Қазақстан Республикасында геодезияны және картографияны дамытудың
2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 Қаулысы
(2008.07.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008.07.02. № 117 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 3.11-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2008.07.02. № 117 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында геодезияны және картографияны дамытудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгi Бағдарламаның iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жыл сайын 10 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1455 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.07.02. № 117 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ГЕОДЕЗИЯНЫ ЖӘНЕ
КАРТОГРАФИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ 2005-2008 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚР Үкіметінің 2008.07.02. № 117 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарлама паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында Геодезияны және
картографияны дамытудың 2005-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы
негіздеме 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5
қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006
жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.11.-тармағы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12
қыркүйектегi № 926 қаулысымен бекітілген
2004-2006 жылдарға арналған қолданыстағы және
әзiрленетiн мемлекеттік және салалық
(секторальдық) бағдарламаларының тiзбесi
Негізгі Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
әзiрлеушi агенттiгi
Бағдарламаның Халықаралық талаптарға жауап беретiн және
мақсаты мемлекеттің өскелең қажеттерiн қамтамасыз
ететiн, жоғары дәлдiктегi жерсерiктiк
геодезиялық желiлер мен бәсекеге қабiлеттi
қазiргi заманғы геодезиялық және картографиялық
өнiмдер жасауға бағытталған, қазiргi заманғы
техника мен прогрессивтiк технологияларды
қолдана отырып геодезия мен картография саласын
одан әрi дамыту.
Бағдарламаның Геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк анықтаудың
мiндеттерi автономдық әдiстерiне көшiру жөнiнде
аэроғарыштық түсiрiлiмдер, ұйымдық-техникалық
іс-шаралар жүргiзу;
азаматтық және әскери мақсаттағы навигациялық
жүйелердiң жұмыс icтеуi үшiн жоғары дәлдiктегі
геодезиялық негiз жасау;
өңiрлердi дамыту міндеттерiн ескере отырып
әртүрлi масштабтағы мемлекеттік топографиялық
карталарды цифрлық технология негiзiнде жаңарту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара
желісінiң өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының теңiз кеңiстiгiн
делимитациялауды геодезиялық, картографиялық,
топографиялық және гидрографикалық қамтамасыз
ету;
геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектiлерiнiң бірыңғай картографиялық негiздi
пайдалануына, сондай-ақ олардың геодезиялық және
картографиялық материалдармен және деректермен,
географиялық объектiлердiң атауларымен
қамтамасыз етiлуiне жағдай жасау;
ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
геодезия және картография саласын
нормативтiк-құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк,
техникалық, бағдарламалық және кадрлық
қамтамасыз ету.
Қажеттi ресурстар Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету 2005-2008
мен қаржыландыру жылдардағы iс-шараларды iске асыру үшiн қажетті
көздерi бюджеттік қаражат көлемiнде Бағдарлама әкiмшiсi
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджетте көздеген қаражат шегіндегi мемлекеттік
тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген
қаржы шығыны барлығы 1327,9 млн. теңгенi, соның
iшiнде жылдар бойынша: 2005 жылы - 214,4 млн.
теңгенi; 2006 жылы - 225,1 млн. теңгенi, 2007
жылы - 236,4 млн. теңгенi; 2008 жылы - 652,0 млн. теңге құрайды.
Бюджеттік қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi
тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Күтілетiн Бағдарламаның белгіленген iс-шараларын
нәтижелер iске асыру:
геодезия және картография саласындағы
мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын
айқындауға;
республика экономикасының аэроғарыштық
түсiрiлiмдiк, топографиялық-геодезиялық және
картографиялық материалдар мен деректердi
тұтынуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға;
жоғары дәлдiктегi геодезиялық негіз жасауға;
саланың материалдық базасын нығайтуға;
республика аумағының 11%-iн аэроғарыштық
түсiрiлiмдер орындауға;
топографиялық карталардың мемлекеттік
масштабтық қатар карталарының парақтар
номенклатурасы санына 11% жаңартуға мүмкiндiк
туғызады.
Iске асыру 2005-2008 жылдар
Мерзiмдерi
ҚР Үкіметінің 2008.07.02. № 117 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасында Геодезияны және картографияны дамытудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3.11.-тармағына, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларының тiзбесiне, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Геостратегиялық және геосаяси жағдай, мемлекеттің қауiпсiздiгi мен қорғанысын қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жер нарығының моделiн қалыптастыру, мемлекеттік кадастрлар мен геоақпараттық жүйелердi одан әрi жетiлдiру, ел өңiрлерiнiң тектоникалық және сейсмикалық белсендiлiгi жергiлiктi жердiң жай-күйi туралы жедел ақпарат алудың және оны картографиялық материалдарда бейнелеудiң, сондай-ақ осындай материалдармен геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiн қамтамасыз етудiң маңыздылығын айқындайды.
Картографиялық материалдардың мемлекеттік топонимикаға, сәйкестендiрiлуi, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындаған кезде мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету төтенше өзектi болып табылады.
Осы жағдайда геодезия мен картографияны одан әрi дамытудың, саланың өндiрiстiк қуатын жаңғыртудың қажеттiгi пiсiп-жетiлдi.
Бағдарлама өзара тығыз байланысты экономикалық, техникалық, ұйымдық және басқа iс-шараларды жетiлдiру негiзiнде осы заманғы бәсекеге қабiлеттi геодезиялық және картографиялық өнiмдер жасаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн айқындайды.
3. Геодезиялық және картографиялық саланың қазiргі
жай-күйiн талдау
Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында елдiң геодезиялық және картографиялық саласы тиiстi дәрежеде дамымады. 2002 жылға дейін мемлекеттің геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық базасының болмау фактiсiнiң өзi ғана геодезия және картография саласында мемлекеттік саясат жасауда мақсаткерлiк пен жүйелiлiктiң болмағандығын дәлелдейдi.
Құрылған мемлекеттік геодезиялық желi бұрынғы Кеңес Одағының игiлігі болды және негiзiнен қорғаныс пен жоспарлы экономика мiндеттерiне жауап бердi.
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері өндірісте ресейлiк әзiрлемелердiң әдiстемелерiн басшылыққа алды.
Осы уақыт iшiнде топографиялық-геодезиялық өндiрiс алты есеге дерлiк құлдырап кеттi. Топографиялық карталардың бүкіл масштабтық қатарларын жаңарту жөніндегі өндiрiс жұмысы iс жүзiнде тоқтады, аэрофото түсiрілім жұмыстары жүзеге асырылмады.
Осымен бір мезгiлде жеткiлiксіз қаржыландырудың, моральдық жағынан ескiрген приборлардың, жабдықтардың және технологиялардың фонында Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық өнiмдерге деген қажеттiлігі өстi.
Жыл сайынғы қаржыландыру көлемi 70,0 млн. теңге болып сақталған жағдайда карталарды жаңарту мерзiмдiлiгі 38 жылды құрайды, бұл олардың ірі масштабтағы жобалар үшiн сұранысын тоқтатады, сондай-ақ отандық, сонымен бірге шетелдiк инвесторлардың тарапынан елдiң беделiн өсiруге ықпалын тигізбейдi.
Шет елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы мемлекет тарапынан қаржыландырудың көлемi 1 шаршы км аумаққа шаққанда 0,15 еуроны құрайды, ресейде бұл сома 1,3 еуроға, Қытайда - 9,7 еуроға, АҚШ-та - 16,3 еуроғa, Канадада - 3,8 еуроға жетеді.
Картографиялық-геодезиялық саладағы іс жағдайының салыстырмалы көрсеткiштерi 2-кестеде беріліп отыр.
2-кесте
Көрсеткіштер | Қазақстан Республи-касы | Ресей | Шығыс Еуропа елдерi | Басқа дамыған елдер | Қытай |
Ашық карталар | Бар | Жоқ | Құрылуда | Бар | Жоқ |
Әскери карталар | Бар | Бар | HATO стандар- тымен өңделедi | Бар, НАТО- ның барлық елдері үшiн бірдей | Бар |
Техникамен және технология- мен жарақтандыру | EO елде- рiмен салыстыр- ғанда 20 жыл артта қалу | EO елдерімен салыстыр- ғанда 15 жыл артта қалу | Жаңа технология-лардың жетiстiк- терi ескерiле отырып, қайта жарақтан- дыру жүріп жатыр | Дамудың қазiргi заманғы деңгей-iне жауап бередi | Дамудың қазiргi заманғы деңгей-iне жауап бередi |
Мемлекеттік сектор | Бар | Бар | Бар | Бар | Бар |
Рыноктың сипаттамасы | Қалыпта- судың бастапқы сатысында | Қалыптасу-дың бастапқы сатысында | Қалыптасуда | Толық жұмыс iстей- тiн рынок | Қалып- тасуда |
Ескірген карталар | 80% | 80% | 20% | 15% | 30% |
Координат- тардың дәлдiгiне режимдiк талаптар | Қойылады | Қойылады | Жоқ | Жоқ | Қойыла-ды |
Контрафак- талық өнiм деңгейi | Жоғары | Жоғары | Орташа | Мардым-сыз | Төмен |
Күштi жақтары
Негiзгi бағдарлық мемлекеттік мекеме сақталған.
Геодезиялық және картографиялық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік және техникалық саясат жүргiзу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң жұмысын үйлестiру, мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, сондай-ақ арнайы және салалық мақсаттағы жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтi мемлекеттік геодезиялық қадағалауды, лицензиялауды және есепке алуды жүзеге асыру жөнiндегі функциялар бір арнайы уәкiлеттi органда шоғырландырылған.
Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтiн негiздеушi заңнамалық кесiм - "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес нормативтiк құқықтық баға жетiлдiрiлуде.
Геодинамикалық полигондарда жоғары дәлдiктегi геодезиялық өлшемдер орындалады. Географиялық объектiлер атауларының жүйеленген қорын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы географиялық атауларының каталогы жасалуда.
Республикалық картографиялық фабриканың құрылысы басталды.
Әлсiз жақтары
Қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi, қолданылатын технологиялардың осы заманғы талаптарға сәйкес келмеуi, моральдық және физикалық жағынан ескiрген приборлар, технологиялық және полиграфиялық жабдықтар геодезиялық және картографиялық өнiмдер мен қызметтер рыногының дамымағанын айқындайды.
Қазiргi кезде бүкiл масштабтық қатар бойынша жыл сайын топографиялық карталардың 350-ден 400-ге дейiнгi парақтары немесе олардың санының 10%-ы жаңартылады. Жергiлiктi жердегi, әсiресе экономикасы дамыған аумақтарда болып жатқан өзгерістердiң, апатты құбылыстардың немесе белсендi геодинамиканың нәтижесiнде соңғы бірнеше жылдар бойы топографиялық карталардың ескiруi жалғасуда.
Қазақстан Республикасының аумағын толық жабатын, масштабы
1:25000 - 1:1000000 осы заманғы топографиялық карталар дәрежесi 10-20 жыл бұрынғыны қамтиды. Сондықтан қазiргi кезде масштабтық қатардағы мемлекеттік топографиялық карталарды жасау және шығару проблемасы өткiр қойылып отыр.
Топографиялық карталардың сипаттамасы 3-кестеде келтiрiлген.
3-кесте
Масштаб | Карта парақтары номенклатурасының саны | Жабу алаңы, мың шаршы км. | Ескiрген карталар көлемi, мың шаршы км. |
1:25000 | 32386 | 2688038 | 2123550 |
1:50000 | 8218 | 2726075 | 2289903 |
1:100000 | 2166 | 2726075 | 1853731 |
1:200000 | 550 | 2726075 | 2071817 |
1:500000 | 79 | 2726075 | 2344424,5 |
1:1000000 | 25 | 2726075 | 2289903 |
Республиканың мемлекеттік шекарасының барлық периметрлерi бойынша алапқа картографиялық материалдар жергiлiктi жердiң және мемлекеттік топонимиканың нақты жай-күйiне сәйкес келмейді.
Жаңа геодинамикалық полигондар құру жөніндегі жұмыстар тоқтатылған, бұл республиканың батыс, орталық және шығыс бөлiктерiнде табиғи және техногендiк сейсмикалық процестердiң туындау мүмкiндiгiн зерделеуге ықпал етпейдi.
Координаттардың 1942 жылғы мемлекеттік жүйесiн пайдалану республика ғылымының, экономикасының және қорғанысының осы заманғы және перспективалық мiндеттерiне жауап бермейдi және оны одан әрi пайдалану координаттарды дербес анықтаудың жерсерiктiк әдiстерiн қолдануға байланысты аса жаңа технологияларды топографиялық- геодезиялық өндiрiсте қолданудың тиiмдiлiгiн төмендетедi.
Топографиялық-геодезиялық мақсаттар үшiн негізiнен 1974-1993 жылдарда орындалған республика аумағындағы аэрофото түсiрiлiмдiк жұмыстар экономиканың, қорғаныстың, жер реформасының мiндеттерiн, пайдалы қазбалардың жаңадан ашылған кен орындарын игерудi қамтамасыз етпейдi.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жоспарлық-картографиялық материалдармен қанағаттанарлықтай қамтамасыз етiлмеген. Егер республиканың солтүстік және шығыс өңiрлерi iшiнара жаңартылса, елдiң батыс және орталық бөлiгiнiң едәуiр бөлiгi жаңартылуға мұқтаж, бұрынғы әскери полигон аумақтарында ауыл шаруашылығын картографиялау материалдары жоқ.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Осы Бағдарламаның мақсаты халықаралық талаптарға жауап беретiн және мемлекеттің өскелең қажеттерiн қамтамасыз ететiн, жоғары дәлдiктегi жерсерiктiк геодезиялық желiлер мен бәсекеге қабiлеттi қазiргi заманғы геодезиялық және картографиялық өнiмдер жасауға бағытталған, қазiргi заманғы техника мен прогрессивтiк технологияларды қолдана отырып геодезия мен картография саласын одан әрi дамыту, сондай-ақ геодезия мен картография саласындағы iстiң жағдайын тұрақтандыру, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы тиiмдiлiктi бұдан былай да арттыру үшiн оның әлеуетiн өрiстету болып табылады.
Мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай негiзгi мiндеттердi:
аэроғарыштық түсiрiлiмдер мен топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргiзудi;
геодезиялық өндiрiстi жерсерiктiк анықтаудың дербес әдiстерiне көшiру жөнiнде аэроғарыштық түсiрілiмдер, ұйымдық-техникалық iс-шаралар жүргiзу;
азаматтық және әскери мақсаттағы навигациялық жүйелердiң жұмыс істеуі үшiн жоғары дәлдiктегi геодезиялық негiз жасау;
өңiрлердi дамыту мiндеттерiн ескере отырып әртүрлi масштабтағы мемлекеттік топографиялық карталарды цифрлық технологиялар негiзiнде жаңарту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара желісінiң өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңiз кеңiстiгiн делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографикалық қамтамасыз етудi;
цифрлық технологиялар негiзiнде картографиялық өнiмдер, соның iшiнде ақпараттылығы жоғары карталар, геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын жасауды;
геодезиялық және картографиялық қызметтi мемлекеттік қадағалаудың жүзеге асырылуын, топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметтiң лицензиялануы мен есепке алынуын қамтамасыз етудi;
мемлекеттік құпия болып табылатын геодезиялық және картографиялық ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етудi;
геодезия және картография саласын нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, техникалық, бағдарламалық және кадрлық қамтамасыз етудi шешу қажет.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны
iске асырудың тетiктерi
Бағдарламаны iске асыру геодезия және картография саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiрудi, топографиялық-геодезиялық жаңа картографиялық өндiрiстi халықаралық талаптарға сәйкес дамытуды көздейдi.
Бағдарлама сондай-ақ халықаралық мiндеттемелердiң, соның iшінде шекараны делимитациялау мен демаркациялау мiндеттемелерiнiң орындалуын көздейдi.
Саланы мамандармен қажеттi мөлшерде қамтамасыз ету үшiн геодезия және картография саласындағы кадрларын даярлау мен біліктiлігін арттыру көзделедi.
1. Аэроғарыштық түсiрiлiмдер және
топографиялық-геодезиялық жұмыстар
Экономиканың, ғылымның және қорғаныстың мүдделерiн геодезиялық қамтамасыз етудiң жоғары тиiмдi мемлекеттік жүйесiн жасау үшiн: