64. ҚР Үкіметінің 12.02.97 ж. N 203 қаулысымен күшi жойылды
65. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ақтау теңiз сауда порты инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 6 қыркүйектегi N 1236 қаулысының 3-тармағының екiншi абзацындағы, 4-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы" деген сөздерiмен ауыстырылсын.
66. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаулыларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1280 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаруларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы Ереженiң 4,9-тармағындағы "Министрлер Кабинетiнiң жанындағы" деген сөздер "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
67. ҚР Үкіметінің 29.01.99 ж. N 70 қаулысымен күші жойылды
68. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға бағытталған қаражатын бөлу туралы" 1995 жылғы 6 қазандағы N 1310 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 404-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын.
69. ҚР Үкіметінің 12.02.97 ж. N 203 қаулысымен күшi жойылды