Қазақстан Республикасы Энертетика және минералдық ресурстар
министрлігінің "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 240 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оны иелену мен пайдалану құқықтары мұнай-газ жобалары бойынша мердiгерлерге берілуi тиiс мемлекеттiк мүлiктiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзудi және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Астана қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны бойынша өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келiсiмнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қарашадағы N 1568 қаулысы 4-тармағының 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерi мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолмен толықтырылсын:
"12. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
Мұнай-газ капиталы 16";
3) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 3-1-жолмен толықтырылсын:
"3-1. "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттiк мекемесi".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |