Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден алған қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша банктің мерзімі өткен берешегінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары есептен шығарылады.
2231. Клиенттерден "РЕПО" операциялары бойынша алынған заемдар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша "РЕПО" операциялары бойынша алынған заемдардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2301. Айналысқа шығарылған облигациялар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк айналысқа шығарған облигациялардың номиналды құнын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк айналысқа шығарған облигациялардың номиналды құны жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған облигациялардың номиналды құны оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2303. Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк айналысқа шығарған өзге бағалы қағаздардың номиналды құнын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк айналысқа шығарған өзге бағалы қағаздардың номиналды құны жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздардың номиналды құны оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2401. Бес жылдан кем өтеу мерзімі бар реттелген борыш (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бес жылдан кем өтеу мерзімі бар реттелген борышының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің реттелген борышының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша реттелген борыштың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2402. Бес жылдан көп өтеу мерзімі бар реттелген борыш (пассив).
Есепшоттың борышы: Банктің бес жылдан астам өтеу мерзімі бар реттелген борышының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің реттелген борышының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша реттелген борыштың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2551. Басқа банктермен есеп айырысу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк және корреспондент банктер арасындағы клиринг кезінде қарсы сомаларды есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша N 1552 баланстық есепшотпен корреспонденцияда төлеу үшін корреспондент банк қабылданған төлем құжаттарының сомалары, сондай-ақ корреспондент банктің пайдасына түскен ақша сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша сомалар N 1551 баланстық есепшотпен сальдолау кезінде жазылады және ақша қалдығы банктің корреспонденттік есепшотынан есептен шығарылады.
2552. Клиенттермен есеп айырысу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Клиенттер арасындағы клиринг кезіндегі қарсы сомаларды есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша клирингті жүзеге асыру үшін клиенттің банктік есепшотынан есептен шығарылған сомалар, сондай-ақ басқа клиенттермен акцепт үшін клиенттен түскен төлем құжаттарының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша клиенттің төлем құжаттарының банк төлеуге қабылдамаған сомалары оларды N 1552 баланстық есепшотпен сальдолау кезінде жазылады.
2702. Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап ету бойынша салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары есептен шығарылады.
2703. Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Үкіметінен алған заемдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Үкіметінен алған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2704. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан алған заемдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан алған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2705. Басқа банктерден алынған заемдар және қаржылық лизинг бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алған заемдар және қаржы лизингі бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден алған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары есептен шығарылады.
2706. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған заемдар және қаржы лизингі бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2707. Басқа банктерден "РЕПО" операциялары бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдар бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2711. Басқа банктердің овернайт заемдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден қабылдаған овернайт заемдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған овернайт заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған овернайт заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2712. Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2713. Басқа банктердің салым-кепілдіктері бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған салым-кепілдіктер бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған салым-кепілдіктер бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылдаған салым-кепілдіктер бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2714. Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банктерден қабылдаған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2715. Банктің бас офисі және оның филиалдары арасындағы есеп айырысу бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисі және оның филиалы арасындағы есеп айырысу бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бас офисі және оның филиалы арасындағы есеп айырысу бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бас офисі және оның филиалы арасындағы есеп айырысу бойынша есептелген шығыстардың сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2716. Аудит және консультациялық қызметтер бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Аудит және консультациялық қызметтер бойынша осы кезеңге жататын төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша аудит және консультациялық қызметтер бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша аудит және консультациялық қызметтер бойынша есептелген шығыстардың сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2718. Клиенттердің ағымдағы есепшоттары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған ағымдағы есепшоттар бойынша осы кезеңге жататын төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттен ағымдағы есепшоттары бойынша қабылдаған есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған ақша бойынша есептелген шығыстардың сомалары олар төленген кезде есептен шығарылады.
2719. Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден қабылдаған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2720. Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап ету бойынша салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары есептен шығарылады.
2721. Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден қабылдаған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2722. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардан қабылдаған салымдары бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардан қабылдаған салымдары бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2723. Клиенттердің салым-кепілдіктері бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған салым-кепілдіктер бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден қабылдаған салым-кепілдіктер бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған салым-кепілдіктер бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк қайтарған кезде есептен шығарылады.
2724. Клиенттерден "РЕПО" операциялары бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдар бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден "РЕПО" операциялары бойынша алған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2730. Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк айналысқа шығарған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк айналысқа шығарған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2740. Реттелген борыштар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің реттелген борыштары бойынша есептелген шығыстардың осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің реттелген борыштары бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша реттелген борыштар бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2741. Алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк алған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк алған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды банк төлеген кезде есептен шығарылады.
2742. Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қабылдаған талап ету бойынша салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды банк төлеген кезде есептен шығарылады.
2743. Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк қабылдаған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қабылдаған мерзімді салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды банк төлеген кезде есептен шығарылады.
2744. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк айналысқа шығарған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк айналысқа шығарған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2745. Алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерден алған қаржы лизингі бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиенттерден алған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2746. Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қабылдаған шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды банк өтеген кезде есептен шығарылады.
2747. Салым-кепілдіктер бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банктік салым шарты бойынша қабылдаған салым-кепілдіктер бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қабылдаған салым-кепілдіктер бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған салым-кепілдіктер бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды банк төлеген кезде есептен шығарылады.
2748. Ағымдағы есепшоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банктік салым шарты бойынша қабылдаған ағымдағы есепшоттар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк қабылдаған ағымдағы есепшоттар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша қабылданған ағымдағы есепшоттар бойынша мерзімі өткен сыйақының сомалары оларды банк төлеген кезде есептен шығарылады.
2749. Мерзімі өткен өзге сыйақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Мерзімі өткен өзге сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша мерзімі өткен өзге сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша мерзімі өткен өзге сыйақының сомалары оларды банк төлеген кезде есептен шығарылады.
2751. Берілген заемдар бойынша алдын ала сыйақыны төлеу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк берген заемдар бойынша болашақ кезеңге қатысты алдын ала төленген сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк берген заемдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша берілген заемдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомалары есептеу әдісіне сәйкес есептен шығарылады.
2752. Орналастырылған заемдар бойынша алдын ала сыйақыны төлеу (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің банктік салым шарты бойынша орналастырған заемдар бойынша болашақ кезеңге қатысты алдын ала төленген сыйақының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк орналастырған заемдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша орналастырылған заемдар бойынша алдын ала төленген сыйақының сомалары есептеу әдісіне сәйкес есептен шығарылады.
2753. Есепке алынған вексельдер бойынша дисконт (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Есепке алынған вексельдер бойынша дисконттың сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша есепке алынған вексельдер бойынша дисконттың сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша есепке алынған вексельдер бойынша дисконттың сомалары есептеу әдісіне сәйкес тиісті баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
2791. Өзге алдын ала төлемдер (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің алдын болашақ кезеңге қатысты ала төленген өзге кірістерінің сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің алдын ала төленген өзге кірістерінің сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің алдын ала төленген өзге кірістерінің сомалары есептеу әдісіне сәйкес есептен шығарылады.
2802. Өтелгенге дейін ұсталатын олардың номиналды құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі бағалы қағаздар бойынша болашақ кезеңдердің кірістері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналды құнының олардың сатып алу бағасынан асатын сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналды құнының олардың сатып алу бағасынан асатын сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналды құнының олардың сатып алу бағасынан асатын сомалары кірістердің тиісті баланстық есепшоттарына есептен шығарылады.
2803. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сату бағасы арасындағы айырма (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банк айналысқа шығарған бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сату бағасы арасындағы айырма сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк айналысқа шығарған бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сату бағасы арасындағы айырма сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банк айналысқа шығарған бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сату бағасы арасындағы айырма сомалары тиісті шығыстардағы қалдықтарды азайту арқылы есептен шығарылады.
2804. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сатып алу бағасы арасындағы айырма (пассив).
Есепшоттың мақсаты: өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сатып алу бағасы арасындағы айырма сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналды құны мен оларды сатып алу бағасы арасындағы айырма сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар құнының олардың номиналды құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырмаға амортизациясы жазылады.
2805. Айналысқа шығарылған облигациялардың номиналды құны мен оларды сатып алу бағасы арасындағы айырма (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған облигациялардың номиналды құны мен оларды сатып алу бағасы арасындағы айырма сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған облигациялардың номиналды құны мен оларды сатып алу бағасы арасындағы айырма сомалары жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған облигациялар құнының олардың номиналды құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырмаға амортизациясы жазылады.
2811. Банктің аударым операциялары бойынша көрсетілген қызметтер бойынша есептелген комиссиялық шығыстары (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің аударым операциялары бойынша көрсетілген қызметтер бойынша осы кезеңге қатысты, төленуі болашақта күтілетін есептелген комиссиялық шығыстарының сомаларын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің аударым операциялары бойынша көрсетілген қызметтер бойынша есептелген комиссиялық шығыстарының сомалары жазылады.