1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы
келiсiмнің кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы N 598 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"БГ п.л.к." және "Аджип С.п.а." компанияларының болып өткен қайта ұйымдастырылуына байланысты және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 37 қаулысының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған ЭНИ С.п.а., Аджип Қарашығанақ Б.В., Транско п.л.к., БГ Интернэшнл Лимитед, Тексако Инк., Тексако Интернэшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы және БГ Групп п.л.к. арасында жасалатын 1997 жылғы 18 қарашадағы Өзара кепiлдiктер туралы келiсiмге өзгерiс туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiм бөлу туралы келiсiмдерде көзделген мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан кепiлдiктер беруге."
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 3 мамырдағы N 598
қаулысына
қосымша
1997 жылғы 18 қарашада жасалған
ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ӨЗГЕРIС
ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Осы ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ӨЗГЕРIС ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ 2001
жылғы ________ :
1. Аджип С.п.А. құқықтық мұрагерi, Италияда тiркелген ЭНИ С.п.А (ЕNI S.р.А) компаниясы ("Аджип Бас компаниясы");
2. Нидерландыда тiркелген Аджип Қарашығанақ Б.В. (Аgiр Каrасhаgаnаk В.V.) компаниясы ("Аджип");
3. Бұрын БГ п.к.к. деп аталған, Құрама Корольдiкте тiркелген Транско п.л.к. (Тrаnsсо р.l.с.) компаниясы ("Транско");
4. Бұрын БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед деп аталған, Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Интернейшнл Лимитед (ВG International Limited) компаниясы ("Бритиш Газ");
5. АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Инк. (Техасо Inс.) компаниясы ("Тексако Бас компаниясы");
6. АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Интернейшнл Петролеум Компани (Техасо International Реtroleum Company) компаниясы ("Тексако");
7. Ресей Федерациясында тiркелген "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы компаниясы ("ЛУКОЙЛ" Бас компаниясы");
8. Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ("Республика");
9. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы ("Қазақойл"); және
10. Құрама Корольдiкте тiркелген компания БГ Групп п.л.к. (ВG Grоuр р.l.с.) ("БГ Бас Компаниясы") арасында жасалды.
Жоғарыда санамаланған тараптардың әрқайсысы бұдан әрi жеке өз алдына "Тарап" және бiрлесе "Тараптар" деп аталады.
АДЖИП С.п.А. ЭНИ С.п.А. қосылғандықтан, мұнымен бiрге соңғысы АДЖИП С.п.А. компаниясынан оған тиесiлi барлық активтердi, сервитуттарды, мiндеттемелердi, қарыздық мiндеттемелердi, кез келген қозғалатын және қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды, концессияны, лицензияны, рұқсатын, жалға беру құқығын, кез келген тұрғыда келiсiм-шарттар, кепiлдiктер мен тапсырмалар бойынша құқықтар мен мiндеттемелердi қабылдағандықтан;
БГ п.л.к. бас холдингтiк компания болып табылатын компаниялар тобында басында iшкi қайта ұйымдастыру және одан кейiн - компаниялардың бөлiнуi (барлығы бiрге "Қайта ұйымдастыру" деп аталатын) болғандықтан және Бритиш Газ қазiргi уақытта толықтай БГ Бас компаниясына тиесiлi еншiлес компания болып табылатындықтан;
Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде, Транско Бритиш Газ компаниясымен неғұрлым қосынды компания болып табылмайтындықтан және Бiрiккен Корольдiкте газ беру жөнiндегi операциялармен байланысты бизнеспен айналысатын болғандықтан және БГ Бас компаниясы мұнай мен газды барлауға арналған мүлiктiң және осы қызметпен байланысты, бұрын БГ п.л.к. тиесілі болған басқа да мүліктiң меншiк иесi болып табылатындықтан;
БГ п.л.к. өзінің заңды атауын Транско п.л.к деп өзгерткендiктен;
Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед өзiнiң заңды атауын БГ Интернейшнл Лимитед деп өзгерткендiктен;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына және оны орындау үшін қабылданған тиiстi заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне таратылған Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi функциясының бөлiгi берiлдi және АДЖИП С.п.А, Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ п.л.к., БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед, Тексако Инк., Тексако Интернейшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi арқылы Республика атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында 1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы келiсiмге қатысты Қазақойлдың мiндеттемелерi талап етiлетiн болғандықтан;
Тараптар жоғарыда көрсетiлген өзгерiстердiң көрiнiс табуы үшiн ӨКК-ге өзгерiстер енгiзудi қалайтындықтан және келесіде Қазақойлдың мiндеттемелерiн беру жөнiнде қосымша өзгерiстер енгiзілетiн болғандықтан;
СОНДЫҚТАН Тараптар мыналар туралы уағдаласады:
1. ӨКК-нiң кiрiспе бөлiгiнде көрсетiлген Тараптар құрамы былайша жазылатын болады:
1) Италияда тiркелген ЭНИ С.п.А (ЕNI S.P.А) компаниясы ("Аджип Бас компаниясы");
2) Нидерландыда тiркелген Аджип Қарашығанақ Б.В. (Аgiр Каrасhаgаnаk В.V.) компаниясы ("Аджип");
3) Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Групп п.л.к. (BG Group р.l.с.) компаниясы ("БГ Бас Компаниясы");
4) Құрама Корольдiкте тiркелген БГ Интернейшнл Лимитед (ВG International Limited) компаниясы ("Бритиш Газ");
5) АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Инк. (Техасо Inс.) компаниясы ("Тексако Бас компаниясы");
6) АҚШ, Делавэр Штатында тiркелген Тексако Интернейшнл Петролеум Компани (Техасо International Реtroleum Company) компаниясы ("Тексако");
7) Ресей Федерациясында тiркелген "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы компаниясы ("ЛУКОЙЛ" Бас компаниясы");
8) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы ("Қазақойл"); және
9) Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ("Республика").
