3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады.
Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс.
4. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi:
1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау;
2) алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;
4) алдынала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
5. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады.
21-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
1. Адвокаттар алқасының жарғысы:
1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын;
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн;
3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбiн;
4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртiбi мен құзыретiн;
5) заң консультацияларын құру мен олардың жұмыс iстеу тәртiбiн;
6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртiбiн;
7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртiбiн;
8) адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбiн және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн бөлу тәртiбiн;
9) адвокаттарды аттестациялауды өткiзу тәртiбiн;
10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртiбiн;
11) адвокат лицензиясын керi қайтарып алу туралы өтiнiш жасау тәртiбiн;
12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбiн;
13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.
2. Адвокаттар алқасының жарғысы заңдарға қайшы келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн.
22-бап. Адвокаттар алқасының органдары
1. Адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы), оның атқарушы органы - төралқа, бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.
2. Жоғарыда көзделген реттерде адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн басқа органдар құрылуы мүмкiн.
23-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң
жалпы жиналысы (конференциясы)
1. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.
2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:
1) адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;
2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;
3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;
4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау мен бекiту;
5) адвокаттар алқасының мүлкiне иелiк жасау тәртiбiн белгiлеу;
6) есептi көрсеткiшке еселенетiн мөлшердегi мүшелiк жарна ставкаларын белгiлеу;
7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;
8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру.
3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсінше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқасы төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi.
5. Адвокаттар алқасының Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн.
ҚР 03.06.03 ж. N 425-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы
1. Адвокаттар алқасының төралқасы мен төралқа жасырын дауыспен төрт жыл мерзiмге сайланады.
2. Адвокаттар алқасының төралқасы:
1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;
3) адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;
4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;
5) адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;
7) адвокаттарды аттестациялауды өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiк арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
8) осы Заңда (12-бап) көзделген реттерде адвокат лицензиясын керi қайтарып алу туралы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне өтiнiш жасайды;
9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;
10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, дербес немесе Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;
11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;
13) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;
14) адвокаттар есептi, қаржы және статистикалық есептiлiктi және iс жүргiзудi ұйымдастырады;
15) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.
25-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
1. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып, сайланған күнiне дейiн кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат сайлана алады.
2. Алқаның Жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етедi және төралқаның, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2) төралқа аппаратының жұмысын басқарады, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
3) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық бiрлестiктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасының атынан өкiлдiк етедi, олармен және азаматтармен хат жазысады.
3. Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа өкiлеттiктерi Адвокаттар алқасының жарғысымен белгiленедi.
26-бап. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы
1. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы оның бақылау-тексеру органы болып табылады.
2. Тексеру комиссиясы, оның төрағасы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жыл мерзiмге сайланады.
3. Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ жеке дара жұмыс iстейтiн адвокаттардың қаржылық қызметiне тексеру жүргiзедi.
27-бап. Адвокаттар алқасына мүшелiк
1. Адвокаттар алқасына мүшелiк мiндеттi болып табылады. Адвокат лицензиясы болған және алқа Жарғысын мойындаған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылмауға тиiс. Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
2. Кiсi алқадан шығарылған, бiрақ адвокат лицензиясын сақтап қалған жағдайда ол шығарылған сәттен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн алқаға қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
28-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң құқықтары
1. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң:
1) алқаның, оның органдары мен лауазымды адамдарының жәрдемiн, кәсiби көмегiн және қорғауын пайдалануға;жәрдемiн
2) адвокаттар алқасының органдарына сайлауға және сайлануға;
3) адвокаттар алқасы органдары алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасы органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар берудi талап етуге;
4) алқа органдары оның қызметiн немесе мiнез-құлқын тексерген және талқылаған барлық жағдайларда өзi қатысуға;
5) алқаның жарғысында белгiленген тәртiп пен шарттарда адвокаттар алқасының мүлкiн пайдалануға;
6) өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.
2. Адвокаттар алқасының мүшелерi өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi жөнiнен тең болады.
