164-4. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру кезiнде сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 0,5 (нөл бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
164-5. Түпкi қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 1,5 (бiр бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
164-6. Егер Қаржы министрлiгi эмиссиялаған бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңдегi тиiстi валютадағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi.";
165-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында "банк-заемшыға" деген сөздер "қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
166-тармақта:
"қойылатын" деген сөз "негiзгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"сұрауды" деген сөзден кейiн "бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша берешектiң және бюджеттiк кредиттердi уақытылы қайтару жөнiндегi тиiстi қамтамасыз етудiң болуы жөнiндегi талаптарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
167-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қаржы министрлiгi және/немесе жергiлiктi атқарушы органдар бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сұрау салулары бойынша бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлер берешегiнiң бар-жоғы туралы ақпаратты жiбередi";
170-тармақтың үшiншi абзацында "бюджеттiк" деген сөздiң алдынан "түпкi қарыз алушылардың" деген сөздермен толықтырылсын, "шығыстардың" деген сөз "шығыстарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
174-тармақта ", 12-3 және 12-4" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 180-1, 180-2-тармақтармен толықтырылсын:
"180-1. Бюджеттiк кредиттiң негiзгi борышының жеңілдiктi кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады. Бұл ретте жеңілдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының 1/3 (үштен бiрi) аспауы тиiс.
180-2. Бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы есептеу тиiстi шарттарға қол қойған күннен бастап бюджеттік кредиттi құрылымдау кезiнде бюджеттiк кредиттiң қаражатын бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттердi қоспағанда, бюджеттiк кредит бойынша сыйақы төлеу бюджет кредитiн беру кестесiне сәйкес бiрiншi күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.";
182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"182. Бюджеттiк кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған кезде кредит берушi Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен кредит шартында айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндiрiп алуға құқылы.";
184-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергілiктi атқарушы органдардың жоғары тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер бойынша негiзгi борышты өтегенге және мақсатына сай пайдаланылмаған қаражатты қайтарғанға дейiн қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын өзге мақсаттарға жұмсауына тыйым салу;";
186-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетiншi, сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Кредиттi қайта құрылымдау кезiнде кредит берушi мен қарыз алушы арасында қайта құрылымдау туралы келiсiм (шарт) жасалады.
Бұл ретте кредит беруші:
сыйақы ставкасын белгiлеудi осы Ереженiң 90-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 186-1, 186-2-тармақтармен толықтырылсын:
"186-1. Даму Банкiне берiлген кредиттердi қайта құрылымдау шарты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде анықталады.
186-2. Даму Банкiн және Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, қарыз алушыларға кредиттердi қайта құрылымдау кезiнде сыйақы ставкасы тиiстi валютада 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталады.";
мынадай мазмұндағы 187-1-тармақпен толықтырылсын:
"187-1. Бюджеттiк кредит беру туралы ақпаратты Қаржы және экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерi арасында келiсілген нысан бойынша және мерзiмде Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Қаржы министрлiгi бередi.";
194-тармақтың тоғызыншы абзацында және 195, 196, 197, 198, 199, 200-тармақтарда "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
204-тармақта "жағдайда" деген сөзден кейiн "егер iшкi кредит келiсiмiнде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
205-тармақта "қаражатты" деген сөздiң алдынан "мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi орындау кезiнде бюджеттiк кредит болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
216-тармақтың бiрiншi абзацында "мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына" деген сөздерден кейiн ", республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 216-1-тармақпен толықтырылсын:
"216-1. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзудi 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалар бойынша Қаржы министрлiгi және уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Тиiстi қаржы жылының өткен айларындағы (есептi кезеңдегi) түсiмдердiң бекiтiлген жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларға жол берiлмейдi. Заң кесiмдерiне сәйкес өзгерiстерден және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына өзгерiстерден басқа, ағымдағы қаржы жылының соңғы айында түсiмдердiң жиынтық жоспарын нақтылауға жол берiлмейдi.";
217-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ұсынылатын өзгерiстердiң есептеулерi мен себептерiн көрсете отырып, 17-1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерістер енгiзу үшiн Өтiнiм бере алады.";
218, 219-тармақтардың сегiзiншi абзацында және 220-тармақтың тоғызыншы абзацында:
"сомалар" деген сөздiң алдынан "берiлген" деген сөзбен толықтырылсын;
"жоспарлы сомасының артуы" деген сөздерден кейiн "және рұқсаттар беру" деген сөздермен толықтырылсын;
219-тармақта:
он бiрiншi абзацта:
"шығыстардың сомасына" деген сөздер "қаржыландыру жоспарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"25" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
"дейiнгi" деген сөзден кейiн ", ал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілiктi атқарушы органның шешiмдерi бойынша - сол сияқты және ағымдағы айдың 20-күнiнен кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi алдағы айларға арналған Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге тиiстi өтiнiмдердi Қаржы министрлiгiне бередi. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм қағаз және магниттiк түрде, ал мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына - магниттiк түрде беріледі.
Ағымдағы қаржы жылының соңғы айында мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерi бойынша ұсынылатын өзгерiстерге тиiстi есептеулермен ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi атқарушы органға берген Өтiнiмнiң негiзiнде - ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерi және ведомстволық бағыныстағы мекемелер алдағы айға арналған тиiстi қаржыландыру жоспарларына айына кемiнде бiр рет өзгерiстер енгiзе алады.";
Мынадай мазмұндағы 220-1-тармақпен толықтырылсын:
"220-1. Қаржы министрлiгi Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдердi қарайды. Егер өзгерiстер түсiмдердiң жиынтық жоспарына енгiзiлген жағдайда Түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама қалыптастырылады.
Қаржы министрлiгi Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдi қабылдамаған кезде жiберiлген ұсыныстарды қабылдамау себептерiнiң негiздемесiмен Өтiнiм берген мемлекеттiк органды бас тарту туралы хабардар етедi.";
221-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органның және кеден iсiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның өтiнiмдерiн Қаржы министрлiгi бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарайды.";
222-тармақта "шығыстарының сомаларын" деген сөздер "қаржыландыру жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
223, 224-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"223. Қаржы министрлiгi бекiтілген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландырудың жиынтық жоспарларына және Өтiнiмдердiң негiзiнде 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекемелер-республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзедi.
Жергiлiктi уәкiлеттi орган бекiтiлген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерiстердi мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзедi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерi Өтiнiмдердiң негiзiнде 16 және 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзедi.
224. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң Өтiнiмдерi негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қалыптастыратын Анықтамаларға (бұдан әрі - Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамалары) сәйкес енгiзiледi.";
226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"226. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамаларын осы Ереженiң 225-тармағында санамаланған нормалар сақталған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтедi және ағымдағы ай аяқталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық органдарына қағаз және магниттiк түрде беріледi.";
227-тармақтың үшiншi абзацында "тиiстi" деген сөзден кейiн "жергiлiктi" деген сөзбен толықтырылсын;
228-тармақта:
"Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Yкiметiне және жергілiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "тиiстi Бюджет комиссиясына" деген сөздермен ауыстырылсын;
232-тармақта "Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
234-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу кезінде қаржы жылының iшiнде жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргiзiлмейдi.";
237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"237. Қаржы министрлiгi мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң нақтыланған жоспарын жеткiзедi.";
238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"238. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдары бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiн қаржыландыруды оның мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары Шығыстардың бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша да және айлар бойынша да оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң тиiстi жоспарларының сомасына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқығы бap.";
мемлекеттiк тiлдегi 30-тараудың тақырыбы өзгерiссiз қалады;
273-тармақта "ҚҰБ-нiң ресми" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
279-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қаржыландырудың ерекше тәртiбi белгiленген мемлекеттiк мекемелер активтер жөнiндегi ақпаратты аумақтық қазынашылық органдарына бермейдi, олардың активтерiн есепке алу тиiстi мемлекеттік органдармен бiрлесiп Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен басқа мемлекеттік мекемелердiң активтерiн есепке алудан бөлек жүргiзiледi.";
290-тармақтың екiншi және төртiнші абзацтарында "тексеру актісi" деген сөздер "бақылау жүргiзу актiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 294-1-тармақпен толықтырылсын:
"294-1. Бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының және мемлекеттiк мекеменiң ақылы қызметтердi iске асырудан алынатын қаражат жөнiндегi қаржыландыру жоспарларының және кiрiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарларының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
