Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша мемлекет мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету;
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтың актiлерiнiң жариялануын бақылау.
ҚР Үкіметінің 14.06.99 ж. N 733; 28.12.01 ж. N 1755; 22.08.02 ж. N 939 қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Министрлік мынадай құқықтарды иеленеді:
өз өкілеттіктерінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдiктерде мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыру;
заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өтпеген актілерге наразылық білдіруге прокуратура органдарына ұсыныстар енгізу;
заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
лицензиялауды және лицензиаттардың қызметiне олардың лицензиялық талаптарды сақтауы бойынша бақылауды жүзеге асыру;
баспа қызметін жүзеге асыру;
қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзу;
қылмыстық жазалауды орындаушы органдар мен мекемелерде төтенше оқиғалар жағдайында қызметтiк тергеулер жүргiзу, олардың себептерiн анықтау және талдау, осындай жағдайларды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау;
заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен анықтауды жүзеге асыру, хаттамалар жасау және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жаза қолдану;
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру;
қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Министрліктің мүлкі
14. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі әрі айналым қаражатынан, сондай-ақ құны баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
15. Министрліктің мүлкі республикалық меншікке жатады.
16. Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де билік етуге құқылы емес.
Министрлік өз бетімен билік ететін мүлік құнының шекті мөлшері заңдарда белгіленуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
17. Министрлік, оның органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары әділет органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Министрлікті Министр басқарады.
Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары-вице-министрлері болады.
18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093; 28.12.01 ж. N 1755; 14.06.02 ж. N 644; 22.08.02 ж. N 939 қаулыларымен 19-тармақ өзгертілді
19. Министр:
Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылған адамдарды қоспағанда, Әдiлет министрлiгінiң қызметкерлерiн, Министрлiк комитеттерi басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық әдiлет органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң аумақтық органдарының, Министрлiкке бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
заңдарда белгіленген тәртіппен арнайы атақтарды, сыныптық шендерді береді;
бұйрықтар шығарады;
Министрліктің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Министрліктің қарауындағы органдар басшылары актілерінің күшін жояды, не толығымен, не ішінара тоқтата тұрады;
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдай режимiн енгiзедi;
орта және аға басшы құрамның бiрiншi арнайы атағы, сондай-ақ әдiлет полковнигi атағын бередi;
сотқа мемлекеттік тiркеуге жататын, бiрақ одан өтпеген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен шағымданады;
әдiлет органдары орындауға мiндетті актiлердi, сондай-ақ өзiнiң құзыретi шегінде өзге мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндетті актiлер шығарады;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсынымдар енгiзедi.
өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда
20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы N 223
қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 2-қосымшаның күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы N 223
қаулысына
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 27.04.99 ж. N 487; 28.02.00 ж. N 314; 18.08.00 ж. N 1278 қаулыларымен 3-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
қарауындағы ұйымдардың
тізбесі
"Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесі
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты" жабық акционерлік қоғамы
"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
"Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы
"Ұлттық заң қызметі" жабық акционерлік қоғамы
"Жеті Жарғы" жабық акционерлік қоғамы
"Заң" акционерлік компаниясы" ашық акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 11 наурыздағы
N 223 қаулысына
4-қосымша
ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. N 461 қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды ; 31.12.03 ж. N 1369 (бұр.ред. қара) қаулыcымен өзгертілді
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының
тізбесі
1. Ақмола облысының Әділет департаменті Көкшетау қ.
2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті Ақтөбе қ.
3. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қ.
4. Атырау облысының Әділет департаменті Атырау қ.
5. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Өскемен қ.
6. Жамбыл облысының Әділет департаменті Тараз қ.
7. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Орал қ.
8. Қарағанды облысының Әділет департаменті Қарағанды қ.
9. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қ.
10. Қостанай облысының Әділет департаменті Қостанай қ.
11. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Ақтау қ.
12. Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар қ.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет
департаменті Петропавл қ.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет
департаменті Шымкент қ.
15. Астана қаласының Әділет департаменті Астана қ.
16. Алматы қаласының Әділет департаменті Алматы қ.