2003 жылғы 13 қазандағы N 487-ІІ ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейн қолданған 4-баптың редакциясы
4-бап. Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілері
1. Жеке кәсiпкерлiктi бiр азамат дербес (өзiндiк кәсiпкерлiк) немесе азаматтар тобы - жеке кәсiпкерлер (бiрлескен кәсiпкерлiк) заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыра алады.
Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары мыналар болып табылады:
1) ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;
2) шаруа (фермер) қожалығының бiрлескен ортақ меншiгiнiң немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
3) жай серiктестiк, бұл орайда кәсiпкерлiк қызмет үлестiк ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылады;
2. Заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгiн мемлекеттiк емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы бірдей.