27. Республикалық орта мерзiмдi жоспар және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарлары қолданылып жүрген және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың тiзбесiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерге енгiзу үшiн басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн белгiлейдi.
8-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарларды iске асыруды бақылау
28. Министрлiк орта мерзiмдi жоспарлардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
29. Министрлiк тоқсан сайын елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және Yкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Yкiметтi хабардар етедi және жекелеген iс-шараларға түзету жасау жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
30. Yкiмет экономика мен әлеуметтiк сала дамуының жай-күйi және аса маңызды проблемаларды шешу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентiн хабардар етедi.