жеткiлiксiздiгі, қауiпсiздiк техникасының талаптарын бұзу барлығына ортақ болып табылады.
Экономика салалары ұйымдарындағы өндiрiстiк жарақаттанудың өсуiне еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік базаның жетілдiрiлмеуi, оның экономикалық реформалар қарқынынан қалыс қалуы айтарлықтай деңгейде ықпал етедi. Республикада нормалары нарықтық экономиканың талаптарына жауап бермейтiн, өткен ғасырдың жетпiсiншi және сексенiншi жылдары кезеңiнде әзiрленген нормативтiк құқықтық кесiмдер осы уақытқа дейiн қолданылуда.
Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы iстiң қолайсыз жағдайларының басты себептерiнiң бiрi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласында ғылыми зерттеулердiң жоқтығы болып табылады. Министрлiктер тарапынан сияқты, жұмыс берушілер тарапынан да қабылданып жатқан еңбекті қорғау жөнiндегі экономикалық, құқықтық және ұйымдық-техникалық iс-шаралар ғылыми негiздемемен жеткілiктi нығайтылмаған.
Республиканың көптеген ұйымдарында еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау қызметтерi жоқ, осындай қызметтерi бар ұйымдарда олар әлсiз немесе біліктілігі жеткiлiксiз мамандармен жасақталған.
Нәтижесінде, жұмыс орындарында қызметкерлердi жұмыстың қауiпсiз тәсілдерiне үйретудiң және қауiпсiздiк техникасы жөніндегі нұсқамалар жеткiлiктi сапалы жүргiзiлмейдi.
Жеткiлiктi тәжiрибесi жоқ және өндiрiс технологиясын игермеген адамдарды күрделi өндiрiстiк процестердi басқаруға қою жағдайларына жол беріледi. Станоктардың, тетiктердiң, машиналардың, жабдықтардың, өндiрiстiк объектілердiң және құрылыстардың жоспарлы - алдын алу мен күрделi жөндеулер уақтылы және сапалы жүзеге асырылмайды.
Қазiргi уақытта еңбектiң жағдайлары мен еңбекті қорғауға ұйымдардың экономикалық жағдайы, өндiрiстің материалдық-техникалық базасының жай-күйi, пайдаланылатын технологиялардың деңгейi және жұмыс iстейтiндердi қорғау жөнiндегі ғылыми-техникалық және экономикалық-құқықтық институттардың дамуы айтарлықтай әсер етедi.
Өндiрiстердi, оның iшінде өнеркәсiптiң базалық салаларының объектілерін техникалық қайта жарақтандыру өте баяу қарқынмен жүзеге асырылуда.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың қолайсыз жоғары тозуы (2003 жылдың басында негізгі қорлардың тозу дәрежесi тау-кен өнеркәсiбiнде - 25,4%, химия өнеркәсiбiнде - 38,4%, металлургияда - 39,5% құрады), сондай-ақ ұйымдарды қалпына келтіру, техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі шектеулi инвестициялық мүмкiндiктер жағдайларында республикада өндiрiс қалдықтарының қоршаған орта мен тұрғын халық үшін қауіптілiгiн арттыратын терiс үрдiс пайда болды.
Сондықтан, өнеркәсiп қатерлерiн бақылауды және төмендетудi қамтамасыз ететiн техникалық шешiмдердi iздеу ерекше көкейкестi болып табылады. Бұл проблеманы шешудiң неғұрлым перспективалық және экономикалық жағынан негiзделген тәсiлдерiнің бiрi жетілдiру, ал шын мәнiсiнде еңбектi қорғауды басқарудың - еңбек қауiпсiздiгiне жету үшiн шектеулi материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн және қауiпсiз технологияларды әзiрлеудi және енгізудi экономикалық ынталандыратын жүйесiн құру болып табылады.
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты қауiпсiз еңбек жағдайларына қызметкерлердiң құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлама еңбек жағдайларын жақсартуды және өндiрiстiк қатердi төмендетудi қамтамасыз ететiн өндiрiстік, ғылыми-зерттеу, әлеуметтiк, экономикалық, ұйымдық және басқа да iс-шаралар кешенiн танытады, оларды iске асыру тиiстi материалдық және қаржы ресурстары, біліктi орындаушылар болғанда ғана мүмкiн болады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғауды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
еңбектi қорғауды басқару жүйесiн жетiлдiру;
қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту;
еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласында ақпараттық қамтамасыз ету;
еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесiн институционалдық дамыту;
еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету;
еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары және
оны iске асыру тетігі
Негiзгi бағыттар өндiрiсте қолайлы еңбек жағдайларын, өндiрiстiк жарақаттануды болдырмауды және оның алдын алуды, құқықтық, ұйымдық-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық шараларды әзiрлеу және iске асыру есебiнен еңбек процесiнде адамның денсаулығы мен өмiрiнiң сақталуын қамтамасыз етудi көздейдi.