екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары жасаған қылмысты күнi бұрын уәде берместен жасырғаны үшiн адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды
364-бап. Қылмыс туралы хабарламау
Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс туралы хабарламау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге жазаланады.
Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қылмыс туралы, сондай-ақ дiни қызметшiлер өзiне сенiп сырын ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
365-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау
және оларға заңгерлiк көмек көрсету жөнiндегi заңды
қызметiне кедергi жасау
Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процестерде азаматтарды қорғау, сол сияқты азаматтар мен ұйымдарға заңгерлiк көмек көрсету жөнiндегi заңды қызметiне кедергi жасау, не бұл қызметтiң дербестiгiн және тәуелсiздiгiн өзге де бұзу, егер бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, не қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге жазаланады.
16-тарау. Әскери қылмыстар
366-бап. Әскери қылмыс ұғымы
Әскерге шақыру бойынша не келiсiм шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуi кезiнде әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады.
367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
1. Бағынбау яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгiленген тәртiпте берiлген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесiне елеулi зиян келтiрiп, өзгедей әдейi орындамауы -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал қылмысты ауырлататын жағдайларда өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
5. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған, осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мөлшерде бас бостандығынан айыруға жазаланады.
368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк
мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету
1. Бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзiне жүктелген мiндеттi атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету -
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) қару қолдана отырып жасаса;
в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi
1. Бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе осы мiндеттердi атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери тәртiптiк бөлiмде ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) қару қолданып жасаса;
в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтiрсе -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 370-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
370-бап. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары
болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы
өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу
1. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн кемсiту немесе жәбiрленушiнi масқаралауға байланысты бұзу -
екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) екi немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
г) қару қолданып жасаса;
д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 371-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу
1. Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бiр әскери қызметшiнiң екiншiсiне тiл тигiзуi -
үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға не алты айға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге жазаланады.
2. Бағыныштының бастыққа сол сияқты әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тiл тигiзуi -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 372-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
372-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету
1. Шақыру бойынша әскери қызмет өткерушi әскери қызметшiлер жасаған бөлiмді немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты бөлiмнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезiнде, iссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерiнен қызметке екi тәулiктен ұзақ, бiрақ он тәулiктен артық емес уақытқа дәлелдi себептерсiз мерзiмiнде келмеу -
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Тәртiптiк әскери бөлiмде жазасын өткерiп жатқан әскери қызметшi жасаған дәл сол әрекеттер -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Шақыру бойынша немесе келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерушi әскери қызметшiлер жасаған бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты қызметке он тәулiктен артық, бiрақ бiр айдан көп емес уақытқа дәлелдi себептерсiз мерзiмiнде келмеу -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiм тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер өз бетiмен тастап кету бiр айдан астамға созылса, сол сияқты тәртiптiк әскери бөлiмде жазасын өткерiп жатқан әскери қызметшi жасаған дәл осы әрекет, егер өз бетiмен тастап кету он тәулiктен артыққа созылса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, егер өз бетiмен тастап кету бiр тәулiктен артыққа созылса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Бөлiмдi немесе қызмет орнын ұрыс жағдайында ұзақтығына қарамастан өз бетiмен тастап кету -
үш жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған әскери қызметшi, егер бөлiмдi өз бетiмен тастап кетуi ауыр жағдаяттардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауапкершiлiктен босатуы мүмкiн.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 373-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
373-бап. Қашқындық
1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлiмдi немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қызмет бойынша сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған қашқындық -
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметшi, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 374-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге
тәсiлмен әскери қызметтен жалтару
1. Әскери қызметшiнiң ауруды сылтау ету, немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтiру, немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтаруы -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан толық босану мақсатында жасаған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзу
1. Шекаралық нарядтың құрамына кiретiн немесе шекаралық қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық
ережелерiн бұзу
1. Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вахта) қызметiнiң жарғылық ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет қарауыл (вахта) күзететiн объектiге зиян келтiруге немесе өзге зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 378-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль
болудың жарғылық ережелерiн бұзу
1. Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық ережелерiн бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн және осы ережелердi дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкiмдердi бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның мiндетiне кiретiн болса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
379-бап. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерiн бұзу
1. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кiретiн адамның қызмет атқарудың ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
380-бап. Билiктi терiс пайдалану, билiктiң асыра қолданылуы
немесе әрекетсiздiгi
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын терiс пайдалануы, билiгiн немесе қызметтiк өкiлеттiгiн асыра қолдануы, сол сияқты пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке мүдделiлiкте жасаған және елеулi түрде зиян келтiрген билiктiң әрекетсiздiгi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады,
3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
381-бап. Қызметке селқос қарау
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
382-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету
1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкiмiнсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
383-бап. Жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету
Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
384-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу
Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан өз еркiмен тұтқынға берiлу -
он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
385-бап. Тонаушылық
Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -
үш жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 386-баптың атауы өзгертілді
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери
сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту
1. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдары болып табылса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мемлекеттiк құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе қызметi бойынша белгiлi болған адамның жария етуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
387-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру
1. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру
Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты,
сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу
1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу
1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.