Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп"
спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі мәнi спорт және санаториялық-курорттық емдеу саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен:
1) мынадай мекен-жай бойынша: Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл ауданы, Қорымды селосында орналасқан "Қазақстан автомобилисi" демалыс үйiнiң мүлкiн Кәсiпорынға беру жолымен оның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес оның аумағында Кәсiпорынның тiркеуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын:
"519-4 "Олимп" спорт-сауықтыр Қырғыз Республикасы
орталығы республикалық Ыстықкөл ауданы
мемлекеттік кәсiпорны, Қорымды селосы";
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-жолмен толықтырылсын:
"25. "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов
|