Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы
1999 жылғы 2 тамыздағы N 464-I Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 06.11.01 ж. N 252-II; 02.07.03 ж. N 443-II; 09.07.03 ж. N 482-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен енгізілетін өзгерістеріне дейін қолданады
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік қарыз алудың мақсаттары (6-14 баптар)
3-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз (15-28 баптар)
алу және борыш
4-тарау. Кредит берушілердің мүдделерін қорғау (29-31 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер (32-34 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының мемлекеттік қарыз алуы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз алуы процесінде, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 06.11.01.11.06. N 252-II;02.07.03 ж. N 443-II (бұр. ред. қара); 09.07.03 ж. N 482-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды;
2) жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы резидент еместерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы;
3) сыртқы заем - Қазақстан Республикасының резидент емесi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары;
4) сыртқы мемлекеттiк борыш - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент емес кредит берушiлерi алдындағы сыртқы мемлекеттiк заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi;
5) iшкi заем - Қазақстан Республикасының резидентi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары;
6) iшкi мемлекеттiк борыш - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының кредит берушi-резиденттерi алдындағы iшкi мемлекеттiк заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борыштың құрамдас бөлiгi;
7) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заем берушiлерге ұсынатын, иелерiне бiрдей құқықтарды қамтамасыз ететiн әрi орналастыру, өтеу және қызмет көрсету шарттары бiрдей бағалы қағаздардың жиынтығы түрiндегi борыштық мiндеттемелерiнiң шешiм қабылдау және заң жүзiнде ресiмдеу процесi;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкiметтiк, егемен) кепілдiгi - Қазақстан Республикасының заем алушы-резидентi одан алынуға тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кредит берушiлер алдындағы берешектi толық немесе iшiнара өтеуге мiндеттемесi;
9) мемлекет кепілдiк берген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар, алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес заемдардың белгiлi бiр күнгi сомасы;
10) мемлекет кепiлдiк берген заем - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес заем;
11) мемлекеттiк борыш - белгiлi бiр күнге үкiметтiк борыштың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдар борышының сомасы;
12) мемлекеттiк заем - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органы заем алушы болатын заем қатынастары;
13) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заем алушы болатын заемға қатысты оны ұстаушының мүлiктiк құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
14) ақша рыногы - қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiн), өтiмдi борыштық қаржылық құралдар рыногы;
15) заем туралы шарт (келiсiм) - заем алушы сол арқылы заем қаражатын алатын және заем берушiнiң алдында оны қайтару жөнiнде әрi сыйақыны (мүдденi) сондай-ақ заемға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын құқық қатынастарын тiркейтiн құжат;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алған және өтемеген мемлекеттiк заемдардың, сондай-ақ заң актiлерiмен белгілi бiр күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына жатқызылған борыштық мiндеттемелердің сомасы;
17) қарыз алу - заем қаражатын тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдау, заемды тартудың, пайдаланудың, өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттарын анықтау рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердi қамтамасыз етудi және атқарылуына кепiлдiк беру, заем бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және қол қою, заем шарттарын бекiту (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу кезiнде) рәсiмдерiн, тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда, заем қаражатын алуды, пайдалануды, заемды өтеудi және оған қызмет көрсетудi қамтитын процесс;
18) банктің кепiлдiгi - заем алушы заем туралы шарт (келiсiм) бойынша өзi төлеуге тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда екiншi деңгейдегi банктiң (банктердің) немесе шетелдiк банктiң (банктердiң) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттiк емес заем бойынша берешектi өтеу жөнiндегi мiндеттемесi;
19) жергілiктi атқарушы органның борыш лимиті - тиiстi жылға арналған жергілiктi бюджетте жоспарланған жергiлiктi атқарушы органның алған және өтелмеген заемдарының тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақыттағы (қаржы жылының аяғындағы) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышы одан аспауға тиiс;
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сыртқы борыш лимитi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi алған және өтелмеген сыртқы заемдарының жоспарлы тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нақты сыртқы борышы одан аспауға тиiс;
21) алып тасталды
22) үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте жоспарланып отырған, үкiметтiк заемдардың алынған және өтелмеген тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нақты борышы одан аспауға тиiс;
23) мемлекеттiк кепілдіктер беру лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн, соның шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi берiлуi мүмкiн тiркелген сома;
24) борыш мониторингi - борыштың қалыптасуы, өзгеруi және оған қызмет көрсету процесiн қадағалау, талдау және бақылау бойынша мемлекеттiң өзi уәкiлеттiк берген органдардың атынан атқаратын қызметi;
25) мемлекеттiк емес заем - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары;
26) сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (өзгермелi) ставкасы - рыноктық конъюнктураға байланысты өзгерiстерге бейiм кредиттер, заемдар бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) бiрге бағалы қағаздар бойынша кiрiс;
27) борышқа қызмет көрсету - белгiлi уақыт кезеңiнде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы /мүдде/, комиссиялық, айыппұл және басқа да төлемдердi жинақтап төлеу;
28) заемға қызмет көрсету - заем алушының шоттарындағы заем қаражаттарын пайдалануды есепке алу және заем шарттарына сәйкес негiзгi борышты өтеуге төлемдердi, сыйақыны /мүдденi/, комиссиялық және басқа төлемдердi заем алушының жүзеге асыруы жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе банктiң қызметi;
29) борышты өтеу - заем алушының алынған заемдар сомасын кредит берушiлермен (заем берушiлермен) шарттарда (келiсiмдерде) белгiленген тәртiппен қайтаруы (амортизациясы), борышты құрайтын басқа да мiндеттемелердi белгiленген тәртiппен орындауы;
30) бағдарламалық заемдар - Қазақстан Республикасының Үкiметiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсілген Қазақстан Республикасы экономикасын дамыту және реформалау жөнiндегi шараларды орындау талаптарымен халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беретiн заемдары;
31) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу жолымен алғашқы иеленушiлерге беру;
32) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан орны бар заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан орны бар филиалдары мен өкiлдiктерi;
32-1) заем құрылымын өзгерту - тараптардың келiсiмiмен өздерiнiң заем туралы шарт (келiсiм) бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын өзгертуi;
33) несие капиталының рыногы - бос ақшаның жинақталуын қамтамасыз ететiн экономикалық қатынастар жүйесi, оларды несие капиталына айналдыру және оны өз қызметiн түрлi елдерде жүзеге асыратын молықтыру процесiне қатысушылардың арасында қайта бөлу;
34) несие капиталы - сыйақы (мүдде) түрiндегi ақы үшiн қайтарымдылық шарттарында берiлетiн ақша капиталы;
35) негiзгi борыш сомасы - алынған заемның өтелуге тиiстi және кредит берушiге қайтарылмаған, ол бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде), комиссиялық төлемдер мен айыппұлдар сомасы есепке алынбаған сома.
2-бап. Осы Заң реттейтiн объектiлер
Осы Заң реттейтiн объектілер Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын қарыз алу, Қазақстан Республикасының резиденттерi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлетiн қарыз алу, сондай-ақ осындай қарыз алу нәтижесiнде құрылатын мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару болып табылады.
3-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы тек қана Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Мемлекеттiк емес қарыз алу осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
ҚР 06.11.01.11.06. N 252-II;02.07.03 ж. N 443-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Мемлекеттiк органдардың қарыз алу мен борышты басқару саласындағы өкiлеттiгi
1. Қазақстан Республикасының Парламентi өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерi жүктеген республикалық бюджеттi бекiту және мемлекеттiк заемдардың мәселелерi бойынша халықаралық шарттарды бекiту жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заемдарды тарту, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдары бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару саласындағы құзыретiн белгiлейдi;
3) Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының заем туралы шарттарды (келiсiмдердi) жасасу, олардың мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр түрi бойынша жеке мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару, орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу, мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк емес заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тiркеу және есепке алу тәртiбiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен басқару тәртiбiн белгілейдi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Парламентi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк заемдарды, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен сыртқы заемдарды тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;
2) осындай заемдарды тартудың қаржылық шарттарын белгiлейдi;
3) осындай заемдар бойынша шарттар (келiсiмдер) жасасады;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдарын алады, пайдаланады, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi борышының мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi үшiн мiндеттi мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ, мемлекеттiк емес сыртқы заемдар туралы шарттарды тiркеудi және олардың әрi қарай мониторингiн жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышын бағалауды түзедi.
4. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) алып тасталды
2) үкiметтiк заемдардың қаржылық шарттарын белгiлейдi, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарды тартуын келiседi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен келiссөздер жүргiзедi, үкiметтiк заемдардың шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдары бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бередi;
4) үкiметтiк заемдарды алады, пайдаланады, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды және үкiметтiк борышты басқаруды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдарының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша үкiметтiк және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктерге уәкiлдiк бередi;
7) барлық мемлекеттiк заемдарды және мемлекеттiк кепiлдiктердi тiркеудi, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады;
8) алып тасталды
4-1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саясатын әзiрлеуге қатысады;
2) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.
5. Жергiлiктi өкiлдi орган жергiлiктi атқарушы органның заемдарды тартудың қажеттiгi мен шарттары туралы шешiмдер қабылдайды.
6. Жергiлiктi атқарушы орган:
1) жергiлiктi өкiлдi органға жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға iшкi заемдарды тарту қажеттiгi туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) келiссөздер, жергiлiктi атқарушы органның заемдарын келiсудi, ресiмдеудi және қол қоюды жүргiзедi, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығарады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органның ішкі заемдарына қызмет көрсету үшiн тартылатын екiншi деңгейдегi банктердi анықтайды;
4) жергiлiктi бюджеттi атқару тәртiбiмен жергiлiктi атқарушы органдардың заем қаражаттарын алады және пайдаланады, осындай заемдарды өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;
5) жергiлiктi атқарушы органның заемдарын тiркейдi және жергiлiктi атқарушы органның борыш мониторингi мен оны басқаруды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметiне жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекеттiк борышты және жергiлiктi атқарушы органдардың борышын басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
5-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың
жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттiк борышты өтеу есебiне төленген қаражаттың сомасы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының берiлген мемлекеттiк кепiлдiктерi және кепiлдiктер бойынша төленген қаражаттың сомасы туралы мәлiметтер ашық болып табылады әрi оларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялап тұруға тиiс.
2-тарау. Мемлекеттік қарыз алудың мақсаттары
ҚР 06.11.01.11.06. N 252-II;02.07.03 ж. N 443-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Мемлекеттiк қарыз алудың мақсаттары
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыз алуы Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн толықтыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүргiзiлiп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады.
7-бап. Мемлекеттiк заемдардың түрлерi мен нысандары
1. Заем алушыға қатысы бойынша мемлекеттiк заемдар:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заемдары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдары;
3) Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының заемдары болып бөлiнедi.
2. Несие капиталының рыногы бойынша мемлекеттiк заемдар:
1) сыртқы мемлекеттiк заемдар;
2) iшкi мемлекеттiк заемдар болып бөлiнедi.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттiк заемдар:
1) мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы;
2) заем туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу болып бөлiнедi.
4. Қолданылу мерзiмi бойынша мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар:
1) айналыс мерзiмi 1 жылға дейiн, қысқа мерзiмдi;
2) айналыс мерзiмi 1 жылдан 10 жылға дейiн, орта мерзiмдi;
3) айналыс мерзiмi 10 жылдан астам, ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi.
Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар оны ұсынушылар үшiн тек қана құжаттық нысанда шығарылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мүдденiң) бекiтiлген және бекiтiлмеген (өзгермелi) ставкасымен шығарылуы мүмкiн.
ҚР 2001.11.06. N 252-II Заңымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Мемлекеттiк заемдарды тарту тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заем туралы келiссөздер жүргiзу, шарттарға (келiсiмдерге) қол қою тәртiбiн, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсiру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан заемдарды тартуды заем туралы әрбiр жеке шарт (келiсiм) немесе мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың түрi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмi негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады, ол осындай мемлекеттiк бағалы қағаздардың әрбiр эмиссиясының көлемiн, мерзiмiн және талаптарын белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдарды тарту тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдармен белгiленедi.
3. Жергiлiктi атқарушы органның заемды тартуы жергiлiктi атқарушы органдардың заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында заем туралы шарттарына (келiсiмдерiне) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асыратын мiндеттi құқықтық сараптама және заем талаптарына бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын қаржылық сараптама жасау арқылы жүргiзіледi.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган сараптамасының нәтижелерi оң болған жағдайда, келiссөздер жүргiзудi, заем туралы шарттардың (келiсiмдердiң) ресiмделуi мен оларға қол қоюды, қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органының заемдар тартуын жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында заемды тартуы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен мемлекеттiк бағалы қағаздардың әрбiр эмиссиясының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де шарттарын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсу арқылы жүргiзiледi.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Мемлекеттiк қарыз алуды шектеу
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алуы тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген үкiметтiк борыштың лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражаттың көлемiмен шектеледi.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарыз алуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы борышының лимитiмен шектеледi, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан бағдарламалық заемдар тартатын жағдайларды қоспағанда, оның таза алтын-валюталық активтерiнің 50 процентiнен аспайтын деңгейде белгiленедi.
3. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк қарыз алуы жергiлiктi атқарушы органның белгiленген қарыз алу және борыш лимиттерiмен тиісті қаржы жылының аяғындағы борыш лимитімен және жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi.
Жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет кiрiсiнiң 25 процентiнен аспауға тиiс. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемi тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет кiрiсiнiң 10 процентiнен аспауға тиiс.
Жергiлiктi атқарушы органдардың сыртқы заемдар тартуына жол берілмейді.
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II; 02.07.03 ж. N 443-II (бұр.ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Мемлекеттiк заемдарды пайдалану тәртiбi
1. Үкiметтiк заемдар бойынша алынған қаражат республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады және тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi атқару тәртiбiмен пайдаланылады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдары бойынша алынған қаражат Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау мақсатына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн толықтыруға пайдаланылады.
3. Жергілiкті атқарушы органның заемдары бойынша алынған қаражат жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға жұмсалады және тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу тәртібімен пайдаланылады.