Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң каражаты есебiнен шетелдiк
iссапарларға валюталық каражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. N 456
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 23 қаңтардағы N 72 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. N 456 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Мынадай болып белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, сондай-ақ олармен бiрге жүретiн адамдар (Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң жұбайлары), Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметінің қызметкерлерi (түзетiлетiн тұлғамен бiрге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдiк валютадағы көлiктiк шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;
2) Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Yкiмет мүшелерi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiлерi, Қазақстан Республикасының шетелдегi төтенше және өкiлеттi елшілерi қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Бизнес" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;
3) мемлекеттік органдардың басқа лауазымды тұлғалары қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi.
2. Мыналар бекiтiлсiн:
1) шетелде қысқа мерзiмдi iссапарларда жүрген қызметкерлердiң тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарын өтеудiң нормалары (тәулігіне бiр адамға):
Қазақстан Республикасы нақты шығындар бойынша
Премьер-Министрінің орынбасарлары, (бiрақ бес жұлдызды қонақ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң үйiнiң бiр адамдық нөмiрiнiң
көмекшiсi, Қазақстан Республикасы құнынан артық емес);
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы,
Қазақстан Республикасы орталық
мемлекеттік органдарының басшылары,
облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкiмдерi, Қазақстан
Республикасының Президентi Күзет
қызметiнiң қызметкерлерi
(күзетiлетiн тұлғалармен бiрге
жүру кезiнде) үшiн
Қазақстан Республикасының нақты шығындар бойынша
орталық мемлекеттiк органдары (бiрақ төрт жұлдызды
басшыларының орынбасарлары, қонақ үйiнiң бiр адамдық
облыстар, Астана және Алматы нөмiрiнiң құнынан артық
қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары емес);
үшін
делегация басшылары (осы нақты шығындар бойынша
тармақшаның екiншi, үшiншi (бiрақ үш жұлдызды қонақ
абзацтарында аталған тұлғалардан үйiнiң бiр адамдық нөмiрiнiң
басқа) делегация мүшелерi, құнынан артық емес);
аудармашылар, бiрге жүретiн адамдар
және мемлекеттiк органдардың басқа
да лауазымды тұлғалары үшiн
Қазақстан Республикасының нақты шығындар
Мемлекет басшысымен, Қазақстан бойынша
Республикасының Премьер-Министрiмен,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
хатшысы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрiмен бiрге жүретiн
адамдар үшiн
2) шетелде қысқа мерзiмдi iссапарларда жүрген қызметкерлердің тәулiктiк шығыстарын өтеу нормалары:
АҚШ, Ұлыбритания, Германия, 70 АҚШ доллары;
Италия, Франция, Канада, Жапония
елдерi бойынша
Батыс Еуропа (осы тармақшаның 60 АҚШ доллары;
екiншi абзацында аталған елдерден
басқа), сондай-ақ Сингапур, Оңтүстiк
Корея, Израиль, Австралия елдерi
бойынша
Шығыс Еуропа (бұрынғы 50 АҚШ доллары;
социалистiк елдер), сондай-ақ Египет,
Қытай, БАӘ, OAP елдерi бойынша
басқа елдер бойынша 40 АҚШ доллары;
ТМД елдерi бойынша 30 AҚШ доллары.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 11 ақпандағы
N 148 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылды
деп танылатын шешімдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қазандағы N 1080 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 42, 510-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қазандағы N 1080 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 1 қыркүйектегi N 981 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 37, 404-құжат);
3. "Шетел валютасындағы iссапарлар шығыстарын өтеудiң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 967 қаулысы.
4. "Мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн шетелге iссапарға жiберудi реттеу жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 80-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 967 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1622 қаулысы.