2. Барлық Тараптар БГ Бас компаниясы:
(А) ӨКК жөнiндегi Трансконың нақты қазiргi де, шартты түрде бар ретiндегi де, болашақта пайда болатын да барлық үлестерiн, құқықтарын, мiндеттерiн, қарыздарын және мiндеттемелерiн өзiне қабылдағандығын;
(Б) Бас Компания - Бритиш Газ үшiн Кепiл болғандығын мойындайды және келiседi (және бұл ӨКК қол қойылған күнiнен бастап кез келген мақсатта күшінде болады).
3. Мiндеттемелердi өзiне қабылдаумен және жоғарыда 2-тармақта санамаланғандарды ауыстырумен байланысты Тараптар Трансконың нақты қазiргi де, шартты түрде бар ретiндегi де, болашақта пайда болатын да (Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болғандарды шектеулерсiз қоса алғанда), оған ӨКК бойынша жүктелген кез келген төлемнен және барлық қарыздардан мiндеттемелер мен мiндеттердi орындаудан босағанын мойындайды және келiседi әрi бұл ӨКК қол қойылған күнiнен бастап кез келген мақсатта күшiнде болады.
4. Транско өзінде ӨКК бойынша еш құқықтың, еш үлесiнiң жоқ екендiгiн мойындайды және растайды, өйткенi мұндай барлық құқықтар мен үлестер БГ Бас компаниясына тапсырылған және өткiзiлген.
5. ӨКК өзгерiстерi туралы осы Келiсiм бойынша туындайтын кез келген және барлық даулар ӨКК-тiң 7-бөлiмiне сәйкес шешілетiн болады.
6. ӨКК өзгерiстерi туралы осы Келiсiмге тараптардың саны бойынша даналарда қол қойылуы мүмкiн және бiрге алынғанда мұндай даналардың барлығы бiр құжат ретiнде қаралуы тиiс. Осы Келiсiмге орыс және ағылшын тiлдерiндегi даналарда қол қойылады және олардың екеуiнің де күшi бiрдей. Осы Келiсiм Тараптар үшiн мiндеттi болып табылады және мұнай-газ өнеркәсiбiнің халықаралық тәжiрибесiне сәйкес тәртiппен, алайда жоғарыда баяндалғанға қарамастан, осы Келiсiм Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетiн бiр ғана ескертпемен түсiндiрiледi.
7. Осы Келiсiмнiң бас әрiппен жазылған барлық терминдерi, өзгеше ескертпелердi қоспағанда, ӨКК-те белгiленген терминдер болып табылады.
8. ӨКК өзгерiстерi туралы осы Келiсiм оған барлық Тараптар қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫҢ ДӘЛЕЛI РЕТIНДЕ осы Келiсiмге Тараптардың уәкiлетті өкiлдерi тиiсiнше түрде қол қойды.
ЭНИ С.п.А
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
АДЖИП ҚАРАШЫҒАНАҚ Б.В.
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
ТРАНСКО П.Л.К.
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
БГ ИНТЕРНЕЙШНЛ ЛИМИТЕД
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
ТЕКСАКО ИНК:
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
ТЕКСАКО ИНТЕРНЕЙШНЛ ПЕТРОЛЕУМ КОМПАНИ
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
"ЛУКОЙЛ" МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ" АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН ӘРЕКЕТ ЖАСАУШЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮКІМЕТІНІҢ АТЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ
РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
"ҚАЗАҚОЙЛ" ҰЛТТЫҚ МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯСЫ
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi:
БГ ТОПТАРЫ П.Л.К.
_______________________
Аты:
Қызметi:
Күнi: