2. Теңiз кемелерiне техникалық қадағалауды және оларды сыныптауды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртіппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттiк органдарының кемелерге және кеменің жекелеген элементтерiне техникалық қадағалау жүргiзуiне жол берiлмейдi.
Кемеге сынып беру уәкiлеттi орган беретiн сыныптық куәлiкпен куәландырылады.
3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауіпсiз жүзудің уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзушi кемелермен бiрдей негiзде куәландырудан өткiзуге құқылы.
3-тарау. Кемелерді және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi
1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бiрiнде:
1) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде;
2) кеме кiтабында;
3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар, сондай-ақ онымен жасалатын мәмiлелер кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмде мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Мемлекеттiк тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi.
Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi.
4. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйып тасушы, сүйретiп жүзушi кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк тасушы кемелер, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ қуаттылығы елу бес киловаттан кем емес бас двигательдi өздiгiнен жүретiн кемелер және сыйымдылығы сексен тоннадан кем емес өздiгiнен жүрмейтiн кемелер тiркеледi.
5. Кеме кiтаптарында бас двигательдердiң қуаттылығына және сыйымдылығына қарамастан, спорттық, серуендiк кемелер, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында аталмаған кемелер тiркеледi.
6. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi.
7. Бербоут-чартер тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер тiркеледi.
8. Теңiз кемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердiң өзгертiлуi
Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменің меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы кеме тiркелген порттың теңiз әкiмшiлiгiне екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi.
18-бап. Мемлекеттiк органдар пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеу
Әскери корабльдердi, әскери-қосалқы кемелер мен шекара корабльдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және мемлекеттiк органдар өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланатын кемелердi тiркеу мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында кемелердi және оларға құқықтарды тiркеу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Мұндай кемелер коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда олар қайта тiркелуге тиiс.
19-бап. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден:
1) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi емес тұлға жасаған;
2) кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережелерiнде көзделген талаптар сақталмаған;
3) мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
20-бап. Кеменi мемлекеттiк тiркеу портының өзгертiлуi
Кеменi мемлекеттiк тiркеу порты кеменiң меншiк иесiнің өтiнiшi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Кеменi мемлекеттiк тiркеу портының өзгертiлуiн тiркеу кемелердi және оларға құқықтарды тiркеу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
21-бап. Кемелердi мемлекеттiк тiркеу ережелерiн бұзғандық үшiн жауаптылық
Кеменi мiндеттi мемлекеттiк тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi кеме тiзiлiмдерiнiң бiрiнде белгіленген тәртiптi бұза отырып тiркеген немесе кеме тiзiлiмдерiне енгiзiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлау мiндетiн бұзған тұлға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылықты мойнына алады.
4-тарау. Кеме экипажы
22-бап. Кеме экипажының құрамы
1. Кеме экипажының құрамына кеме капитаны, кеменiң командалық құрамының басқа да адамдары мен кеме командасы кiредi.
2. Кеменiң командалық құрамына кеме капитанының көмекшiлерi, механиктер, электр механиктерi, радиомамандар мен дәрiгерлер енедi. Уәкiлеттi орган басқа мамандарды да кеменiң командалық құрамына енгiзуi мүмкiн.
3. Кеме командасы кеменiң командалық құрамына жатқызылмайтын адамдардан тұрады.
23-бап. Кеме экипажының ең аз құрамы
1. Әрбiр кеменiң бортында экипаж болуға, оның құрамы кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшiн кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс.
2. Кеменiң типi мен арналған мақсатына, сондай-ақ оның жүзу ауданы мен жүрген жерiне қарай экипаждың ең аз құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Кеменiң жүзу қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн экипаждың ең аз құрамы туралы куәлiктi кеменi мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылған теңiз портының капитаны бередi.
24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
1. Кеме экипажы мүшелерiнiң қызметтерiн атқаруға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен кеме экипажының мүшелерiн дипломдау ережелерiне сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар адамдар жiберiледi.
2. Кемеде жұмыс iстеуге өздерiнiң денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын куәландыратын куәлiктерi бар адамдар жiберiледi.
