1) тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегi елдiң құқығы;
2) өндiрушiнiң немесе қызмет көрсетушi тұлғаның тұрғылықты жерiндегi немесе орналасқан жерiндегi елдiң құқығы;
3) тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетiлген елдiң құқығы қолданылады.
1119-бап. Негiзсiз баю
1. Негiзсiз баюдың салдарынан туындайтын мiндеттемелерге баю орын алған елдiң құқығы қолданылады.
2. Егер негiзсiз баю мүлiк сатып алынған немесе сақталған негiздiң болжауы салдарынан туындаса, қолданылатын құқық осы негiз бағындырылған елдiң құқығы бойынша анықталады.
3. Негізсіз баю ұғымы Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.
7. Интеллектуалдық меншiк
1120-бап. Интеллектуалдық меншiкке құқықтар
1. Интеллектуалдық меншiкке құқықтарға осы құқықтарды қорғау сұралатын елдiң құқығы қолданылады.
2. Интеллектуалдық меншiкке құқық өз нысанасы болатын шарттар осы бөлiмнiң шарттық мiндеттемелер туралы ережелерiне сәйкес анықталатын құқықпен реттеледi.
8. Мұрагерлiк құқық
1121-бап. Мұрагерлiк бойынша қатынастар
Мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса, осы Кодекстiң 1122 және 1123-баптарында өзгеше көзделмегендiктен, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады.
1122-бап. Адамдардың өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабілеттілігі, өсиеттің және оның күшін жою актiсiнiң нысаны
Адамның өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды.
1123-бап. Қозғалмайтын мүлiктi және мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi мүлiктi мұраға қалдыру
Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады.
9. Қорғаншылық және қамқоршылық
1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық
1. Кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленедi және олардың күшi өзiне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленетiн немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.
2. Қорғаншының (қамқоршының) қорғаншылықты қамқоршылықты) қабылдау мiндетi қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша белгіленеді.
3. Қорғаншы (қамқоршы) мен қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адамның арасындағы құқықтық қатынастар мекемесі қорғаншыны (қамқоршыны)
тағайындаған елдің құқығы бойынша белгіленеді. Алайда қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер осы адам үшін бұл неғұрлым қолайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына белгіленген қорғаншылық (қамқоршылық), егер Қазақстан Республикасының тиісті консулдық мекемесінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуге қарсы немесе оны тануға қарсы заңға негізделген қарсылықтары болса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Қазақстан Республикасының