3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
5) ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауды;
6) базарларда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды; мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болу мен таралу және жануарлардың азықтан улану себептерi мен жағдайларын ашып, анықтауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
3. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау туралы ереженi ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi
Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;
7) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
9) ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.
16-бап. Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлар
мен олардың орынбасарларының құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретiне:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
3) тиiстi аумақтағы iндеттi жағдайды бағалауды ескере отырып, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктер кiредi.
2. Шекарадағы және көлiктегi бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың және оның орынбасарларының құзыретiне:
1) шекарада және көлiкте мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) шекарада және көлiкте мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi шығару;
3) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық бақылау пункттерi мен бекеттерiнiң ветеринариялық инспекторларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктер кiредi.
3. Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
1) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
5) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктер кiредi.
4. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
1) ауданның (қаланың) аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) ауданның (қаланың) аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
3) мемлекеттiк вeтеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) аумағында жұмыс iстейтiн ветеринариялық инспекторларды қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
5) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктер кiредi.
17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары
1. Ветеринариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне заңдарда белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
2) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау жүргiзуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
6) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жүктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органына хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2. Ветеринариялық инспекторлардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актiлерi
1. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты ветеринариялық инспекторлар мынадай актiлер:
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқама;
жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестаттау туралы нұсқама;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы немесе әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
3. Ветеринариялық инспекторлардың актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi
Ветеринариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының
әкелiнуi мен таралуынан қорғау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына iндет тарамаған басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.
3. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi тиiстi аумақтардың iндеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган шекара және кеден пункттерiнде (мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.
5. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген кезең мен тәртiп бойынша мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
6. Мемлекеттiк шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық бақылау бекеттерiнiң ветеринариялық инспекторлары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде ветеринариялық рәмiздерi бар арнаулы киiм киiп жүредi.
7. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң экспортына, импортына және транзитiне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнен экспорт, импорт және транзит елiндегi iндеттiлiк жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетудi болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк иесiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
8. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң мемлекеттiк шекара арқылы өтуi кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
21-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi
Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын
ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
1. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға жатады.
2. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде оларға мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды тиеу, түсiру жүргiзiлетiн аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн аумақтардың ветеринариялық инспекторлары жүзеге асырады.
3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларымен келiсе отырып жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
4. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыру (тасымалдануы) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
5. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
22-бап. Базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
1. Базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау мiндеттi болып табылады.
2. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға жатады.
3. Базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға:
1) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қоса жiберiлетiн ветеринариялық құжаттарға сәйкестiгiн тексеру;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тексерiп қарау;
3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтауын тексеру;
4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмейтiн, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.
4. Базарларда мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтап, кейiн сараптама актiсiн берудi ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
5. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу мiндеттi болып табылады. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
6. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
7. Базар әкiмшiлiгi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзудi жүзеге асыру үшiн базардағы ветеринариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шарт негiзiнде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетiн қызметтiк үй-жайлар беруге мiндеттi.
23-бап. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен
шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және
өткiзу жөнiндегi ұйымдарда мемлекеттiк ветеринариялық
қадағалау
1. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау жүргiзiлуi мiндеттi.
2. Дайындау, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдар ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қабылдайды, сақтайды және өткiзедi.
3. Жануарларды сою, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу жөнiндегi ұйымдардың әкiмшiлiктерi жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринариялық инспекторларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шарт негiзiнде қызметтiк үй-жай беруге мiндеттi.
4. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау ережелерi мен тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк
қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды, өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға жатады.
3. Ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ветеринариялық препараттар серияларын (топтарын) Қазақстан Республикасында қолдануға (пайдалануға) олардың ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгі анықталғаннан кейiн (ветеринариялық препараттардың сериялары (топтары) бақыланғаннан кейiн) жол берiледi.
4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар өндiру жөнiндегi ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға мiндеттi.
5. Антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестiгiн анықтау тәртiбiн азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органымен келiсе отырып, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен
адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның
iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу
жөнiндегi мiндеттерi
Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;
2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелермен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
5) ауыл шаруашылық жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
7) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беруге;
8) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануға;
9) ветеринариялық инспекторларға мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;
10) ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындауға;
11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
12) ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге;
13) жаңа, жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсуге мiндеттi.
26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар
1. Ветеринариялық iс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
2. Ветеринариялық ic-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi және жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы мiндеттi болып табылады.
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
1. Шeктey iс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен белгiленедi.
2. Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
3. Ветеринариялық iс-шаралар кешенi өткiзiлген жағдайда, шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдi тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
4. Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен карантин тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу iс-шаралары белгiленуi мүмкiн.