Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626
және 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 18 шілдедегі N 1084 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазынашылықтың заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/Абай даңғылы, 52.";
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі