3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;
4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында тегiн бiлiм aлуға;
6) мемлекеттiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн кәсiптiк бiлiм алуға;
7) оқу бiтiргеннен кейiн алған бiлiмiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.
2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын I және II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер басым құқыққа ие болады.
3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
16-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды
өкілдерiнiң құқықтары
Кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерiнiң:
1) баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда куәландыру кезiнде қатысуға;
2) баланы тексерудiң нәтижелерi, жеке әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелерi туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық, арнаулы бiлiм берумен және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
3) өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мөлшерде, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларын жеке оқыту жоспарына сәйкес үйде тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемiн алуға құқығы бар.
17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды
өкілдерiнiң мiндеттерi
1. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi, заңдарда белгiленген мiндеттерден басқа, өздерiнiң балаларын асырауды, тәрбиелеудi, бiлiм берудi, медициналық байқаудан өткiзудi, емдетудi қамтамасыз етуге, оларға күтiм жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға оңалтудың жеке бағдарламасын icкe асыруға қатысуға тиіс.
2. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
18-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының