айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-бап. Бюджет қаражатын дер кезiнде есептемеу немесе мақсатсыз
пайдалану
1. Мемлекеттiк бюджет кiрiсiне түскен қаражаттың немесе мемлекеттiк бюджеттен тиiстi банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның алушыларының шотына аударылған қаражаттың дер кезiнде есептелмеуi, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және (немесе) бұл қаражатты бекiтiлген сметадан артық жұмсау туралы мiндеттемелер қабылдау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
178-бап. Лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы
1. Уәкілеттi лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтаруы не бухгалтерлiк есептiң бекiтiлген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде, iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұрмаланған қаржы есеп-қисабын жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге тиiстi деректердi iрi залал келтiрмей жасыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы және өзге де есеп құжаттарын iрi залал келтiрмей жойып жiберу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
179-бап. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы
1. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару немесе бухгалтерлiк есептiң бекiтiлген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық субъектiлерiнiң меншiк иелерiне, тiркеу орны бойынша мемлекеттiк статистика органдарына, бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретiне сәйкес қаржы есеп-қисабын табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелдi себепсiз табыс етпеу, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңды тұлғалардың валюта операцияларын бухгалтерлiк есепте олардың нәтижелерiн тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Заңды тұлғалардың есепке алу мен есеп-қисаптың белгiленген нысандары тәртiбiн бұза отырып валюта операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзуi, -
тиiстi дәрежеде есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
180-бап. Валюта операциялары бойынша есеп-қисап табыс ету ережелерiн
бұзу
Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн валюта операциялары бойынша есеп-қисапты табыс етпеуi, дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес есеп-қисапты табыс етуi, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
181-бап. Анықтама-сертификатты дұрыс жазбау
Уәкiлеттi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктiнiң бухгалтерлiк құжаттарда осы операцияны жазып көрсетпей шетел валютасын қолма-қол сатып алу (сату) туралы анықтама-сертификатты жазып беруi, -
заңды тұлғаға анықтама-сертификат жазылған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
182-бап. Валюта құндылықтарын пайдаланумен байланысты операциялар
жасауға лицензия алу үшiн құжаттар беру мерзiмiн бұзу
Азаматтар мен заңды тұлғалардың валюта құндылықтарын пайдалануға байланысты операциялар жасауға лицензия алу үшiн құжаттар беру мерзiмiн бұзуы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
183-бап. Аудитордың немесе өзге адамның бухгалтерлiк есеп туралы
заңдардың бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс
берушiлерден жасыруы
Аудитордың немесе есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа қол жеткiзе алатын өзге адамның заңдардың және бухгалтерлiк есептi жүргiзуде немесе тексеру жүргiзу кезiнде анықталған қаржылық есеп-қисап жасауға қойылатын белгiленген талаптардың бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -
аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-бап. Аудитордың (аудиторлық ұйымның) дұрыс емес қорытынды жасауы
Аудитордың (аудиторлық ұйымның) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауы, -
аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан айыра отырып, аудиторға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, аудиторлық ұйымға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
185-бап. Аудиторға (аудиторлық ұйымға) дұрыс емес ақпарат табыс ету
Аудиторға (аудиторлық ұйымға) тексерiлiп жатқан адамның аудит жүргiзiлу барысында дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауға әкеп соғатын дұрыс емес немесе толық емес ақпарат табыс етуi, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
186-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару
Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
ұйым басшысына - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 187-бап жаңа редакцияда
187-бап. Ұлттық және шетелдiк валюта түрiндегi қаражатты
шетелден қайтармау, сол сияқты импорттық мәмiлелер
бойынша алынатын тауарды алмау не ақшаны қайтармау
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктерiнiң шоттарына мiндеттi аударуға жататын ұлттық және шетелдiк валюта түрiндегi қаражатты шетелден қайтармау, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаған жағдайда, -
азаматтар мен лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Валюта заңдарында белгiленген мерзiмде импорттық мәмiлелер бойынша оған төленген ақша сомасына баламалы тауарды алмау не ақшаны қайтармау, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
188-бап. Валюта заңдарының нормаларын бұза отырып, валюталық
операциялар жүргiзу
Қазақстан Республикасының валюта заңдарының нормаларын бұзатын валюталық операциялар жүргiзу, -
азаматтарға және заңды тұлғаларға белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзген операция сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
189-бап. Шетелдiк банктерде және өзге де қаржы институттарында
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясынсыз
шоттар ашу
Резиденттердiң шетелдiк банктерде және өздерiн тiркеген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқыққа ие өзге де қаржы институттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясынсыз шоттар ашуы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
190-бап. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған кезде қызметтiк ақпаратты
заңсыз пайдалану
Қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратқа қол жеткiзе алатын және бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерi қол жеткiзе алмайтын ақпаратты пайдалана отырып бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын адамдардың жеке өзi үшiн пайда алу мақсатындағы iс-әрекеттерi, сол сияқты қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратты басқа адамдардың пайда алуы үшiн оларға табыс етуi, егер олар iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. N 416-II Заңымен 191-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 191-бап өзгертілді
191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн
бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы - эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 192-бап өзгертілді
192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы, -
жарнама берушiге айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 193-бап өзгертілді
193-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға дұрыс емес
мәлiметтер табыс ету
1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны (рұқсатты), өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi алуы, сол сияқты уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамауы -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға бағалықағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мәлiметтердi табыс етуi, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 194-бап өзгертілді
194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарының акционерлiк қоғам iстерiн акционерлердiң басқару құқықтарын, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiн, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарын бұзуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртiбiн бұзу
Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 196-бап өзгертілді
196-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн және бағалы қағаздар
бойынша шоттар жүргiзу тәртiбiн бұзу
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн және бағалы қағаздар бойынша шоттарды (жеке шоттарды, "депо" шоттарын) жүргiзу, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздарға, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, меншiк құқығы мен өзге де құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 197-бап өзгертілді
197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есеп-қисапты табыс ету мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II Заңымен 197-1-баппен толықтырылды
197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және
бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың
қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының есеп-қисаптарды
табыс ету мерзiмiн бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе дұрыс емес
ақпаратты жариялауы
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты баспа басылымдарында жариялауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi
бұзу
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi орындамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 201-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың
бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзуы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу
Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде белгiленген шектеулердi бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы
мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды
адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай
мiндеттемелердi қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке тұрмаған әр айы үшiн салық салынатын айналым сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II Заңымен 205-1-баппен толықтырылды
205-1-бап. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде
қызметтi заңсыз жүзеге асыру
Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II Заңымен 206-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
206-бап. Салық есеп-қисабын, сондай-ақ салық төлеушiнiң мониторингiн
жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушiнiң, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмде салық органына салық есеп-қисабын табыс етпеуi, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға төленуге тиiстi, бiрақ төленбеген салықтың және басқа да мiндеттi төлем сомасының он процентi, бiрақ жиырма айлық есептiк көрсеткiштен кем емес мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң мұндай есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiнен тоқсан күн өткенше салық органына салық есеп-қисабын табыс етпеуi, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға төленуге тиiстi, бiрақ төленбеген салықтың және басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi, бiрақ қырық айлық есептiк көрсеткiштен кем емес мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiлердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электронды түрдегi) салық төлеушiнiң табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi құнының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған нақ сол әрекеттер, -
жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi құнының жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
208-бап. Кiрiстердi, шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке
алу ережелерiн бұзу
1. Салық төлеушiде кiрiстер, шығыстар және салық салу объектiлерi есебiнiң болмауы немесе осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзiлуi, -