28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін лицензияны қолдану жаңартылады.
30. Лицензияны қайтарып алуға:
1) соттың лицензиатқа өзінің жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрімен айналысуына тыйым салуы;
2) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы;
3) лицензияда қойылған талаптарды лицензиаттың орындамауы негіз болып табылады.
31. Берілген лицензия кері қайтарып алынған жағдайда, оның қолданылуы тоқтатылады және лицензиарға қайтарылуға тиіс.
32. Лицензияның кері қайтарылып алынуы тиісті білім беру қызметін тоқтатуға әкеп соғады.
33. Білім беру ұйымы лицензияның кері қайтарып алынуына байланысты білім беру қызметін тоқтатқан жағдайда, оның құрылтайшылары білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтауына шаралар қолдануға міндетті.