Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жасаған есептер негiзiнде жыл сайын белгiлейдi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар:
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады және өз құзыретi шегiнде табиғат пайдалануды реттейдi;
тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу мен оны жүзеге асыруды, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi объектiлердi салу мен қайта құруды ұйымдастырады;
терiс экологиялық сараптама берiлген кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға және қайта құруға сот тәртiбiмен тыйым салу туралы қорытындылар дайындайды, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қолданады;
экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;
заңға сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады;
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi заңдарда белгiленген өкiлеттiк шегiнде шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
IV тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Табиғи ресурстар
Табиғи ресурстарға меншік нысаны Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.
12-бап. Табиғат пайдаланушылар
Табиғат пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, ұлттық және шетелдiк болып бөлiнедi.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, оның iшiнде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдiк табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар:
тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
бастапқы (табиғат пайдаланушылардан құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртiбiмен алынған) және қайталама (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.
13-бап. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану
Қазақстан Республикасында табиғи ресурстар жалпы және арнайы табиғат пайдалануда болады.
Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмiрлiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн тегiн және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берiлместен жүзеге асырылады. Егер заңдарда тiкелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалануды шектеуге жол берiледi.
Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғатты тұрақты пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен айыратын немесе иелiктен айырмайтын, ақысын төлеп немесе алатын, бастапқы немесе қайталама болуы мүмкiн.
Табиғатты арнайы пайдалану немесе табиғатты шектеулi пайдалану құқығы (сервитуттар) туындауының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
14-бап. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға
беру негiздерi
Табиғи ресурстар табиғат пайдалануға:
табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;
табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары;
табиғат пайдалану шарттары (келiсiм-шарттары) негiзiнде берiледi.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Қоршаған ортаны ластауға және табиғи ресурстарды алып қоюға
лимиттер мен квоталар
Лимиттер мен квоталарды қолданылып жүрген экологиялық нормативтерге, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Табиғат пайдалануға рұқсат беру
Табиғат пайдалануға жыл сайын берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға (алып қоюға), қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға құқығын табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін, нормаларын, шарттарын және қолданылатын технологияны көрсете отырып, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
17-бап. Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу
Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн оның мемлекеттiк құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға сәйкес бюджет қаражаты есебiнен табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүргiзiледi.
18-бап. Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы
мен табиғи ресурстарды кешендi пайдалану,
молықтыру және қорғау схемалары
Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, молықтыру мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi болып табылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады.
19-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен
мемлекеттiк кадастрлары
Халықтың және экономика салаларының мұқтаждары үшiн пайдаланылатын табиғи ресурстардың мөлшерi мен сапасын айқындау мақсатында табиғи ресурстардың жай-күйi, пайдаланылуы, молықтырылуы мен қорғалуы туралы мәлiметтер жиынтығы болып табылатын олардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрлары жүргiзiледi.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi
және олардың құқықтарын қорғау
1. Табиғат пайдаланушылар:
табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес пайдалануға;
шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;
берiлген табиғи ресурстарды үнемi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды молайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да талаптарды сақтауға мiндеттi.
2. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.
Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiруге тиiс.
V тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
21-бап. Лицензиялануға тиiстi қызмет түрлерi
1. Мына қызмет түрлерi:
1) табиғи ресурстарды олар туралы заңдарға сәйкес пайдалану;
2) қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуын (тасталуын) жүзеге асыру;
3) өндiрiс пен тұтынудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ерекше қауiптi қалдықтарын көму мен сақтау;
4) экологиялық аудиторлық қызмет лицензиялануға тиiс.
2. Шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi мiндеттi түрде мемлекеттiк лицензиялануға тиiс.
22-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау
тәртiбi
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Лицензиялар берудiң ережелерi мен тәртiбi заңдармен реттеледi.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты)
Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) табиғат пайдаланушы мен атқарушы органдар немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында заңдарда белгiленген тәртiппен жасалады.
Егер табиғи ресурстарды пайдалану мен шаруашылық қызметтің жекелеген түрлерiн жүзеге асыру мiндеттi түрде мемлекеттiк лицензиялауды талап ететiн болса, табиғат пайдаланушы алдын ала лицензия алмаған жағдайда, табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) жарамсыз болып табылады.
Шарттың (келiсiм-шарттың) қолданылу мерзiмi, тоқтатылу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына немесе лицензияға сәйкес тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Шарттың (келiсiм-шарттың) лицензияға қайшы келетiн шарттары жарамсыз болып табылады. Лицензияны қайтарып алу шарттың (келiсiм-шарттың) тоқтатылуына әкеп соғады.
Табиғат пайдалану жөнiндегi шарт (келiсiм-шарт) оған қол қойылғанға дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсуге тиiс.
VI тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
мониторингi
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың
мемлекеттiк мониторингi
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiн қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн атқаратын мемлекеттiк органдар жүзеге асырады және онда:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiне, сондай-ақ оларға антропогендiк ықпал жасау көздерiне белгiлi бiр бағдарлама бойынша жүргiзiлетiн бақылау;
2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау;
3) олардағы өзгерiстердi болжау қамтылады.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi қоршаған ортаны қорғау саласында басқарушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдауды қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылып, жұмыс iстейдi, оны ұйымдастыру және жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде алынатын ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады және оны атқарушы органдар басқарушылық және шаруашылық шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау және олардың пайдаланылуын бақылау үшiн, сондай-ақ халыққа хабарлау үшiн пайдаланады.
6. Барлық мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қажетті ақпаратты тегін, заңдарда белгіленген нысандар бойынша және мерзімде табыс етіп отырады.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi
1. Заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға жасайтын ықпалы туралы есептi және есеп берудi жүргiзуге мiндеттi.
2. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi үшiн пайдаланылатын өлшеу құралдары стандарттау мен метрология талаптарына сәйкес келуге тиiс.
3. Өндірістік мониторингтің деректері мен қоршаған ортаға ықпал ету туралы есептілік Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына заңдарда белгіленген мерзімдерде беріліп отырады.
4. Қоршаған ортаға ластағыш заттар нормадан тыс шығарылған (тасталған), авариялық және төтенше жағдайлар туындаған реттерде, табиғат пайдаланушы кәсіпорындар ол туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға заңдарда белгіленген мерзімде жедел хабарлауға міндетті.
VII тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
тетiгi
ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық
әдiстерi
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерi:
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдер;
қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу;
табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдер;
қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру;
экологиялық сақтандыру;
қоршаған ортаны қорғау қорларын құру болып табылады.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды
жоспарлау мен қаржыландыру
1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралар болжамдық және бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескерiледi, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын индикативтi жоспарлаудың жобаларына, табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгiзiледi.
Табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi экологиялық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру:
республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер;
қоршаған ортаны қорғау қорларының қаражаты;
экологиялық сақтандыру қаражаты;
табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;
заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары;
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыру барлық деңгейдегi бюджеттерде жеке-дара бөлiп көрсетiледi.
ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар, алымдар және төлемдер түрiнде табиғат пайдаланушылардан алынады.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн ұйымдар мен азаматтардан алынады.
Қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден тыс ластағаны үшiн ақы Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген көтерiңкi мөлшерде алынады.
Төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жасаған есептер негiзiнде жыл сайын жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн бюджетке төленетiн ақының сомасын есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 30-бап жаңа редакцияда
30-бап. Табиғи ресурстарды қорғау мен молайту үшiн
төленетiн төлемдер
Табиғи ресурстарды қорғау мен молайтуды жүзеге асыруға арналған бюджет шығындарының орнын толтыруды өтеу ретiнде табиғат пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес төлем алынады.
31-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық
жағынан ынталандыру
1. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға табиғат пайдаланушыларға субсидиялар берудiң экологиялық жағынан бағдарланған саясаты мен ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
2. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру заңдарға қайшы келмейтiн шаралар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Экологиялық сақтандыру
1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын (сақтандырылғандарын) қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.
2. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiмен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар мiндеттi түрде экологиялық сақтандырылуға тиiс. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн.
3. Ерiктi экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркiн бiлдiруi бойынша жүзеге асырылады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 33-34-баптар алып тасталды
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен VIII-тараудың тақырыбы өзгертілді
VIII тарау. Экологиялық нормалау
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Экологиялық нормалардың негізгі міндеттері мен талаптары
Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді.
Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:
Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;
қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi.
Қоршаған орта сапасының белгiленген нормативтерiн асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетiлген нормалармен алмастыруға жол берiлмейдi.
Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты қатаңдау жағына қарай өзгертуге жол берiледi.
Бекітілген экологиялық нормативтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады, жариялауға және еркiн таратылуға тиiс.
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Экологиялық нормативтердің негізгі түрлері
Экологиялық нормативтердің негiзгi түрлерiне:
қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi;
қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi;
шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;
радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;
агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шектi нормалары;
қорғау, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының нормативтерi;
зиянды (ластағыш) заттарды шығарудың, тастаудың үлес нормативтері жатады.
Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық нормативтердің өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
37-бап. Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге
болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi
Халықтың денсаулығын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлануының нормативтерi белгiленедi.
38-бап. Қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге
болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу
нормативтерi
Тиiстi аумақта қоршаған ортаны ластаудың барлық көздерi мен көлемдерiн ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне олардың жасайтын кешендi ықпалына жол бермеу мақсатында ластанудың әрбiр көзi бойынша қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi белгiленедi.
39-бап. Шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге
де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге
болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi
Халықтың денсаулығы мен еңбек қабiлетiн сақтау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, тiршiлiк үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мақсатында шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi белгiленедi.
40-бап. Радиациялық әсердiң жол беруге болатын
шектi деңгейiнiң нормативтерi
Адамның денсаулығы мен генетикалық қорына төнетiн қауiптi болдырмау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында қоршаған орта мен тамақ өнiмдерiндегi радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi белгiленедi.
41-бап. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында
агрохимикаттарды қолдануға жол берiлетiн
шектi нормалар
Адамның денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды, өсiмдiк қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнiмдерiндегi, топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарының жол берiлетiн шектi нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн мөлшерде қолдануға жол берiлетiн шектi нормалары белгiленедi.
42-бап. Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және
өзге де қорғаныш өңiрлерi
Қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбау және ерекше күзетудi қажет ететiн объектiлердi сақтау мақсатында күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерi белгiленедi.
Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң көлемдерi, оларды пайдалану режимдерi заңдарға сәйкес белгiленедi.
IХ тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
стандарттау мен сертификаттау
43-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау
мен сертификаттау объектiлерi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе оның аумағына, әкелiнетiн, экологиялық қауiпсiздiкке, халықтың өмiрi мен денсаулығына, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуына қауiп төндiруi мүмкiн өнiм (жұмыс, қызмет) жатады.
44-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары және техникалық шарттар заңдармен белгiленген тәртiппен әзiрленiп, бекiтiледi және тiркеледi.
Қоршаған ортаны қорғау саласында тiркелген стандарттар және техникалық шарттар талаптарын бұза отырып, өнiмнiң (бұйымның) әзiрленуiне, жасалуына, жеткiзiлуiне (өткiзiлуiне), сақталуына, тасымалдануына, пайдаланылуына және жөнделуiне, жұмыс (қызмет) атқарылуына тыйым салынады.
45-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сертификаттау
Қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестiктi анықтау үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдi (жұмысты, қызметтi) сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.
Х тарау. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын
экологиялық талаптар
ҚР 04.06.01 ж. N 205-II Заңымен 46-бап өзгертілді
46-бап. Қоршаған ортаға ықпалды бағалаудың міндеттілігі
Қоршаған ортаға әсердi бағалау басқару және шаруашылық шешiмдерiнiң қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлiнуiн және сарқылуын болдырмау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат түрiнде ресiмделедi. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал жасайтын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруға тыйым салынады.