2. Екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағанға қатысты жасалған дәл сол әрекет, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ)
жұқтыруы
1. Басқа адамды көрiнеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнге мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өзiнде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа адамға жұқтыруы, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет, -
сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж N 47-II Заңына сәйкес 117-бап өзгертілді
117-бап. Заңсыз аборт жасау
1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға жазаланады.
2. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адамның заңсыз аборт жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға жазаланады.
3. Заңсыз аборт жасағаны үшiн бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адамның, сол сияқты мұндай бiлiмi жоқ адамның заңсыз аборт жасауы, егер бұл әрекет абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
1. Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелдi себептерсiз науқасқа көмек көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлуiне, не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру
1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, кiнәлi кiсiнiң ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған және ол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйде өзi қалдырған жағдайларда, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiн мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Көмексiз қалдырған адамның абайсызда өлуiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, (не алты айға дейiнгi мерзiмге), не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 120-бап өзгертілді
120-бап. Зорлау
1. Зорлау, яғни жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жыныстық қатынас жасау, -
үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Зорлауды:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтiремiн деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездiкпен жасалса;
в) жәбiрленушiнiң соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
г) бiрнеше рет немесе бұрын нәпсi құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерiн жасаған адам жасаса;
д) көрiнеу кәмелетке толмағанға жасаса, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Зорлау:
а) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
в) жәбiрленушiнiң он төрт жасқа толмағанын көрiнеу бiле тұрып;
г) қоғамдық зiлзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында жасалса, -
сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
121-бап. Нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану
1. Еркек пен еркектiң жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жасалған нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер, -
үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттердi:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласып адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтiремiн деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездiкпен жасаса;
в) жәбiрленушiнiң соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
г) бiрнеше рет жасалған немесе бұрын зорлау жасаған адам жасаса;
д) кәмелетке толмағаны көрiнеу адамға қатысты жасаса, -
төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне әкеп соқса;
б) абайсызда жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруiне, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
в) кiнәлiге он төрт жасқа толмағаны көрiнеу адамға қатысты жасалса,-
жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 122-бап өзгертілді
122-бап. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста
болу және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер
Он алты жасқа жетпеген айқын адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектiң немесе әйел мен әйелдiң қатынасы немесе нәсiпқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 123-бап өзгертілді
123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық
қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас
жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де
iс-әрекеттерге мәжбүр ету
Адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүлкiн бүлдiру немесе тартып алу жолымен не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттердi жасауға мәжбүр ету -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 124-бап өзгертілді
124-бап. Жас балаларды азғындату
Он төрт жасқа жетпегендiгі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық iс-әрекеттердi жасау -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
125-бап. Адамды ұрлау
1. Адамды ұрлау -
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;
е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрінеу әйелге қатысты;
ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) ұрланған адамды нәпсiқұмарлық немесе өзге пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру
1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылған заттарды қолданып;
д) кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;
е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу анық әйелге қатысты;
ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
з) пайдакүнемдiк ниетте жасаса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) ұйымдасқан топпен жасалса;
б) бас бостандығынан заңсыз айрылған адамды нәпсiқұмарлық немесе өзгедей пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол:
а) пайдакүнемдiк ниетпен жасалса;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 09.07.03 ж. N 480-II Заңымен 128-бап толықтырылды
128-бап. Адамдарды пайдалану үшiн азғырып-көндiру,
сондай-ақ әкету және олардың транзиті
1. Адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсiқұмарлық немесе өзгедей пайдалану үшiн азғырып-көндiру -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) кәмелетке толмағандығы көрiнеу анық адамға қатысты жасалса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен жасалған не азғырып-көндiрiлген адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты адамдарды көрінеу жыныстық немесе өзгедей пайдалану үшін Қазақстаннан тыс жерлерге әкету немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне бара жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 25.09.03 ж. N 484-II Заңымен 129-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
129-бап. Жала жабу
1. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
3. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
130-бап. Қорлау
1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту -
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2-тарау. Отбасына және кәмелетке
толмағандарға қарсы қылмыстар
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның қылмыстық iске тартуы -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер -
бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы
iс-әрекеттер жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды есiрткiлiк немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не жезөкшелiкпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне жүктелген өзге де адам жасаған нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны бiреуге беру немесе оны иемдену түрiнде өзге мәмiлелер жасау -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) екi және одан да көп кәмелетке толмағандарға қатысты;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
г) адамның өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;
д) кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасынан тыс жерге заңсыз әкетумен немесе оны Қазақстан Республикасына заңсыз әкелумен;
е) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де iс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
ж) кәмелетке толмаған адамның мүшелерiн немесе тiнiн ауыстырып салу үшiн алу мақсатында жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген кәмелетке толмаған адамның өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға абайсыздықпен әкеп соққан әрекеттер -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 134-бап өзгертілді
134-бап. Баланы ауыстыру
1. Баланы қасақана ауыстыру -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету
Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 136-бап өзгертілді
136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын
асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару
1. Ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кәмелетке толған еңбекке жарамды адамның сот шешiмi бойынша өзiнiң еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 137-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi
мiндеттердi орындамау
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса -
елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екі жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеуге жазаланады.
138-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау
1. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша өзiне осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай мiндеттердi ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.