3) пестицидтердi (улы химикаттарды) кедендiк ресiмдеудi, сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға жеткiзудi;
4) ерекше қауiптi зиянды организмдер зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп мекендейтiн орындарға химиялық өңдеу жүргізуді;
5) республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргiзудi;
6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтиды.
2. Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен:
1) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстауды, салуды және жөндеудi;
2) жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды қаржыландыру жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер иелерiнiң қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мынадай фитосанитариялық iс-шаралар:
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
2) зиянды организмдерге фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзу;
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексеру жүргiзiледi.
4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
21-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залалды өтеуден босатпайды.
Қазақстан Республикасының