Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі N 438 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2003 ж. 21 қазандағы N 312 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының Бас жоспары туралы" 1996 жылғы 18 қарашадағы N 6 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдіснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы Бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2002 жылғы 18 қыркүйектегі
N 438 бұйрығымен бекiтiлген
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары
1-бөлiм. АЙНАЛЫМНАН TЫC АКТИВТЕР
Шот
кодтары
10 Материалдық емес активтер
101 Лицензиялық келiсiмдер
102 Бағдарламалық қамтамасыз ету
103 Патенттер
104 Ұйымдастыру шығындары
105 Гудвилл
106 Өзге де материалдық емес активтер
11 Материалдық емес активтердің амортизациясы
111 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - лицензиялық келiсiмдер
112 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - бағдарламалық қамтамасыз ету
113 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - патенттер
114 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - ұйымдастыру шығындары
115 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - гудвилл
116 Материалдық емес активтердiң амортизациясы - өзге де материалдық емес активтер
12 Негiзгi қаражат
121 Жер
122 Ғимараттар мен құрылыс-жайлары
123 Машиналар мен жабдықтар, қосалқы тетiктер
124 Көлiк құралдары
125 Өзге де негiзгi қорлар
126 Аяқталмаған құрылыс
13 Негiзгi қорлардың тозуы
131 Ғимараттар мен құрылыс-жайларының тозуы
132 Машиналар мен жабдықтардың, қосалқы тетiктердiң тозуы
133 Көлiк құралдарының тозуы
134 Өзге де негiзгi құралдардың тозуы
14 Инвестициялар
141 Еншiлес ұйымдарға инвестициялар
142 Тәуелдi ұйымдарға инвестициялар
143 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар
144 Жылжымайтын мүлiкке инвестициялар
2 бөлiм. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР
20 Материалдар
201 Шикiзат және материалдар
202 Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер
203 Отын
204 Ыдыс және ыдыстық заттар
205 Қосалқы бөлшектер
206 Өзге де материалдар
207 Өңдеуге берiлген материалдар
208 Құрылыс материалдары және басқалар
21 Аяқталмаған өндiрiс
211 Негiзгi өндiрiс
212 Өзiнде өндiрiлген жартылай фабрикаттар
213 Көмекшi өндiрiс
22 Тауарлар
221 Дайын өнiм
222 Алынған тауарлар
223 Өзге де тауарлар
3 бөлiм. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АКТИВТЕР
30 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегi
301 Алуға арналған есептеулер
302 Алынған вексельдер
303 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың басқа берешегi
31 Күдiктi талаптар жөнiндегi резервтер
311 Күдiктi талаптар жөнiндегi резервтер
32 Сабақтас (тәуелдi) ұйымдардың дебиторлық берешегi
321 Сабақтас (тәуелдi) ұйымдардың борышы
322 Тәуелдi ұйымдардың борышы
323 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы
33 Өзге де дебиторлық борыш
331 Орнын толтыруға қосылған құнның салығы
332 Есептелген сыйақылар
333 Қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың борышы
334 Өзге де дебиторлық борыш
34 Алдағы кезеңдердiң шығындары
341 Сақтандыру полисi
342 Жалдау ақысы
343 Алдағы кезеңдердiң өзге де шығындары
35 Берiлген аванстар
351 Тауарлық-материалдық қорларды жеткiзгенi үшiн берiлген аванстар
352 Орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн берiлген аванстар
353 Өзге де берiлген аванстар
4 бөлiм. ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ АҚШАЛАР
40 Қаржылық инвестициялар
401 Акциялар
402 Облигациялар
403 Өзге де қаржылық инвестициялар
41 Жолдағы ақша
411 Жолдағы ақша
42 Банктердегі арнаулы есеп шоттардағы ақша
421 Аккредитивтердегi ақша
422 Чек кiтапшаларындағы ақша
423 Банктердегi арнаулы шоттардағы ақша
424 Банктердегі өзге де шоттарындағы ақша
43 Валюталық шоттағы ақшалар
431 Ел iшiндегi валюталық шоттағы ақшалар
432 Шетелдегі валюталық шоттағы ақшалар
44 Есеп айырысу шотындағы ақшалар
441 Есеп айырысу шотындағы ақшалар
45 Кассадағы қолға берiлетiн ақшалар
451 Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар
452 Кассадағы шетелдiк валютамен қолға берiлетiн ақшалар
5 бөлiм. ӨЗIНДIК КАПИТАЛ
50 Жарғылық капитал
501 Қарапайым акциялар
502 Артықшылығы бар акциялар
503 Салымдар және пайлар
51 Төленбеген капитал
511 Төленбеген капитал
52 Қайтарып алынған капитал
521 Қайтарып алынған капитал
53 Төленген қосымша капитал
531 Төленген қосымша капитал
54 Төленбеген қосымша капитал
541 Негізгі қорларды қайта бағалаудан алынатын төленбеген қосымша капитал
542 Инвестицияларды қайта бағалаудан алынатын төленбеген қосымша капитал
543 Өзге де активтердi қайта бағалаудан алынатын төленбеген қосымша капитал
55 Резервтiк капитал
551 Заңмен белгiленген резервтiк капитал
552 Өзге де резервтiк капитал
56 Бөлiнбеген кiрiс (жабылмаған зиян)
561 Есептi жылдың бөлінбеген кipici (жабылмаған зиян)
562 Алдағы жылдардың бөлінбеген кіpісі (жабылмаған зиян)
57 Жиынтық кiрiс (зиян)
571 Жиынтық кiрiс (зиян)
6 бөлiм. MIНДЕТТЕМЕЛЕР
60 Қарыздар
601 Банктердің қарыздары
602 Банктен тыс мекемелердiң қарыздары
603 Өзгелер
61 Алдағы кезеңдердiң кiрiстерi
611 Алдағы кезеңдердiң кірістері
62 Қатысушылардың дивидендтерi мен кiрiстерi бойынша есептеулер
621 Жай акциялар бойынша есептеулер
622 Басымдық берiлген акциялар бойынша есептеулер
623 Қатысушылардың кiрiстерi бойынша есептесу
63 Бюджетпен есептесу
631 Төлеуге салынатын корпоративтiк табыс салығы
632 Кейінге қалдырылған корпоративтi табыс салығы
633 Қосылған құн салығы
634 Акциздер
635 Әлеуметтiк салық
636 Жер салығы
637 Мүлiкке салынатын салық
638 Көлiк құралдарына салық
639 Өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер
64 Еншiлес (тәуелдi) ұйымдарға кредиторлық борыш
641 Еншiлес ұйымдарға борыш
642 Тәуелдi ұйымдардың қарыздары
643 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғалар борыш
65 Кепiлдiктер мен шартты мiндеттемелер
651 Кепiлдiктi мiндеттемелер
652 Шартты мiндеттемелер
66 Алынған аванстар
661 Тауарлық-материалдық қорларды бергенi үшiн алынған аванстар
662 Жұмыстарды және көрсетiлген қызметтердi орындағаны үшiн алынған аванстар
663 Алынған өзге де аванстар
67 Берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу
671 Төлеуге шоттар
68 Өзге де кредиторлық борыш және есептеу
681 Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу
682 Лауазымды тұлғаларға борыш
683 Жалгерлiк мiндеттемелер
684 Төлеуге сыйақылар
685 Қызметкерлердiң демалыстары бойынша есептелген борыш
686 Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу
687 Өзгелер
7 бөлiм. КIРIСТЕР
70 Негiзгi қызметтің кiрiсi
701 Дайын өнiмдi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын кiрiс
71 Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан шегерiмдерi, бағадан шегерiм
711 Сатылған тауарлардың қайтарылуы
712 Сатудан шегерiм
713 Бағадан шегерiм
72 Негiзгi емес қызметтен алынатын кiрiс
721 Материалдық емес активтердiң iстен шығарылуынан алынатын кiрiс
722 Негiзгi қор активтерiнiң iстен шығарылуынан алынатын кiрiс
723 Инвестициялар, қаржы инвестициялар шегерiлуiнен кiрiс
724 Акциялар бойынша дивидендтер және сыйақы түрiндегi кiрiстер
725 Бағамдар айырмашылығынан алынатын кiрiс
726 Атқарушы өкiмет органдарының субсидиялары
727 Негiзгi емес қызметтен алынатын өзге де кiрiстер
8 бөлiм. ШЫҒЫСТАР
80 Сатылған дайын өнiмнiң (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны
801 Сатылған дайын өнiмнiң (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны
81 Дайын өнiмдi (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң)
811 Тауар өткiзуге байланысты шығыстар (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) iске асыру жөнiндегi шығыстар
82 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар
821 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар
83 Сыйақы түріндегі шығыстар
831 Сыйақы түрiндегi шығыстар
84 Негiзгi емес қызметтер бойынша шығыстар
841 Материалдық емес активтердi өткiзуге байланысты шығыстар
842 Негiзгi құралдардың iстен шығуы бойынша шығыстар
843 Инвестициялар, қаржы инвестициялар iстен шығуы бойынша шығыстар
844 Бағам айырмасы бойынша шығыстар
845 Негiзгi емес қызмет бойынша өзге де шығыстар
85 Корпоративтiк табыс салығы бойынша шығыстар
851 Корпоративтiк табыс салығы бойынша шығыстар
86 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетiн кiрiстер (шығындар)
861 Табиғат апатынан болған өтелмеген шығыстар (шығындар)
862 Тоқтатылған операциялардан болған кiрiстер (шығындар)
864 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын өзге де кiрiстер (шығындар)
87 Басқа ұйымдардағы үлестік қатысудың кiрiсi (шығын)
871 Басқа ұйымдардағы үлестiк қатысудан алынатын кiрiс (шығыс)
9 бөлiм. ӨНДIРIСТIК ЕСЕПТЕУДІҢ ЕСЕПТЕМЕСI
90 Негiзгi өндiрiс
900 Негiзгi өндiрiс
901 Материалдар
902 Өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы
903 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
904 Құжаттық шығындар
91 Өзiндiк өндiрiстiк жартылай фабрикаттар
910 Өзiндiк өндiрiстiк жартылай фабрикаттар
911 Материалдар
912 Өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы
913 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
914 Құжаттық шығындар
92 Қосалқы өндiрiстер
921 Материалдар
922 Өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы
923 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
924 Құжаттық шығындар
93 Құжаттық шығындар
931 Материалдар
932 Өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы
933 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
934 Құжаттық шығындар
935 Негiзгi қорлардың және материалдық емес активтердiң амортизациясының тозуы
936 Коммуналдық қызметтер
937 Арендалық ақы
938 Өзгелер
10 бөлiм. БАЛАНСҚА КЕЛТIРУ ЕСЕПТЕМЕСI