ҚР 03.06.03 ж. N 425-II Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
29-бап. Адвокаттар алқасын мүшесiнiң мiндеттерi
Адвокаттардың жалпы мiндеттерiне қоса (осы Заңның 15-бабы) адвокаттар алқасының мүшесi:
1) адвокаттар алқасы Жарғысының талаптарын сақтауға;
2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға;
3) мүшелiк жарналар төлеуге;
4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы есепті табыс етуге міндетті.
Адвокаттар алқасының мүшесi адвокаттар алқасының алдында мүшелiк жарналар төлеу мiндеттемесiнен басқа өзгедей бiржақты мүлiктiк мiндеттемелердi мойнына алмайды.
30-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерінiң тәртiптiк жауапкершiлiгi
1. Осы Заңының, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң, алқа Жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокаттар алқасының мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
2. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.
3. Тәртiптiк жаза шаралары, оларды қолдану, алып тастау мен шағымдану тәртiбi адвокаттар алқасының Жарғысымен белгiленедi.
4. Осы баптың ережелерi тағлымдамадан өтушi адвокаттарға да қолданылады.
ҚР 03.06.03 ж. N 425-II Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-бап. Адвокаттар алқасынан шығару
1. Адвокатты алқадан адвокаттар алқасының төралқасы мынадай жағдайларда:
1) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия керi қайтарылып алынған немесе қолданылуы тоқтатылған;
2) адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын бірнеше рет бұзған;
3) бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындай алмайтыны анықталған;
4) мүшелiк жарнаны ұдайы төлемеген;
5) кәсiпкерлiк қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;
6) өз тiлегi бойынша;
7) алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша адвокатты алқадан шығару адвокат лицензиясын керi қайтарып алуға әкеп соғады.
3. Алқадан шығаруға алқа төралқасының шығару туралы қаулысының көшiрмесi адвокатқа берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
32-бап. Заң консультациясы
1. Заң көмегiн көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.
2. Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.
3. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
4. Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.
33-бап. Адвокат кеңсесi
1. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады /ұйымдастырылады/.
3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.
Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.
4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.
Адвокат кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.
Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң он күн мерзiмде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарласуға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.
5. Адвокат кеңселерiн құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
ҚР 03.06.03 ж. N 425-II Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру
1. Кәсіби қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.
2. Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
34-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету
1. Осы Заңның күшiне енуi сәтiнде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған патенттерi адвокаттарды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген мерзiмде Әдiлет министрлiгiнiң шешiмiмен құрылатын комиссиялар аттестациялауға тиiс.
Аттестациялық комиссиясының құрамына:
Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi;
Адвокаттар одағының өкiлдерi;
құқықтанушы ғалымдар кiредi.
2. Аттестациялаудан өткен адвокаттарға жүргiзу аяқталған күннен бастап үш ай iшiнде осы Заңға сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиялар берiледi. Осы Заңда белгiленген лицензияларды ресiмдеу мен беру кезiнде осы Заң күшiне енгенге дейiн адвокаттық қызметпен айналысуға арналған патенттер осы Заңда көзделген ережелер негiзiнде өз күшiн сақтайды.
3. Комиссиялардың аттестациялауынан өтпеген адвокаттар патенттерiнiң күшi аттестациялау күнiнен не комиссия шешiмiне Әдiлет министрлiгiне шағым жасалған кезде, шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап тоқтатылады.
4. Осы Заң күшiне енгiзiлуiне байланысты бұрын жұмыс iстеп келген адвокаттар алқалары облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында адвокаттардың бiрыңғай алқасы құрылғанға дейiн өз жұмысын жалғастыра бередi. Адвокаттардың бiрыңғай алқалары осы Заң күшiне енген кезден бастап алты ай iшiнде құрылуға тиiс. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн бiр өзi ғана жүзеге асырып жүрген адвокаттар алқалары осы Заң күшiне енген кезден бастап алты ай iшiнде өз жарғыларын осы Заңның талаптарына сәйкес келтiретiн болсын.
Қазақстан Республикасының