қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
2. алынып тасталды
4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) ведомстволық статистикалық есептілікті жүзеге асырады, спорт ұйымдарынан статистикалық ақпарат алады;
4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
6) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азиялық және Олимпиадалық ойындарға, әлем және Азия кубоктарына қатысуын қамтамасыз етеді;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
9) спорттық құрал-сайман мен жабдықтар жасау, спорт ғимараттарын салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
10) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
14) дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы құрметті атақтарды, спорттық атақтар мен разрядтарды, төрешілер санаттарын, дене шынықтыру мен спорт қызметкерлеріне санаттар береді;
15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;
17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
18) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, спорт жарыстарына және басқа да спорт шараларына қатысушыларды материалдық қамтамасыз ету және көтермелеу нормативтерін әзірлеп, бекітеді;
19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы орган:
1) дене шынықтыру және спорт дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
2) спорттың әр түрі бойынша облыстық құрама командаларды даярлау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
3) спорт ғимараттарын салу мәселелері үйлестіреді;
4) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
5) өз құзыреті шегінде спорттық разрядтар, жаттықтырушы-оқытушы құрамына, спорт төрешілеріне санаттар береді;
6) спорттық-бұқаралық шаралардың, соның ішінде халықаралық спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырудың күнтізбелік жоспарын әзірлеп, бекітеді және іске асырады;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
9) әкімшілік-аумақтық бірліктегі дене шынықтыру және спортты дамыту туралы мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға табыс етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.
2. Спорттың әрбір түрі бойынша тек бір республикалық қоғамдық бірлестік аккредиттелуі мүмкін, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.
Аккредиттеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, лицензиялауға жатады.
2. Лицензиялау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру,
материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен
қамтамасыз ету
25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi
1. Мемлекет Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруды қамтамасыз етедi, дене шынықтыру мен спорт қозғалысының индустриясы мен инфрақұрылымын дамыту үшiн мемлекеттiк қолдау көрсетедi.
2. Республикалық бюджетте елiмiздiң чемпионаттарына, халықаралық аймақтық, құрлықтық жарыстарға, Азия, Еуропа, әлем чемпионаттарына, Азиялық және Олимпиадалық ойындарға спортшыларды әзiрлеу мен қатыстыру жөнiндегi шараларды жүргiзу үшiн жыл сайын қаражат қарастырылып отырады.
3. Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi мен жоғары спорт шеберлiгi мектептерi, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерi, облыстардың республикалық деңгейдегi спорт шаралары мен халықаралық жарыстарға қатысатын құрама командалары жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылады.
4. Мемлекет балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiн (әкiмшiлiк ауданда кемiнде бiр балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiн) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн қолдау көрсетедi.
5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
26-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушiлiк және кәсiпкерлiк қызмет
1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар спорт клубтарының, мектеп-интернаттарының, спорт мектептерінің, командаларының немесе спорт шараларының демеушілері бола алады. Демеушілер мен спорт клубтары (мектеп-интернаттар, спорт мектептері, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негізінде белгіленеді. Демеушілер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру, спорт ұйымдарына және жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен ілеспе тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы мүмкiн. Спорт бiрлестiктерiнiң эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi болып табылады және сол бiрлестiктердiң келiсiмiмен ғана пайдаланылуы мүмкiн.
3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн моральдық және материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуды ынталандырып отырады.
27-бап. Спорт ғимараттары
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлерiнен құралады.
Бiрегей спорт объектілерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жекешелендiрiледi.
2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру және келешектегi резервте ұстау үшiн нормативтік бөлу арқылы анықтауы мүмкін.
Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, әкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.
28-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау және дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар
1. Дене шынықтыру оқу орындарында және дене тәрбиесi факультеттерiнде оқыту, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi педагогтiк қызметке жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бiтiрген адамдар жiберiледi.
3. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн арнаулы бiлiктiлiк нормаларымен анықталады.
4. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларының төрешілігіне дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен спорт түрлерінің төрешісі ретінде аттестатталған адамдар жiберiледi.
6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеңілдіктер
және әлеуметтік кепілдіктер
29-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңiлдiкпен көрсетiлетiн қызметтер
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда пайдаланатын азаматтар санаттарының тiзбесi, сондай-ақ жеңiлдiктердiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен белгiленедi.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
30-бап. Спортшылардың әлеуметтiк қорғалуы
1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, жергілiктi өзiн-өзi басқару органдары әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн "КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi" атағы бар аса көрнектi спортшыларға олимпиада чемпиондарына, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, атқарушы өкiмет органдары әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кiретiн спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлерi бойынша командалар құрамында өнер көрсететiн спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2-1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда мемлекеттік қаражат есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Спортшының спорт қызметi туралы келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) немесе шетелдiк дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдiк спорт клубына) ауысуға құқығы бар.
Егер спортшы басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) спорт қызметi туралы келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін ауысқан немесе келісiм-шарт талаптарында көзделген мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, спортшының дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтарының) өзара келiсiмiмен ғана ауысуы мүмкiн.
Спортшылардың ауысу тәртiбi мен ережелерiн дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган белгiлейдi.
4. Бiлiктi спортшылардың бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) екiншi дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысу тәртiбi мен ережелерiн дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
30-1-бап. Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) түрінде өмірлік әлеуметтік қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін ай сайынғы төлемдер болып табылады.
2. Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру мынадай мөлшерде тағайындалады:
1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алғандарға және "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері" және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы барларға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) "Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және (немесе) "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген спортшыларды даярлағандарға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш.
3. Материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, республикалық бюджет қаражаты есебінен дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы төленеді.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бір мезгілде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негіздердің біреуі бойынша ғана төленеді.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
31-бап. Спортшыларды сақтандыру
Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиісті спорт клубтарының, қоғамдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезінде мемлекеттік қаражат есебінен сақтандыруды жүзеге асырады.
7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
халықаралық қызмет
32-бап. Халықаралық спорт қызметi
Қазақстан Республикасының спорт ұйымдары мен спортшыларының жарыстар ережелерiн және тиiстi халықаралық ұйымдардың жарғыларын сақтай отырып, мемлекет аумағында да, басқа елдерде де өткiзiлетiн халықаралық спорт шараларына қатысуға құқығы бар.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті:
Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады және өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде жоғары жетістіктер спортын дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе, спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктермен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткізетін басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын құру мен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
Дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;
Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттің олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, "Олимпиадалық", "Олимпиада" деген атауларын пайдалануға меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы құрама командаларының өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзеге асырылады.
ҚР 04.07.03 ж. N 471-II Заңымен 34-баппен толықтырылды
34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының