Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөлiктерiн ұстаушылардың алдындағы шарт бойынша өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін ерiктi сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандыруға мiндеттi.
2. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауапкершілікте болады.
3. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуi мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар - астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз мүлкін және өзге де мүлiктiк мүдделердi сақтандыра (өзара сақтандыра) алады.
5. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгiзiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы - астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi кезектегi тәртiппен жүргiзедi.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Қырман шаруашылықтары
Меншiк құқығымен жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi және астықтың тауарлық партиясын қалыптастыру мен оларды лицензияланған астық қабылдау кәсiпорындарында сақтау үшiн кейiннен ауыстыру, сондай-ақ астық дақылдары тұқымдарының партиясын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс қырман шаруашылығы деп танылады.
Қырман шаруашылығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялануға жатпайды. Осы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар астық қолхаттарын беруге құқылы емес.
6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының
қызметін реттеу
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi
Астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде астық қабылдау кәсiпорындарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн, астық иелерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеудi:
1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
2) астық қабылдау кәсiпорындары астықты сақтау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);
3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу;
4) осы Заңға және басқа заң актiлерiне сәйкес өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеу
Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу
1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтауға жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:
1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;
2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету.
Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтау және астық сақтауға байланысты емес қызмет бойынша операциялардың бөлек есепке алынып жүргiзілуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;
2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткiзу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.
20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.
2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.
3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп жүргiзуi және есеп беруi
1. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықты сақтау жөнiндегi қызметiне, астық рыногы мониторингiн оның қатысушыларының жүргiзуiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау мәселелерi бойынша есеп жүргiзудiң және есептiлiк ұсынудың тiзбесiн, нысандары мен мерзiмдерiн мемлекеттiк статистика органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша, өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Астық қабылдау кәсiпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, оның салық органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы
1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру)
1. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялауды уәкiлеттi орган дербес не басқа мемлекеттiк органдарды қатыстыра отырып жүргiзедi.
2. Астық қабылдау кәсiпорындары тексеру тапсырмасында аталған мәселелер бойынша тексерудi жүргiзуде уәкiлеттi органға жәрдем беруге, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ақпараттың барлық көздерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң астық қабылдау кәсiпорнының қызметiн инспекциялау барысында алынған мәлiметтердi жария етуiне не үшiншi адамдарға беруiне тыйым салынады.
4. Инспекциялауды жүзеге асырушы адамдар астық қабылдау кәсiпорнының қызметiн тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның
өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдарына сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас астық инспекторы" және "Мемлекеттiк астық инспекторы" деген қосымша арнайы атақтарды беруге құқылы.
2. Уәкілеттi органның мемлекеттiк астық инспекторларының:
1) астықтың сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен астықты өндiру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына кедергiсiз кiруге (қызмет куәлiгiн көрсете отырып) және астық рыногын мемлекеттiк бақылауды және оған мониторинг жүргiзудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуға;
3) астық қабылдау кәсiпорындарының астық сақтау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
5) астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) қайтарып алу, астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды енгiзу, астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкілеттiлiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi
1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
2) осы Заңның 26 және 27-баптарында белгiленген негiздер бойынша астықты сақтау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензияны тоқтата тұруға немесе қайтып алуға;
3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзуге құқылы.
2. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджетке алынады.
3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Pecпубликасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
26-бап. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемелерi
1. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру:
1) астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды бұзғаны;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамағаны;
4) астық қабылдау кәсiпорындары үшiн шектелген қызметтi жүзеге асырғаны;
5) астық қолхаттарын ұстаушылардың өтiнiштерi бойынша, астықты қабылдау және түсiру-тиеу кезiнде және олар құжаттамамен расталған жағдайда астықтың саны мен сапасының көрсеткiштерiн үнемi бұрмалау фактілерiн анықтағаны (кейiнгi күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет);
6) жыл сайын мiндеттi аудит өткiзу туралы талаптарды орындамағаны үшiн жүргiзiледi.
2. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы. Сот лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды заңды деп шешкен жағдайда, оның тоқтатыла тұру мерзiмi лицензиардың осындай шешiм қабылдаған күнiнен бастап есептеледi.
3. Лицензияның тоқтатыла тұру себептерi жойылғаннан кейiн лицензия қайта қолданыла бастайды.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
27-бап. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны керi қайтарып алудың негiздемелерi
Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия:
1) лицензиат бiлiктiлiк талаптарын бұзған;
2) лицензиаттың өзi жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салған;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған;
4) лицензия алған кезде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда, сот тәртiбiмен қайтып алынуы мүмкiн.
Лицензия лицензиат лицензиядан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда соттан тыс тәртiппен керi қайтарып алынады.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдықтехникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.
2. Уәкiлеттi органның дербес қабылдаған шешiмi бойынша не астық қолхаттарын ұстаушылардың жолданымы бойынша астық қабылдау кәсiпорны мынадай негiздемелердiң бiрi бойынша:
1) астық сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;
2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуі бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөнiндегi комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленгендей жауапты болады.
29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу
1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар:
1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;
2) уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiздеме;
3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi;
4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;
5) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның адам құрамы;
6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс.
2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды.
3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды.
30-бап. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия
1. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уәкiлеттi органның, астық қабылдау кәсiпорнының, сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың өкілдерінен тұрады.
2. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәрiне 3 күн мерзiмде уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына кандидатураларын беру туралы ұсыныс жiбередi.
Кандидатуралар берiлмеген не беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган уақытша басқару жөнiндегi комиссияны өз бетiмен құруға құқылы.
3. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құзыретiне:
1) уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн тағайындау (босату);
2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекiту;
3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылау жасау кiредi.
4. Шешiмдердi қабылдаған кезде уақытша басқару жөнiндегi комиссиядағы өкiлдердiң дауыстары проценттiк қатынаста былайша бөлiнедi:
1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;
3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент.
5. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның жалпы дауыстар санының кемiнде үштен екiсiн иеленетiн өкiлдер қатысқан жағдайда шешiм қабылдауға құқығы бар.
Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның шешiмдерi көпшiлiк дауыспен қабылданады.
6. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияны құрудың, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
31-бап. Уақытша әкiмшiлiк
1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөнiндегi комиссия тағайындайды.
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:
1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;
2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;
3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;
4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
3. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;
2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;
3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;
4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;
5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;
6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
4. Уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi мен астық қабылдау кәсiпорындары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен реттеледi.
32-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау
Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшілiктiң қызметiн бақылауды уақытша басқару жөнiндегi комиссия жүзеге асырады, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiндегi қызметтiң негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкiмшiлiктен оның қызметi және астық қабылдау кәсiпорнының қызметi туралы ақпарат берудi талап етуге;
3) уақытша әкiмшiлiктiң атқарылған жұмыс туралы есебiн тыңдап, бекiтуге;
4) уақытша басқару енгiзiлген себептер жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн ұзартуға;
5) уәкiлеттi органға уақытша басқаруды аяқтау туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.
33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздемелер:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;
2) уақытша басқарудың мерзiмiнен бұрын аяқталуы туралы уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы;
3) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша тоқтатылады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату да) уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты белгiлеген барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.
3. Егер астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау қабiлетiн қалпына келтiруге жеткiзбесе, уәкiлеттi орган заңдарда белгiленген тәртiппен лицензияны қайтарып алады және астық қабылдау кәсiпорнының таратылуына бастама жасай алады.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату
және олардың астық қоймаларын
(элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртiбi
34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi
1. Астық қабылдау кәсiпорны:
1) құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл орайда уәкiлеттi органға хабарлама жiберiледi;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).
2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы банкроттық туралы заңдар мен осы Заңның талаптары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.
35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп тарату негiздемелерi
Астық қабылдау кәсiпорындарын таратуды мына жағдайларда:
1) банкрот болған;
2) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды әлденеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
3) заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайларда сот жүргiзедi.
36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану
1. Астық қабылдау кәсiпорны белгiленген тәртiппен сот шешiмi бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз астық қабылдау кәсiпорнын оның кредиторларының және астық қабылдау кәсiпорнының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.