Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың
кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
17 шілдедегі N 794 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 11 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасау және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
2) теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктілiк талаптары;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi
N 794 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн
қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді
жасау және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын
бiлiктiлiк талаптары
1. Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, сондай-ақ жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутанығыш аспаптар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
2) қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамының және/немесе арнайы контейнерлердiң жасалуына және жөнделуiне жауапты әрi Қазақстан Республикасының темiр жолдарын техникалық пайдалану ережесiн бiлуiне аттестатталған адамдардың (адамның) тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi
N 794 қаулысымен бекiтiлген
Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге
байланысты теңiз порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде
қойылатын білiктiлiк талаптары
1. Теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) техникалық қадағалау органдарының тиiстi қорытындылары бар мамандандырылған машиналар мен жүк көтергiш тетiктер;
2) теңiз кемелерi мен жүктерге қызмет көрсететiн теңiз портының әрбiр қызметi бойынша бiлiктi мамандар (бiлiктiлiгiн растайтын құжаттардың болуы);
3) жүктердi сақтауға арналған жабық үй-жайлар (қоймалар) мен аумақтар;
4) жолаушыларға қызмет көрсету үшiн жабдықталған үй-жайлар (сапаржай);
5) теңiз портында жүзу қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беретiн навигациялық ахуал құралдары;
6) тапсырыс берушiнiң экологиялық және санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын экологиялық және санитарлық қадағалау органдарының қорытындылары.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi
N 794 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
1) лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағаны:
"теңiз" деген сөзден кейiн "және темiр жол" деген сөздермен толықтырылсын;
"әуе" деген сөзден кейiнгi "және темiр жол" деген сөздер алынып тасталсын;
"қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу; теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi" деген сөздермен толықтырылсын:
реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын;
2) санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
1-бөлім мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi.";
2-бөлім мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi.".
2. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат):
Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
2 және 18-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат):
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ережеде:
11-тармақтың 3) тармақшасында "және темiр жолдан" деген сөздер алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат):
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі туралы ережеде:
11-тармақтың 13-2) тармақшасы алынып тасталсын.
5. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына:
жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
1-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi 10".