Бюджеттiк бағдарламалар, тиiстi инвестициялық жобалар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары сомасының қалдықтары Қаржы министрлігi белгiлеген тәртiппен есептiк кезеңнiң ішінде қолданылады.";
296-тармақ:
"жобалар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ ресми трансферттер" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қаржы жылының iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен жергiлiктi бюджеттерге бөлiнген, пайдаланылмаған қаражат ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн республикалық бюджетке қайтаруға жатады.";
297-тармақта:
бiрiншi абзацта "Қазынашылықтың аумақтық органы" деген сөздер "Қазынашылық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта "осы Ережеде белгіленген тәртiппен" деген сөздер "Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац алынып мынадай редакцияда жазылсын:
"ағымдағы қаржы жылына берілген рұқсаттардың шегiнде қабылданатын мiндеттемелер бөлiгiнде әрекет ету мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын шартты тiркейді";
299-тармақта:
бiрiншi абзацта "мемлекеттiк мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "және аккредитивтердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Есептiк кезең аяқталғаннан кейiн Қаржы министрлiгi есептiк кезең шоты қалдығының сомасын бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсiнiң өтiнiшi бойынша аккредитивке аударуы мүмкiн;";
34-тараудың тақырыбында "банктiк" деген сөз алынып тасталсын;
301-тармақта:
"корреспонденттiк шот" деген сөздер "корреспонденттiк шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"СБШ - түсiмдер бойынша операцияларды есептеуге және тиiстi бюджеттен жүргiзiлген төлемдердi есептеуге арналған.
БҚШ - барлық СБШ, мемлекеттiк мекемелердiң шоттары және басқа да шоттар қаражатының қалдықтарын қамтиды.";
302-тармақтың үшiншi абзацында "ағымдағы" деген сөз алынып тасталсын;
303-тармақта:
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қоры бойынша шоты;";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
мемлекеттiк тілдегi мәтiнiнде бесiншi абзацтағы "шоттары" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"басқа да шоттары болады.";
305-тармақ:
мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн (СТН) бере отырып, мемлекеттiк мекеменiң салық органында есепке тұру фактiсiн растайтын аумақтық салық органы берген белгiленген нысандағы құжат;";
он үшiншi абзацта "мен оның аудандары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"депозиттiк шот ашу үшiн:
Қаржы министрлiгiнiң рұқсатын;
аккредитив ашу үшiн:
мемлекеттік мекеменiң өтiнішін және аккредитивтi ашу және жүргiзу қажеттiлiгiн растайтын басқа құжаттарды табыс eтедi";
307-тармақ алынып тасталсын;
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердi құру туралы нормативтiк құқықтық кесімдердiң негiзiнде Қаржы министрлiгiне құрылған мемлекеттiк мекемелерді мемлекеттік мекемелердiң анықтамасына кiргiзу туралы қолдаухатты бередi.
Жергіліктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелерді құру туралы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізінде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарына құрылған мемлекеттiк мекемелердi мемлекеттiк мекемелердiң анықтамасына кіргiзу туралы қолдаухатты бередi.";
309-тармақта "мен оның аудандары" деген сөздер алынып тасталсын;
316-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердi Қаржы министрлiгi шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түскен iс жүзiндегi түсiмдердiң жергiлiктi бюджеттердiң, тұтастай алғанда республикалық бюджет бойынша және жеке жергіліктi бюджеттер бойынша бұрын Қорға аударылған соманы және Қордан алынған шығындар өтемақысын ескере отырып, кiрiстер сыныптамасының кодтары бөлiнiсiнде қаржы жылынан бастап өспелi қорытынды республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген жылдық көлемiнен және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен артық сомасы ретiнде анықтайды.";
317-тармақта:
бiріншi абзацтағы "республикалық және" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.";
321-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "республикалық және" және "тұтастай алғанда республикалық бюджеттiң және" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзацтағы "республикалық және" және "тұтастай алғанда республикалық бюджет бойынша жеке" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттiң шығындарын өтеу шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер бойынша және тұтастай алғанда түсiмдер бойынша республикалық бюджет атқарылмаған жағдайда жүргізіледі.
Өтемақы мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша жете атқарылмаған жалпы сомадан аспайды.";
334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"334. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгiленген мерзiмде ҚҰБ-мен бiрлесiп жасайды.
Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды:
1) 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы жылдық есептi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтілген нысандар бойынша балансты және есептердi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң балансын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кiрiстерi мен шығыстары туралы есептi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша қозғалысы туралы есептерiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза активтерiндегi өзгерiстер туралы есептердi;
3) Қорды басқару жөніндегі өзге де деректердi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгіленген мерзiмде сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерiмен бiрге Қорды басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне енгiзедi.".
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 336-тармақ өзгерiссiз қалады;
337-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен операцияларды жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме жыл сайын мынадай тәртiппен 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кiрiстердiң және шығыстарды қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.";
338-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары негiзiнде 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кірістердiң және шығыстарды қаржыландырудың жиынтық жоспарын (бұдан әрі - жиынтық жоспар) жасайды және бекiтедi;
мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен расталған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің жиынтық жоспарын ведомстволық, бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарларымен бiрге келiсу үшiн ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгiне бередi. Жиынтық жоспар қағаз және магниттiк түрлерде, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары - магниттік түрде беріледі;
басшы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жергіліктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жиынтық жоспарын келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде тиiстi жергілiктi уәкілеттi органға бередi;";
үшiншi абзац "есептемелердi" деген сөзден кейiн "ұсынады" деген сөзбен толықтырылсын;
төртiншi абзацта "жоспарды" деген сөз "жиынтық жоспарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жиынтық жоспар мен оған есептемелердi жасаудың дұрыстығына нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жауап бередi.";
339-тармақта:
бiрiншi абзацта "заң актілерiне, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес келуiн, кірiстердi есептеудiң толықтығына және дұрыстығына, шығыстар бағытының Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
"куәландырылған" деген сөзден кейiн "жиынтық" деген сөзбен толықтырылсын;
"бекiтедi" деген сөз "келiседi" деген сөзбен ауыстырылсын;
340-тармақта:
"Бекiтiлген" деген сөз "Келiсiлген жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бip-бiр данасы тиiстi аумақтық қазынашылық органына және" деген сөздер "екiншi данасы мемлекеттік мекемелердiң жоспарларымен бiрге" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 340-1, 340-2, 340-3, 340-4-тармақтармен толықтырылсын:
"340-1. Жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейiн ақылы қызметтер бойынша кірiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарын бекiтпеген жағдайда мемлекеттiк мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде есептi жылдың 31 желтоқсанына ақылы қызметтер жөнiндегi қалдықтардың және есептi қаржы жылы жоспарларының шегiнде жүргiзiлген шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргiзе алады.
340-2. Егер жиынтық жоспар ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiн Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға келiсу үшiн ұсынылмаса және ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн келiсiлмесе, онда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақылы қызметтер бойынша қаражат үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға жатады.
340-3. Жоспарларға немесе жиынтық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
340-4. Мемлекеттiк мекеме басқа мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер көрсете алады.
Мемлекеттiк мекемеге заңнамаға сәйкес оған ашылған бюджеттік шоттан және басқа шоттардан қаражатты өзiнiң ақылы қызметтер шотына аударуға тыйым салынады.
Түзеу мекемелерiне қаражатты депозиттік шоттан ақылы қызметтер шотына аударуға рұқсат етiледi.";
343-тармақ алынып тасталсын;
44-тараудың тақырыбында және 355-тармақта "мен оның аудандары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-тараумен және 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 366-тармақтармен толықтырылсын:
"45-тарау. Операцияларды аккредитивтермен жүргiзу рәсiмдерi
356. Аккредитив аяқталу мерзiмi ағымдағы қаржы жылында басталатын инвестициялық жобалар шеңберiнде, инвестициялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң жабдықтарды бергенi үшiн, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары үшiн қару-жарақ пен арнайы техниканы бергенi үшiн, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының объектiлерi бойынша құжаттық есептеулер кезiнде пайдаланылады.
357. Аккредитив мемлекеттiк мекемелер республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiлермен жасасқан және заңнамада белгiленген тәртіппен тіркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша ақы төлеу шарттарына сәйкес төлемдердi және (немесе) ақша аударуды жүзеге асыру үшiн ашылады. Шартта тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн есеп айырысулар аккредитивтердi пайдалана отырып жүзеге асырылатыны және алдын ала төленген жағдайда бөлiнген сома қандай мақсаттарға пайдаланылатыны айтылуы тиiс.