ҚР 11.10.01 ж. N 256-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылар:
1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) пайдаланылған құжаттар мәтiнiнiң өңiн айналдыруға және оны бұрмалауға жол бермеуге;
3) құжаттарды жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның иесін көрсетуге міндетті.
ҚР 11.10.01 ж. N 256-II Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын коммерциялық мақсатта пайдалану
1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылған мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсетуіне және алынған қаражатты пайдалануына болады.
2. Құжаттарды коммерциялық жолмен пайдалану кезінде оларға меншік құқығы олардың меншік иесінде сақталады.
5-тарау. Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
18-бап. Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу
Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне мыналар жатады:
1) мұрағат ісі мен құжаттардың жасалуында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, бұл мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру;
2) Ұлттық мұрағат қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен жұмыс істеуі, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізілуін қамтамасыз ету;
3) тарихи және мәдени деректі ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
4) шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
5) Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі мен құжаттама жүргізу жұмысын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеп, іске асыру;
6) Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желісі мен деректер банкін құру;
7) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттің қоғам мен азаматтардың сауалдарын қанағаттандыру үшін пайдалану;
8) мемлекеттік, ведомстволық және жеке мұрағаттардың мұрағат ісі бойынша заңдарды сақтауы жөнінде мемлекеттік инспекция жүргізу;
9) мұрағаттану, құжаттама тану және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану;
10) мұрағат ісі жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілдігі болуын қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерінің қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
19-бап. Мұрағат ісін мемлекеттік басқару
1. Мұрағат ісін мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының уәкілетті органы мен жергілікті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
2. Мұрағат ісі және құжаттама жүргізу мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. Қазақстан Республикасы Уәкілетті органының құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ережемен белгіленеді.
20-бап. Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
Мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті органы, жергілікті уәкілетті органдары;
2) мұрағат мекемелері: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаттары, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттік мұрағаттары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары мен олардың филиалдары кіреді.
21-бап. Мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы уәкілетті органын, жергілікті уәкілетті органдарды, олардың жүйесіндегі мұрағат мекемелерін қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 08.05.03 ж. N 413-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік мұрағаттары
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігінде арнаулы мемлекеттік мұрағаттар құрылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында арнаулы мұрағаттар құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік мұрағаттар құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты мұрағат құжаттарын жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік мұрағаттары қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
1. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет мұрағат құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің мұрағат мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.
24-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мұрағат ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мұрағатты пайдалану құқығы
1. Мұрағат құжаттарын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.
2. Өз мұрағаттарына Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.
26-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
1. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Мұрағат ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Ұлттық мұрағат қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының