09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.
Салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
2. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң тiзбесi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебiн жүргiзудi және оларды мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берудi жүзеге асыруға тиiс.
5. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
7. Физикалық шамалардың өзгерiсiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 20-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу
1. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндiруден немесе жөндеуден шыққанда импорт бойынша әкелiнгенде, пайдаланылу кезiнде, осы өлшем құралдарының әзiрлеушiсi, иесi немесе тұтынушысы белгiлеген тәртiппен калибрленедi.
Өлшем құралдарын калибрлеудi шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүргізеді.
Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгiмен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.
2. 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
3. 09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 21-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың мақсаты
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды осы Заңның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 22-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады:
1) шама бiрлiктерiнiң эталондары;
2) өлшем құралдары;
3) өлшемдердi орындау әдiстемелерi;
4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi;
5) өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi оралған тауарлардың саны.
09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 23-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау аясы
Осы Заңның 22-бабында аталған объектiлерге қатысты мемлекеттiк метрологиялық қадағалау нәтижелерi:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2) өнiмнiң және көрсетiлетiн қызметтер сапасының нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестігiн сынау мен бақылау;
3) қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау;
4) еңбек жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау;
5) сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнiм берушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерiн көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысулар;
6) мемлекеттiк есеп операциялары;
7) бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттардағы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерiн анықтауға байланысты операциялар;
8) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнiмнiң басқа да түрлерiн өндiру;
9) геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстар;
10) салық, банк, кеден және почта операциялары;
11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiн шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну;
12) құрылыс салу;
13) мемлекеттiк басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар;
14) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тiркеу;
15) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;
16) ғылыми зерттеулер жүргiзу;
17) қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
18) ойын автоматтарын шығару және қолдану кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
24-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау:
1) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды;
2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалауды;
3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалауды қамтиды.
2. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың барлық түрлерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау бума iшiндегi тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 28-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан өтуге тиiс.
3. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде заңдарға сәйкес мемлекеттiк метрологиялық қадағалау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрологиялық қадағалау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
4) сынаудан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге;
6) метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
7) буманың iшiндегi тауардың санын көрсететiн шаманың буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бума тауарлар партияларын өткiзуге тыйым салуға құқығы бар.
6-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы
заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыру
09.06.04 ж. N 558-II ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк метрологиялық қадағалау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру
1. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органды және оның мемлекеттiк метрологиялық қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
2) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бағдарламалар;
3) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеуі;
4) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар қаржыландырылады.
2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының