Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерiнiң
номенклатурасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 30 желтоқсандағы N 1348 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1348 қаулысымен
бекiтiлген
Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар
қызметтерiнiң номенклатурасы
1. Әуе кемесiнiң ұшуын және қонуын (қабылдау мен шығаруды) қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер.
1.1. Ұшу-қону жолақтарын, рульдiк жолдарын, перрондар ұсыну.
1.2. Әуеайлақты ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету.
1.3. Әуеайлақты жарық техникасымен қамтамасыз ету.
1.4. Авариялық-құтқару және өртке қарсы жабдығымен қамтамасыз ету.
1.5. Әуежай маңында ұшулардың қауiпсiздiгiн орнитологиялық қамтамасыз ету.
1.6. Әуежайдан әуе кемелерiнiң негiзгi ұшу бағыттары бойынша аэронавигациялық жағдайдың аэронавигациялық ақпаратының жедел өзгерiстерiн ұсыну (әуежай орындайтын жағдайларда).
1.7. Жақындағанда диспетчерлiк қызмет көрсету және әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет көрсету (әуежай орындайтын жағдайларда).
1.8. Радиотехникалық қамтамасыз ету (әуежай орындайтын жағдайларда). 1.9. Метеорологиялық қамтамасыз ету (әуежай орындайтын жағдайларда).
1.10. Ұшу бағыттары бойынша жел режимiн ескере отырып, авиациялық жанар-жағармай материалының талап етiлетiн саны дұрыс есептелуiн бақылауды жүзеге асыру (әуежай орындайтын жағдайларда).
1.11. Әуеайлақта жолаушыларға арналған әуе кемесiне қонғаннан кейiн 3 сағат және жүк және жүк-жолаушылар әуе кемелерiнiң сертификатталған түрлерiне қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсiруге) жататын жүктерi (почталары) бар кезде 6 сағат тұру орнын ұсыну.
2. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер.
2.1. Әуежайда өткiзу және объектiшiлiк режимдердi қамтамасыз ету.
2.2. Әуе кемелерiн күзету.
2.3. Әуежайдың кiру шектелген аймақтарында орналасқан радионавигациялық құралдардың, жабдықтардың, ғимараттардың және құрылыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
2.4. Кiру шектелген аймақтарға өтетiн жолаушыларды, қол жүгiн, багаждарды, азаматтық авиация әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiн, авиациялық персоналды және өзге ұйымдардың қызметкерлерiн тексерiп қарау.
2.5. Әуе кемесiн, жүктердi, почталарды және борт тамақтарын тексерiп қарау.
2.6. Заңсыз араласу актiлерiнiң жолын кесу жөнiндегi iс-қимылдарға әуежайдың күштерi мен құралдарын әзiрлiкте ұстау.