19-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi
және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау
мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi
үйлестiру
1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.
2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.
5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы
іс-шараларды қаржыландыру көздері және
өсімдіктерді қорғау туралы заңдарды бұзғаны
үшін жауаптылық
20-бап. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiн,
сондай-ақ өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды
қаржыландыру көздерi
ҚР 09.07.04 ж. N 584-II Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бойынша фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге қажеттi шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөнiндегi фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
2) ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргiзу үшiн пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды, сақтауды және жаңартуды;
3) пестицидтердi (улы химикаттарды) кедендiк ресiмдеудi, сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға жеткiзудi;
4) ерекше қауiптi зиянды организмдер зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп мекендейтiн орындарға химиялық өңдеу жүргізуді;
5) республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргiзудi;
6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтиды.
2. Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен:
1) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстауды, салуды және жөндеудi;
2) жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды қаржыландыру жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер иелерiнiң қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мынадай фитосанитариялық iс-шаралар:
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
2) зиянды организмдерге фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзу;
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексеру жүргiзiледi.
4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
21-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залалды өтеуден босатпайды.
Қазақстан Республикасының