Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң
қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
2000 жылғы 13 мамыр N 706
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық деңгейдегi спортшылар мен спорт резервiн даярлау жөнiндегi жекелеген мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруды жетiлдiру, сондай-ақ бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) "Штаттық ұлттық командалар дирекциясы", "Спорт резервiн даярлау республикалық оқу-жаттығу орталығы", "Спортшылардың допингке қарсы республикалық зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын, "Монтажник" спорттық-сауықтыру кешенi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу арқылы - "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
2) "Спорт & ks" газетiнiң редакциясы" мемлекеттiк мекемесi - "Спорт & ks" газетiнiң редакциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағына сәйкес құрылатын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншік құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы болып:
1) штаттық, ұлттық командаларды ұстау;
2) халықаралық деңгейдегi спортшылар мен спорт резервiн даярлау;
3) Олимпиада және Азия ойындарына, әлем және Азия чемпионаттарына, басқа да халықаралық спорт жарыстарына қатысуға спортшылардың дайындалуын қамтамасыз ету;
4) дене тәрбиесi мен бұқаралық спортты дамыту деп айқындалсын.
4. "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
5. Мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
6. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі нысанасы болып:
1) Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушыларының шетелдік спорт ұйымдарына қатысуы мәселесiн реттеу;
2) Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушыларының шетелдiк спорт ұйымдарына қатысуы жөнiнде клубтармен, халықаралық спорт ұйымдарымен келiсiм-шарттар жасасу деп айқындалсын.
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) осы қаулының 1 және 4-тармақтарында көрсетiлген Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
8. Қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 13 мамырдағы
N 706 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар
1.
Ескерту. 1-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1156
қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
18-тармақтағы "мемлекеттік мекеме" деген сөздер "қазыналық кәсiпорын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
"19. "Қазинтерспорт" қазыналық кәсiпорны".