Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 12 қараша N 1695
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
11-тармақтың тоғызыншы абзацында "және заңдарда көзделген жағдайда сот әділдігіне қарсы бағытталған қылмыстардың жекелеген санаттары бойынша алдын ала тергеу жүргізу" деген сөздер "қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "және заңдарда көзделген жағдайда сот әділдігіне қарсы бағытталған қылмыстардың жекелеген санаттары бойынша алдын ала тергеу" деген сөздер "қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту: 1-тармақтың 2-тармақшасы ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. N 494 қаулысымен күшін жойды
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі