“Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1385 Қаулысы
(2006.03.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Бағдарламаның iске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделi ұйымдар жыл сайын 5 қаңтарға және 5 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне (келісім бойынша) оның орындалуы туралы есептердi ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi (келісім бойынша) жыл сайын қаңтарда және шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне (келісім бойынша) жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1385 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның (негiзгi көрсеткiштерi) паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басты мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын одан әрi
дамыту, оны ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшiн
мүмкiндiктердi кеңейту, инвесторлардың құқығын
қорғау және адал бәсекелестiктi қамтамасыз ету
Негiзгі бағалы қағаздар рыногын қазiргi заманғы талаптарға
мiндеттерi сай келтiру;
инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамыту үшiн
қолайлы жағдайлар жасау;
инвестициялау үшiн бағалы қағаздарды шығару үшiн,
оның iшiнде мемлекеттің, туынды бағалы қағаздардың
кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген коммерциялық бағалы
қағаздар, жобалық облигациялар шығару үшiн жағдайлар
жасау, сондай-ақ корпорациялық басқару нормаларын
енгізу және "Секьюритилендiру туралы" заң жобасын
қабылдау арқылы мүмкiндiктердi кеңейту;
бағалы қағаздар рыногының институционалдық
инфрақұрылымын және бағалы қағаздар рыногында
салық салу режимiн одан әрi жетiлдiру;
бағалы қағаздар рыногының тетiктерiн пайдалану,
оның iшiнде компаниялардың ұйымдасқан рынокта өз
бағалы қағаздарының листингi арқылы
шаруашылық субъектiлерiнiң капиталды тартуын
ынталандыру;
эмитенттiң инвесторлардың құқықтары мен
мүдделерiн сақтауына қадағалау жүйесiн жетiлдiру.
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру:
нәтиже Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамытуды
ынталандыруға, экономиканың нақты секторларына
инвестициялауды дамыту және оның ауқымын
кеңейту мақсатында инвесторлардың қаражатын
жұмылдыру үшiн инвестициялық қорларды құруға және
дамытуға;
тұрғындардың инвестициялық мәдениетiнiң
деңгейiн арттыруға;
бағалы қағаздар рыногы саласында Қазақстанда
сертификатталған халықаралық
инвестициялық талдаушылардың келуiне қажеттi
жағдайлар жасау арқылы кадр әлуетiн жақсартуға;
эмитенттер мен басқа бағалы қағаздар
рыногына қатысушыларының ақпаратты ашу тәртібін
жетiлдiруге;
инвестициялаудың мүмкiндiктерiн кеңейту;
бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен
реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi.
Қажеттi Бағдарламаны iске асыру қолданыстағы қаржыландыру
ресурстар және нормалары шегiнде тиiстi нормативтiк құқықтық
қаржыландыру кесiмдердi жетiлдiру арқылы қамтамасыз етiлуi
көздерi мүмкiн, сондай-ақ мөлшерi 2007 жылдың
бюджетінде айқындалатын тұрғындарға қажеттi бағалы
қағаздар рыногы туралы оқыту бағдарламаларын
қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат
талап етедi.
Iске асыру 2005-2007 жылдар
мерзiмi
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Қаржы министрлігі) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының Президентi өткiзген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің есебі туралы" мәжілісте (2004 жылғы 26 сәуiрдегі № 01-8.1 хаттама) және 2004 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерiнiң IV конгресiнде Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірледі.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 658 қаулысымен бекітілген алдыңғы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасымен (бұдан әрi - 1999-2000 жылдарға арналған Бағдарлама) сабақтастық негiзiнде, оны iске асыру барысында анықталған бағалы қағаздар рыногының қазiргi жай-күйiн, негiзгi мақсаттарын және оны тиiмдi дамыту жөніндегі мiндеттердi ескере отырып қалыптастырылды.
3. Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының қазiргi
жай-күйiн талдау
Қаржы министрлігінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары
Қаржы министрлігінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары (бұдан әрi - МБҚ) бағалы қағаздар рыногында негiзгi өтiмдi және тәуекелсіз құралдары болып табылады.
МБҚ рыногы қазiргi уақытта айналыс мерзiмi, инвесторлық базасы, сыйлықақы есептеу тәсiлi мен инфляциялық процестерден қорғалуы жағынан ерекшеленетiн құралдарды қамтиды.
1-кесте
МБҚ даму серпiнi
Жылдар | Мемлекеттік бағалы қағаздардың атауы, айналыс мерзiмдерi, ай | Орналас- тыру көле- мi, млн. теңге |
2000 | МЕККАМ3, 6, 12 | ҰЖО 12 | МЕОКАМ24, 36 | МЕИКАМ9, 18 | МЕКАВМ6, 9, 12 | | 61 278,4 |
2001 | МЕККАМ3, 6, 9, 12 | | МЕОКАМ 24-60 | МЕИКАМ 18-84 | | | 25 929,8 |
2002 | МЕККАМ3, 6, 9, 12 | | МЕОКАМ 24-60 | МЕИКАМ18, 24, 36 | | | 51 766,4 |
2003 | МЕККАМ3, 6 | | МЕОКАМ 24-120 | | | МАОКО 12, 24, 36 | 105 113,2 |
Көзi: Қаржы министрлігі
Үкiметтiк қарыз алу көлемдерiнiң өсуi, шығарудың жалпы санын қысқарта отырып, МБҚ айналыс мерзiмiн біртiндеп ұзарту және орналастыру көлемдерiн ұлғайту МБҚ-дың айналыстағы көлемiн ұлғайтуға алып келдi. Қазiргi уақытта бір жылдан бес жылға дейiнгі айналыс мерзiмi бар құралдар iшкi үкiметтiк борыш құрылымының неғұрлым көп көлемiн алады және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарапынан сұранысқа ие неғұрлым ұзын құралдардың белгiлі бір жетiспеушiлiгi бар (2-кесте).
2-кесте
2001-2003 жж. МБҚ-дың айналыс көлемi
млрд. теңге
Айналыстағы МБҚ | 1.01.02 ж. | 1.01.03 ж. | 1.01.04 ж. |
бір жылға дейiн | 2,13 | 2,49 | 5,33 |
бір жылдан бес жылға дейiн | 33,85 | 76,51 | 135,08 |
бес жылдан жоғары | 34,66 | 29,47 | 25,24 |
Барлығы | 70,64 | 108,462 | 168,65 |
Көзi: Қаржы министрлігі
Инвестициялау үшiн ең тартымды құралдардың бірi болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты Бюджет кодексiнде оларды тек республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және үкiметтiк борышты қайта қаржыландыру мақсаттарында ғана шығару көзделгенiн атап өткен жөн. Сондықтан да МҚБ эмиссиясының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiне байланысты.
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаздары
МБҚ мәртебесi бар қазақстандық жергiлiктi атқарушы органдарының облигациялар рыногы 1999 жылғы шiлдеден бастап өз қызметiн бастады. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында iшкi рынокта қарыз алуды жүзеге асырады.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарының облигацияларын бастапқы орналастырудың барлығы Қазақстан қор биржасында жүргiзiлдi.
Жергiлiктi атқарушы органдарының облигациялары орналастырыла бастағаннан берi қағаздардың айналыс мерзiмiнiң ұлғаю және қарыз алу құнының төмендеу үрдiсi байқалды (3-кесте).
3-кесте
Жергiлiктi атқарушы органдарының облигациялар
рыногы көрсеткiштерiнiң өзгерісі
Жыл | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 |
Айналыс мерзiмi, жыл | 1 | 1 | 1-5 | 3-4 | 4-5 |
Орта өлшемдегi кiрiстiк, % | 13,85 | 10,99 | 8,82 | 8,70 | 8,50 |
Орналастыру көлемi, млн. теңге | 850,00 | 649,90 | 6779,10 | 3299,20 | 4692,90 |
Көзi: Қаржы министрлігі
2005 жылдан бастап жергiлiктi атқарушы органдарға iшкi рынокта мемлекеттік бағалы қағаздар шығару түрінде қарыз алуға тыйым салынатын болады.
Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноталары
1995 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша базасын жедел реттеудің негiзгi құралына айналған қысқа мерзiмдi ноталарын шығара бастады. Ноталар дегенiмiз дисконтталған материалсыздандырылған бағалы қағаз. Ұлттық Банктің ноталары МБҚ болып табылады және бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста.
Ноталар бастапқыда айналымның мерзiмiне - 7-ден 91 күнге дейін ие болды. Айналыстың қысқа мерзiмдерi екi себепке негiзделдi: біріншіден, ақша базасын реттеуге байланысты шаралардың қысқа мерзiмдiлiгiне, екiншiден, олар Үкiметтiң бағалы қағаздарымен бәсекелестiкке түспеуі керек едi.
1999 жылғы сәуірде, теңгенің еркін құбылмалы бағамының режимiн енгізу кезеңiнде валюталық ноталар (соның ішінде, бір жолғы тәртiппен - зейнетақы активтерін қорғау үшін 35 күндiк айналысымен арнайы валюталық ноталар) шығарылды.
Біртіндеп, Қаржы министрлігінің өзiнiң бағалы қағаздарының айналыс мерзімдерін ұлғайтуына қарай Ұлттық Банк ноталардың айналыс мерзiмiн де біртіндеп ұлғайта бастады. Қазiргі уақытта ноталар 1 жылға дейiнгi айналыс мерзімімен шығарылады.
Үкіметтің бағалы қағаздарының таза эмиссиясының едәуір төмендеуiндегі қаржы рыногында өтiмдiлiктiң жоғары деңгейі Ұлттық Банк банктердің шектен тыс өтiмдiлiгiн ретке келтіру үшiн 1999 жылға қарағанда (132,5 млрд. теңгеге дейiн) қысқа мерзiмдi теңге ноталарын 2 еседен көп шығаруға әкеп соқты. Бұл айналыстың барлық мемлекеттік теңге қағаздарының құрылымындағы Ұлттық Банктің ноталар (бұдан әрi - ҚҰБ ноталары) үлесiнiң ұлғаюына әкелді. Қазір ноталар рыногы бағалы қағаздар рыногының айтарлықтай сегментiн құрайды (1-сурет).
1-сурет
ҚҰБ ноталарын шығару көлемдерінің өсу серпiні
Ең алдымен шетелдiк валютаның көп құйылып түсуiне негізделген инфляцияның 2003 жылғы өсу үрдiсi 2004 жылдың 1-шi жарты жылдығында да жалғастырылды. Бұл ноталарды шығару көлемiнiң ұлғаюына негiз болды.
2004 жылдың 1-шi жарты жылдығында Ұлттық Банк қысқа мерзiмдi ноталарды 262,7 млрд.теңге сомасына шығарды, ал олардың айналыстағы көлемi 57,0%-ғa 311,8 млрд. теңгеге дейiн ұлғайды. Бұдан басқа, 392,8 млрд. теңге мөлшерiнде репо операциялары жүргiзiлдi.
Нәтижесiнде, Ұлттық Банктiң бағалауы бойынша 2004 жылдың 1-шi жарты жылдығында қысқа мерзiмдi ноталарды шығарумен және репо операцияларын жүргiзумен тазартылған шетелдiк валютаны сатып алу көлемi 65-70%, соның iшiнде 1-тоқсанда - 70-75%, 2-тоқсанда - 60-65% құрады.
Қайталанған рыноктың жеткiлiктi дамымағандығынан Ұлттық Банкте мынадай проблемалар:
1) бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыру проблемасы және нәтижесiнде,
2) ашық рынокта операцияларды жүргiзу көлемдерiн кеңейту күрделiлiгi,
3) Ұлттық Банктiң ресми ставкаларының реттейтiн функцияларын күшейтуге байланысты қиындықтар туындайды.
Қазiргі уақытта Ұлттық Банк ашық рыноктың операцияларын жүргiзу мүмкiндiгiнiң шектеулiлiгiн инфляция бойынша белгiленген деңгейлерге қол жеткізу үшiн Ұлттық Банк банктiң қолма-қол ақшасын1реттейтiн негiзгі құралдары болып табылатын қысқа мерзiмдi ноталарды шығарумен өтейдi.
____________________
1 Банктің қолма-қол ақшасы - коммерциялық банктер өз клиенттерінің ағымдағы күн сайынғы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшiн жинақтайтын қолма-қол ақша
Институционалдық инфрақұрылым
2001-2004 жылдар кезеңiнде бағалы қағаздар рыногының институционалдық инфрақұрылымының сандық көрсеткiштерi тұрақты болып қалды, бұл негiзiнен Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының институционалдық инфрақұрылымының қалыптасқанының және оның қазiргi кезеңдегi сұраныстарына сай екендiгiнiң куәсi.
4-кесте
Бағалы қағаздар рыногының институционалдық
инфрақұрылымы
Тиiстi лицензиясы бар ұйымдардың саны | 01.01. 01. ж | 01.01.02. ж | 01.01. 03. ж | 01.01.04. ж | 01.04. 04. ж |
Брокерлер-дилерлер | 51 | 51 | 50 | 52 | 54 |
оның iшiнде: | | | | | |
банктер | 25 | 23 | 23 | 23 | 24 |
олардың І санаттағылары | 20 | 19 | 20 | 21 | 22 |
банктiк емес ұйымдар | 26 | 28 | 27 | 29 | 30 |
олардың I санаттағылары | 20 | 22 | 21 | 23 | 23 |
Тiркеушiлер | 23 | 22 | 21 | 19 | 19 |
Кастодиандар | 12 | 11 | 10 | 10 | 10 |
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарушылар | 7 | 8 | 9 | 10 | 10 |
Жинақтаушы зейнетақы қорлары | 16 | 15 | 15 | 16 | 16 |
Инвестициялық портфельдi басқарушылар | 2 | 3 | 4 | 10 | 10 |
ӨРҰ | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Көзi: Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігi
Сонымен қатар Қазақстандық бағалы қағаздар рыногында консервативтi үлгiдегi институционалдық инвесторлардың - жинақтаушы зейнетақы қорлары басым болуына байланысты оны консервативтi деп сипаттауға болады.
Мұндай жағдайларда неғұрлым икемдi және мемлекет барынша аз реттейтiн бәсекелестер теңгерiм жасауы тиiс, инвестициялық қорлар олардың бастысына айналуы керек. "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бiрiншi жеке меншiк қорлар да тiркелген. Кәсiпқой басқарушылары бар инвестициялық қорлар құру iшкi жинақтардың тұрақты өсуi, оларды экономиканың нақты секторына тиiмдi тарту қажеттiгi және Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларында әсiресе маңызды.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногының негiзгi
көрсеткiштерi
Акциялар рыногы
Соңғы үш жылда қазақстандық бағалы қағаздар рыногы сыйымдылығының өсуi байқалуда. 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша акциялар рыногын капиталдандыру бір жылда 66,4%-ға ұлғайып, 347,5 млрд. теңге1 құрады, бұл көрсеткiштiң Қазақстанның жалпы iшкi өнiмi көлеміндегі үлес салмағы 7,8%-ды құрайды. Ұйымдастырылмаған рынок жөніндегі мәлiметтердiң болмауына байланысты акциялар рыногын капиталдандыруды тұтастай айқындау мүмкiн емес.
_________________
1қазақстан қор биржасының мәлiметтерi бойынша
Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген акцияларды капиталдандырудың аталған қазақстандық компаниялардың рыноктық құнының өсуiн көрсететiн өсуi, бірiншiден, листингтiк компаниялардың2 жарғылық капиталдарының (орналастырылған акциялар санының) өсуiмен, екiншiден, осы акциялар құнының өсуiмен және үшiншiден, биржаның ресми тiзiмiне енгiзiлген акциялар санының ұлғаюымен негiзделген.
_________________
2 листингтік компаниялар - бағалы қағаздары ресми тiзiмге енген эмитенттер ("Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ мүшелерi жиналысының 2002 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешiмiмен бекітілген листингтiк ереже)
Қазақстан қор биржасы 2000 жылғы 2 шiлдеде KASE_Shares индексiн құрды, ол "А" санатындағы биржаның бағалы қағаздарының ресми тiзiмi акцияларының эмитенттерiн рыноктық капиталдандыруды есепке алғандағы сұранысының баға белгілеуiнiң өзгеруiн көрсетедi. 5-кестеде KASE_Shares индексiнiң Қазақстандағы акциялар рыногының құбылмалылығын бейнелейтiн жыл соңындағы мәнi көрсетiлген.
5-кесте
KASE_Shares индексi
| 2000 | 2001 | 2002 | 2003 |
KASE Shares | 106,3562 | 103,9173 | 40,1721 | 142,4260 |
Көзi: Қазақстан қор биржасы
Сонымен қатар Қазақстандағы ұйымдастырылған рыноктың қазақстандық компанияларының капиталдануы мен оның жалпы iшкi өнiмге қатынасы өте төмен деңгейде қалып отыр және баяу өсуде. Әлемдiк тәжiрибеде акциялар рыногын капиталдандырудың жалпы iшкi өнiмге ара қатынасы: Ұлыбританияда - 107%-ды, АҚШ-та - 103%-ды, Ресейде - 51%-ды, Германияда - 33%-ды, дамушы рыноктар үшiн - орта есеппен 25%-ды құрайды. Салыстыру үшiн төменде бағалы қағаздары Қазақстандағы жалғыз қор биржасы болып табылатын Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне қосылған компаниялардың және үлесiне Ресейдiң алдыңғы қатарлы биржаларының жиынтық айналымының 80%-ы тиетiн Мәскеу банкаралық валюта биржасын (бұдан әрі - МБВБ) капиталдандыру көрсеткіштері келтірілген.
6-кесте
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының және
МБВБ-ның ресми тiзiмдерiне қосылған компанияларды
капиталдандыру көрсеткiштерi
| Қазақстан қор биржасын капиталдандыру1 | МБВБ-сын капиталдандыру2 |
млн, теңге | млрд. AҚШ долл. | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның жал- пы iшкi өнiмiне %-бен | млрд. АҚШ долл. | Ресей Феде- раци- ясының жалпы iшкi өнi- мiне %-бен |
2001 | 181718,198 | 1,204 | 5,59 | 66 | 21 |
2002 | 208991,201 | 1,341 | 5,58 | 92 | 27 |
2003 | 347519,994 | 2,425 | 7,81 | 150 | 35 |
Көзi: 1- қазақстан қор биржасы
2- МБВБ - www. hatt//miсех.ru.
Осылайша, республика экономикасындағы бағалы қағаздар рыногының рөлi мардымсыз болып табылады, Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын төмен деңгейде капиталдандыру және оны кәсiпорындардың кәсiпорынның экономикасына инвестициялар тарту тетiгi ретiнде бағаламауы оның елеулi проблемалары болып қалуда.
Ұйымдастырылған рыноктың қазақстандық P/E (баға/кiрiс) көрсеткiшi де осының куәсi, бұл көрсеткiшке сәйкес Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiнiң акциялары еуропа елдерi мен Ресейдiң тиiстi көрсеткiштерiне қатынасы бойынша айтарлықтай жеткiлiксіз бағаланған.
7-кесте
Басқа елдермен салыстырғанда
Қазақстандағы Р\Е коэффициентi
| 2000 | 2001 | 2002 | 2003 |
Қазақстан1 | | 2,59 | 2,21 | 2,32 |
Ресей2 | 2,44 | 4,31 | 4,93 | |
Еуропалық стандарт бойынша орташа мәнi | 16,5 | 18,9 | | |
Көзi: 1- Қазақстан қор биржасы
2 - Ресейдiң БҚФК
Корпорациялық облигациялар рыногы
1999 жылдан бастап алғашқылары биржаның ресми тiзiмiне 1999 жылғы 1 ақпанда енгiзiлген биржалық рыноктың корпорациялық облигацияларын дамыту басталды. Сол жылы (7 шiлдеде) жергiлiктi атқарушы органдарының облигацияларын орналастыру жөнiнде бірiншi аукцион өткiзiлдi.
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұйымдастырылған рыноктың корпорациялық облигацияларын капиталдандыру бір жылда
96,5%-ға ұлғайып, 373,0 млрд. теңге (2,6 млрд. АҚШ долларын) құрады, бұл жалпы iшкi өнiмнiң 8,4%-ын құрайды. Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктың айналыстағы қазақстандық корпорациялық облигацияларының жыл соңындағы көлемi екi есе аз және 182,5 млрд. теңге (1,27 млрд. АҚШ долларын) құрайды.
8-кесте
Қазақстандық корпорациялық
облигациялар көлемi
жылдар | Ұйымдастырылған рынок- тың айналыстағы корпо- рациялық облигация- ларының жыл соңындағы көлемi1 | Шығаруға жарияланған корпорациялық облига- циялардың жыл соңындағы көлемi2 |
млн. теңге | млрд. АҚШ долл. | Қазақ- стан Респуб- лика- сының ЖІӨ-не %-бен | млн. теңге | млрд. АҚШ долл. | Қазақстан Республи- касының ЖIӨ-не %-бен |
2001 | 88085,555 | 0,58 | 2,7 | 236442 | 1,57 | 7,3 |
2002 | 184793,523 | 1,19 | 4,9 | 284639 | 1,83 | 7,5 |
2003 | 364329,671 | 2,54 | 8,2 | 379104 | 2,6 | 8,5 |