Әділет аттестациялық комиссия туралы Әділет министрінің
2001 ж. 8 қазандағы N 113 бұйрығы
(Әділет министрінің 28.03.02 ж. N 42; 15.08.02 ж.
N 114 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2003 ж. 1 қарашадағы N 234 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінің 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Әділет аттестациялық комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Әділет аттестациялық комиссия Жұмысының регламенті бекітілсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
8 қазан 2001 ж. N 113
бұйрығымен бекітілген
Әділет министрінің 28.03.02 ж. N 42 бұйрығымен комиссиянің құрамы өзгертілді
Әдiлет аттестациялық комиссияның құрамы
Толқаншынов Әдiлет вице-Министрi,
Әнуар Құрманбайұлы Комиссия төрағасы
Қаршегенов Қазақстан Адвокаттары
Кенжеғали Қадырұлы одағының президентi
(келiсiм бойынша)
Жанәбiлова Республикалық нотариаттық
Әсел Болатқазықызы палатаның төрайымы
(келiсiм бойынша)
Жапақова Астана қаласының әдiлет
Светлана Ыбырашқызы басқармасы бастығының
мiндетiн атқарушысы
Нұрмағамбетов Қазақстан Заңгерлерi
Аманжол Мағзұмұлы қауымдастығының өкiлi
(келiсiм бойынша)
Әділет министрінің
8 қазан 2001 ж. N 113
бұйрығымен бекітілген
Әділет аттестациялық комиссиясы
жұмысының регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Әдiлет аттестациялық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестациядан өткiзу мақсатында құрылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 қаулысымен бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiне (бұдан әрi - Ереже) және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссияның негiзгi мiндетi адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың кәсiби бiлiм деңгейiн және бiлiктiлiк дәрежесiн анықтау болып табылады.
4. Комиссия өз құзыретi шегiнде адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды (бұдан әрi - үмiткерлер) аттестациялайды, үмiткерлердi аттестациялау не аттестацияламау туралы жазбаша шешiм шығарады.
Әділет министрінің 15.08.02 ж. N 114 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссия 5 адамнан тұрады, Ереженiң 2-тармағында көзделген адамдардан құрылады және екi жыл iшiнде жұмыс iстейдi.
Комиссия мүшелерiнiң бiреуi шыққан жағдайда шыққан күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей жаңа мүше оның құрамына кiруге тиiс.
6. Комиссия қызметiн ұйымдастыру үшiн отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен ашық дауыс берумен оның құрамынан екi жыл мерзiмге Комиссия хатшысы сайланады.
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Комиссияның қызметiн ұйымдық қамтамасыз етудi өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтетiн Ереженiң негiзiнде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiне жүктейдi.
2. Әдiлет аттестациялық комиссиясы
мүшелерiнiң құзыретi
8. Комиссия Төрағасы:
1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды шақырады, Комиссия отырыстарында қарау және оларды бекiту үшiн мәселелердi дайындауға басшылық етудi жүзеге асырады;
2) комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң жұмысын үйлестiредi;
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етедi және оның шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
4) Комиссия қызметiнде Регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi.
9. Комиссия төраға болмаған жағдайда оның өкiлеттiктерiн Комиссия мүшелерiнiң бiреуiне отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен ашық дауыс беру жолымен жүктейдi.
Төраға функцияларын комиссия мүшелерiнiң бiреуiне жүктеу туралы комиссияның шешiмi Комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
10. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия қызметiнiң құжаттамалық ресiмделуiн қамтамасыз етедi;
2) үмiткердiң заң актiлерiнiң талаптарына сәйкестiлiгi не сәйкессiздiгi туралы қорытынды жасайды, оған қол қояды және Комиссияның қарауына шығарады;
3) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
11. Комиссия хатшысы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру жолымен Комиссия оның мүшелерiнiң бiреуiне жүктейдi.
