25. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 мамырдағы N 674 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарында:
4 "Орындауға жауаптылар" деген бағанда:
реттік нөмiрi 25-жолдағы "БҚҰК" деген қысқартылған атау "Ұлттық Банк" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 31-жолдағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын.
26. "Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 мамырдағы N 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 235-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiнде:
7-тармақта "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын.
27. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрлерi 5 және 6-жолдарда:
3 "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 4 "Орындауға жауапты мемлекеттiк орган" деген бағандағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын.
28. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шілдедегi N 654 Жарлығын iске асыру жөнiндегі кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 тамыздағы N 1040 қаулысына:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын.
Тарату комиссиялары төрағасының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен "Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942 қаулысына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасына бұрын белгіленген орташа жалақы мөлшерінде жүзеге асырылсын.".
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінің
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ұйымдастырушылық мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 27 қаңтардағы N 98 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 4, 52-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Министрлер Кабинетiнің 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 948 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1552 қаулысының 1 және 2-тармақтары.