25-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң азаматтығы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кiруi мүмкiн, олар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi, аға механик және радио маманы қызметiн атқара алмайды.
2. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме экипажы құрамына кiре алатын жағдайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган айқындайды.
26-бап. Кемедегi еңбек қатынастары
Кеме экипажының мүшелерiн жұмысқа алу тәртiбi, олардың құқықтары мен мiндеттерi, еңбек және ақы төлеу жағдайлары, сондай-ақ оларды жұмысынан босатудың тәртiбi мен негiздемесi Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен, осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
27-бап. Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралуы
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде еңбек мiндеттерiн атқарушы кеме экипажы мүшелерiнiң:
1) жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi бiткен;
2) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес кеме иесiнiң немесе кеме экипажы мүшесiнiң бастамасымен жеке еңбек шарты бұзылған;
3) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген тәртiппен кеме капитаны қызметтiк міндеттерiн атқарудан шеттеткен;
4) кеме апатқа ұшыраған;
5) кемеден тыс емдеудi талап ететiн аурумен ауырған;
6) кеме иесiнiң банкроттық, кеменi сату немесе мемлекеттiң кеменi тiркеудi өзгертуi салдарынан өзiнiң кеме экипажының мүшелерiне қатысты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары мен еңбек шарттарында көзделген мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған;
7) экипаж мүшелерiнiң келiсiмiнсiз кеме соғыс қимылдары аймағына немесе эпидемиологиялық қауiптi аймаққа жiберiлген жағдайда отанына оралуға құқығы бар.
2. Кеме экипажы мүшесiнiң тiлегi бойынша:
1) өзi тұратын мемлекетке;
2) өзi кемеге жұмысқа алынған портқа;
3) жеке еңбек шартын жасау кезiнде көрсетiлген басқа пунктке қайтып оралуы жүзеге асырылады.
3. Кеме иесi отанына оралтуды тиiсiнше әрi тез ұйымдастыруға мiндеттi. Отанына оралу әуе көлiгiмен, ал ол болмаған кезде немесе тараптардың келiсiмi бойынша, көлiктiң өзге де түрлерiмен жүзеге асырылады.
4. Отанына оралу шығындарын кеме иесi көтередi.
Кеме экипажы мүшелерiнiң отанына оралу шығындары:
1) оралу орнына дейiнгi жолақы құнын;
2) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, экипаж мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi тамағы мен тұрағының құнын;
3) егер қажет болса, экипаж мүшесi денсаулық жағдайы бойынша отанына оралу орнына баруға жарамды болғанға дейiнгi экипаж мүшесiнiң емделу құнын;
4) отанына оралу орнына дейiн отыз килограмм багаж алып жүруді;
5) экипаж мүшесi кеменi тастап шыққан кезден бастап, кеме экипажының мүшесi отанына оралу орнына жеткен кезге дейiнгi жеке еңбек шарты бойынша төлемдi қамтиды.
5. Экипаж мүшесiнiң отанына оралуын туғызған себептер оның еңбек мiндеттерiн орындау кезiндегi өз кiнәсiнен туындаған жағдайда не кеме экипажы мүшесiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда оның отанына оралуына жұмсалған шығындарды кеме иесiнiң өтеткiзiп алуға құқығы бар.
28-бап. Кеме иесiнiң мiндеттерi
1. Кеме иесi экипаж мүшелерi кемеде болған уақытта оларды:
1) қауiпсiз еңбек жағдайларымен;
2) денсаулығын сақтаумен және медициналық көмекпен;
3) құтқару құралдарының болуымен;
4) азық-түлiкпен және сумен iркiлiссiз жабдықтаумен;
5) демалу, тамақтану, емделу, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетілуi үшiн санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн орындармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Кеме иесi кеме экипажы мүшелерiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарына сәйкес жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi.
3. Кеме ұшыраған оқиғаның салдарынан экипаж мүшесiнiң мүлкi жойылған немесе зақымданған жағдайда кеме иесi экипаж мүшесiне келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. Кеме ұшыраған оқиғаға кiнәлi экипаж мүшесiнiң мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге жатпайды.
5-тарау. Кеме капитаны
29-бап. Кеме капитаны
1. Кеме капитанына кеменi басқару, соның iшiнде кеме жүргiзу, кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, кемедегi тәртiптi сақтау, кемеге, кемедегi адамдар мен жүкке зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде шаралар қолдану жүктеледi.
2. Кеме иесi, жүк иесi немесе олардың заңды өкiлдерi болмағанда, кеме, жүк немесе жүзу жөнiнен қажеттi мәмiлелер жасалған кезде, сондай-ақ кемедегi мүлiкке қатысты талап қою жасалған жағдайда кеме капитаны кеме иесi мен жүк иесiнiң өкiлi болып табылады.
3. Кеме капитанының қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi болатын ерекше жағдайларда (қайтыс болуы, ауыруы және өзге де жағдайларда) кеме капитанының мiндеттерi кеме иесiнiң тиiстi өкiмi алынғанға дейiн кеме капитанының аға көмекшiсiне жүктеледi.
30-бап. Кеме капитанының құқықтары
Капитан өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) кемедегi барлық адамдар орындауға тиiстi өкiм беруге;
2) кеменiң опат болу қатерi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде барлық шараларды қолданғаннан кейiн, экипаж мүшелерiнiң кемеден кетуiне рұқсат етуге;
3) экипаж мүшелерiне Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес көтермелеудi қолдануға және жаза қолдануға;
4) экипаж мүшелерiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге;
5) кеменiң және (немесе) ондағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн адамды, соның iшiнде жұқпалы аурулар жұқтырады деп сезiк келтiрiлген адамды мiндеттi түрде оқшаулауға;
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстауға және оны Қазақстан Республикасының кеме кiретiн бiрiншi портындағы құзыреттi органдарға беру үшiн арнайы бейiмделген орында ұстауға;
7) егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, Қазақстан Республикасының азаматын, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасы болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, кеменiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды шет мемлекеттiң құзыреттi органдарына беруге;
8) қажет болған жағдайда азаматтың өсиетiн куәландыруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес нотариаттың куәландыруына теңестiрiледi. Өсиеттi куәландырған кеме капитаны өсиет куәландырылған күннен бастап он күн iшінде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк тууына қарай куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерi бойынша нотариустың сақтауына беруге мiндеттi;
9) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдарына сәйкес куәлар қойған қолдың шын өз қолдары екенiн куәландыруға құқылы.
31-бап. Кеме капитанының міндеттері
1. Кеме капитаны:
1) осы Заңның 129-бабына сәйкес кеме иесi мен кеменi жалдаушының өкiмдерiн орындауға;
2) егер көмек көрсету өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрiлмей жасалатын болса, теңiзде апатқа ұшыраған адамға көмек көрсетуге;
3) кемелер соқтығысқан жағдайда, егер қолданылатын шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей жасау мүмкiн болса, екiншi кеменi құтқару үшiн тиiстi шаралар қолданып, мүмкiн болған жағдайда өз кемелерiнiң атауларын, олар тiркелген порттарды, сондай-ақ шыққан және баратын порттарын хабарлауға;
4) кеме бортындағы адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, ол көмектi кеме теңiзде жүрген кезде көрсету мүмкiн болмаса, мұндай жағдайды кеме иесiне хабарлап, ең жақын портқа кiруге немесе ондай адамды ең жақын портқа жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға; кеме шетелдiк портқа кiрген немесе әлгiндей адам шетелдiк портқа жеткiзiлген жағдайда Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне де хабарлауға;
5) шығатын порт немесе баратын порт ауданында не кеме жүрiп өтуге тиiстi ауданда соғыс қимылдары жүрiп жатқан жағдайларда, сондай-ақ соғыс қаупi бар өзге де жағдайларда кемедегi адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, кеменiң опат болуы мен басып алынуын болғызбау, кеме құжаттарының, жүктiң және өзге де мүлiктiң сақталуы жөнiнде барлық шараларды қолдануға;
6) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда кемедегi жолаушылардың қауiпсiздiгiн және кеме құжаттары мен өзге де құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
7) кеменiң опат болу қаупi төнген жағдайда, кеме экипажы жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi барлық шараларды қолданғаннан кейiн кемеден ең соңынан кетуге;
8) қажет болған жағдайда 30-баптың 6) тармақшасында аталған адамды анықтау материалдарын берiп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзіп жүрген басқа кемемен Қазақстан Республикасына жiберуге;
9) iс жүзiне асыруға болатын жағдайда кеме шет мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн оның құзыреттi органдарына 30-баптың 7) тармақшасында аталған адамды өзiнiң оларға беру ниетi және оны берудiң себептерi туралы хабар жiберуге, сондай-ақ аталған органдарға қолда бар дәлелдемелердi беруге;
10) кеме Қазақстан Республикасының портында болған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда, ол туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
11) алыста жүзiп жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген қылмыс белгілерi байқалған жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес анықтау органының функцияларын атқаруға;
12) кеме журналына азаматтың туу немесе қайтыс болу фактiлерi туралы жазба жасауға;
13) азамат қайтыс болған жағдайда жұбайына (зайыбына) не жақын туыстарының бiрiне хабарлауға, сондай-ақ өлген адамның кемедегi мәйiтi мен мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етiп, оларды Қазақстан Республикасының кеме кiретiн алғашқы портының капитанына тiзбеге сәйкес беруге;
14) карантиндiк немесе ерекше қауiптi жұқпалы ауру деген сезiк болған жағдайда өлген адамның немесе жануардың мәйiтiн зарарсыздандыру жөнiнде шаралар қолдануға;
15) өлген адамның мәйiтiн сақтау және отанына жiберу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда өлген адамның мәйiтiн жерге көмуге немесе оны кремациялап, күл салынған сауытты оның отанына жiберуге мiндеттi.
Кеме ұзақ уақыт бойы ашық теңiзде жүзуге тиiс болып және өлген адамның мәйiтiн сақтау мүмкiн болмаған ерекше жағдайда, өлген адамның мәйiтi тиiстi акт жасалып, теңiз ғұрыптарына сәйкес теңiзге тасталуы керек.
2. Кеме капитаны осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген мiндеттердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
6-тарау. Теңіз порты
32-бап. Теңiз порттарының құқықтық мәртебесi мен түрлерi
1. Теңiз портының құқықтық мәртебесi осы Заңмен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
2. Теңiз порттары мемлекеттiк меншiкте, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
Халықаралық маңызды мәртебесi бар теңiз порттары тек мемлекеттiк меншiкте ғана бола алады.
Халықаралық маңызы бар теңiз портының мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Теңiз порттары жалпыға ортақ пайдалану объектiлерi болып табылады және мақсатына қарай - сауда порттары және мамандандырылған порттар (балық, мұнай және басқалар) болып бөлiнедi.
4. Теңiз порты үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ бұл учаскелердi алып қою Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Мемлекеттiк маңызы бар, Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын теңiз порттарын салу, реконструкциялау үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.
33-бап. Теңiз порты режимiнiң сақталуы
Теңiз портында болған уақытта кеменiң экипажы Қазақстан Республикасының портта жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi.
34-бап. Теңiз порты аумағын пайдалану
Теңiз портындағы ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) үй-жайлардың иелерi өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен қажеттi ғимараттар, құрылыстар және (немесе) үй-жайлар бередi және қызмет көрсетедi.
35-бап. Теңiз портында көрсетiлетiн қызметтер
1. Теңiз порты жүк тиеудi (түсiрудi) және кемелерге олардың келу кезектiлiгi тәртiбiмен қызмет көрсетудi, жүкпен көлiктiк-экспедиторлық және қойма операцияларын, көлiктің басқа түрлерiнен жүктi теңiз көлiгiне ауыстырып тиеудi және керiсiнше iстеудi, теңiз кемелерi жолаушыларына қызмет көрсетудi, сондай-ақ порт кемелерiнде және көлiктiң басқа түрлерiнде жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауды жүзеге асырады.
2. Тиеу-түсiру жұмыстарын және өзге де техникалық операцияларды теңiз терминалының операторы жүзеге асыра алады.
3. Теңiз портының мiндеттi қызмет көрсету тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Теңiз портының мiндеттi қызмет көрсетуiне баға (тарифтер) мен оның шектi деңгейiн белгілеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Тiзбеге енбейтiн мiндеттi қызмет көрсетулер үшiн төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттармен айқындалады.
36-бап. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жауапкершiлiгi
1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi), сондай-ақ оны өз қарамағына қабылдап алған кезiнен бастап, берген кезiне дейiн берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
2. Теңiз портына (теңiз терминалының операторына) техникалық операциялар салдарынан келтiрілген залал, оларға:
1) жүк жоғалтылған немесе кем шыққан жағдайда - жоғалтылған немесе кем шыққан жүк құнының мөлшерiнде;
2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған мүлiктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның құны мөлшерiнде өтеледi.
3. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) жүк берiлу мерзiмi өтiп кеткен уақыт үшiн жауапкершiлiгi шартта белгіленедi.
37-бап. Мiндеттемелердi қамтамасыз ету
1. Теңiз порты (теңiз терминалының операторы) тиеу-түсiру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырғаны үшiн өзiне тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету мақсатында жүктердi ұстап қалып, оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен сатуға құқылы.
2. Теңiз портының (теңiз терминалы операторының) контейнерлердi және (немесе) тасымалдаушыға немесе жөнелтушiге тиесiлi емес, өзге де сол сияқты тасымалдау және буып-түю құралдарын, осы құралдарды жөндеуге немесе жетiлдiруге жұмсалған шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, сатуға құқығы жоқ.
38-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану кезiндегi шектеулер
Соттардың немесе өзге де құзыреттi органдардың жалпыға ортақ пайдаланудағы теңiз порты мүлкiне тыйым салу түрiндегi талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануы мұндай мүлiктi пайдаланудың әдеттегi тәртiбiн қамтамасыз етуге тиiс.
7-тарау. Теңіз портындағы мемлекеттік бақылау
39-бап. Порттың теңiз әкiмшілiгi
1. Порттың теңiз әкiмшiлiгi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi болып табылады.
2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi мынадай функцияларды:
1) кемелердiң тiзiлiмiн және мемлекеттiк тiркелуiн жүргiзудi, тиiстi кеме құжаттарын берудi;
2) кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқықтарын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, тиiстi құжаттар берудi;
3) кеме экипажының мүшелерiне дипломдар, бiлiктiлiк куәлiктерiн, олардың берiлгенiне растамалар мен теңiзшi паспортын берудi;
4) кеме құжаттарын, дипломдарды, бiлiктiлiк куәлiктерiн және дипломдар мен бiлiктiлiк куәлiктерiне растамаларды тексерудi;
5) кемелердiң портқа кiру және олардың порттан шығу тәртiбi туралы талаптардың сақталуына бақылау жасауды;
6) кемелердiң портқа келуiн және олардың порттан шығуын ресiмдеудi;
7) лоцмандық қызмет көрсету жұмысына және кемелер жүрiсiн басқару жүйесiне бақылау жасауды;
8) кемелердi портқа кiрерде және порт айдынының шегiнде мұзжарғыштардың iлестiрiп өтуiне бақылау жасауды;
9) теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға рұқсаттар берудi;
10) портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттар берудi;
11) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес кемелердің авариялық оқиғаларын тексерудi;
12) мемлекеттiк (кедендiк, шекаралық, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринариялық және басқа) органдардың теңiз порты аумағында орналасатын жерiн белгiлеудi;
13) порттағы құрылыстардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау жасауды;
14) өртке қарсы бақылау жасауды жүзеге асырады.
40-бап. Теңiз портының капитаны
1. Теңiз портының капитаны порттың теңiз әкiмшiлiгiн басқарады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Теңiз портының капитаны қызметiне арнаулы жоғары бiлiмi, капитан дипломы және порттың теңiз әкiмшiлiгiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар адам тағайындалады.
3. Порт капитанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
4. Теңiз портының капитаны өз құзыретi шегiнде:
1) порттағы барлық кемелерге, жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi өкiмдер шығаруға;
2) портта тұрған кеменi порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелердi құтқару iсiне қатыстыру үшiн тартуға;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
4) кемелердiң мiндеттi түрде лоцмандық алып өтiлуiн белгiлеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда кеменi қарап тексеруге;