Комиссия мүшелерiнiң бiреуiне хатшының функцияларын жүктеу туралы Комиссияның шешiмi Комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
12. Комиссия мүшелерi:
1) аттестация сұрақтарының базасына қосуға жататын сұрақтардың және оларға жауаптардың тiзбесiн жасайды және бекiтедi;
2) компьютерлiк тестке қосуға жататын құқықтың саласы бойынша сұрақтардың санын және тестiлеу уақытын бекiтедi;
3) Ереженiң 4-тармағында көзделген құжаттарды тиiстi ресiмдеу тәртiбiн және олардың қолданылу мерзiмiн белгiлейдi;
4) Комиссияның қарауына ұсынылған аттестациялық материалдармен танысады;
5) аттестациялық материалдарды зерделеуге және тексеруге қатысады;
6) комиссия отырысында шешуге жататын мәселелердi қарайды.
13. Егер комиссия мүшесi:
1) үмiткердiң туысқаны болса;
2) үмiткердi аттестациялаудың нәтижесiне жеке, тiкелей немесе жанама мүдделi немесе оның риясыздығына негiздi күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол үмiткердi аттестациялауға қатыса алмайды.
14. Осы Регламенттiң 13-тармағында аталған мән-жайлар болған жағдайда Комиссия мүшесi бас тартуды бiлдiруге мiндеттi.
Сол негiздемелер бойынша бас тартуды отырысқа қатысатын Комиссия мүшелерi не аттестациялық материалы қаралатын үмiткер бiлдiре алады.
15. Бас тарту және қарсылық негiздi болуға тиiс және оларды аттестацияға дейiн де, аттестация барысында да жариялауға болады.
16. Егер бас тартатын Комиссия мүшесi түсiнiк беруге ниет бiлдiрсе, Комиссия оның пiкiрiн тыңдайды және бас тарту бiлдiрiлген адам болмағанда оған қатысты шешiм қабылдайды.
17. Комиссия мүшесiнiң бас тарту (қарсылық) бiлдiруi туралы шешiмдi Комиссия отырысқа қатысатын оның мүшелерiнiң көпшілiк дауысымен жазбаша нысанда қабылдайды және бас тартуды бiлдiрген Комиссия мүшесi және үмiткер болған кезде жариялайды.
18. Бас тартуды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешiм шағымдануға жатпайды.
3. Әдiлет аттестациялық комиссиясының
отырыстарын өткiзу тәртiбi
Әділет министрінің 15.08.02 ж. N 114 бұйрығымен 19-тармақ өзгертілді
19. Комиссия отырыстарды қажеттiлiк бойынша, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткiзедi.
Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң кемiнде 3 мүшесi қатысса, ол заңды деп саналады.
20. Комиссия үмiткерлердi аттестациялауды өткiзу бойынша көшпелi отырыстар өткiзуге құқылы.
21. Комиссия отырыстары ашық және жариялы түрде өтедi.
Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттiк органдары мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
22. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы өткiзедi.
Комиссия отырысында шешуге жататын мәселелердi қарау Комиссия отырысына ұсынылған аттестациялық материалдарды алдын ала зерделеген Комиссия төрағасының немесе мүшесiнiң баяндамасымен басталады.
23. Комиссия қаралатын мәселелер бойынша отырысқа қатысатын мүшелер көпшiлiк дауысымен тиiстi шешiм қабылдайды.
Комиссия мүшелерi дауыс беруден бас тартуға құқылы емес. Қабылданатын шешiммен келiспеген жағдайда Комиссия мүшесi Комиссия шешiм шығарған кезде ескерiлетiн жазбаша нысанда ерекше пiкiрiн айтуға құқылы.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
24. Комиссияның шешiмдерi оларды шығару күнi мен орны, мәселенi қараған Комиссия құрамы, қабылданған шешiмнiң негiздемелерi көрсетiле отырып, жазбаша нысанда қабылданады.
Отырысқа қатысатын Комиссияның барлық мүшелерi шешiмге қол қояды.
25. Комиссияның отырысы отырысқа қатысатын Комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын хаттаманы мiндеттi жүргiзумен өткiзiледi.
Комиссия отырысының хаттамасында тиiстi отырыста қабылданған барлық шешiмдер көрсетiледi.