Техникалық регламенттердi әзiрлеудiң, келiсудiң, бекiтудiң, қайта қараудың, күшiн жою мен қолданудың тәртiбiн оларды бекiткен орган белгiлейдi.
2. Тапсырысшы мен дайындаушы (атқарушы) шартқа өнiмнің орындалатын процестер (жұмыстар) мен көрсетiлетiн қызметтердiң қолданылатын мемлекеттiк, мемлекетаралық стандарттардың және техникалық регламенттердiң мiндеттi талаптарына сәйкестiгi туралы талап енгiзуге мiндеттi.
Республика аумағынан әкету мақсатында оның аумағында өндiрiлетiн өнiмге, орындалатын процестерге (жұмыстарға), көрсетiлетiн қызметтерге қатысты стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды қолданудың қажеттiлiгi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, келiсiм-шартпен (шартпен) айқындалады.
Стандарттау жөнiндегi мемлекетаралық нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған ережелерге сәйкес қолданылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнiндегi мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды күшiне енгiзу стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаулысымен жүзеге асырылады.
3. Жеке және заңды тұлғаларға халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттер мен шет елдердiң стандарттау жөнiндегі басқа нормативтiк құжаттарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен тiкелей қолдану құқығы берiледi.
Шетел фирмаларының құжаттамасы шетел фирмалары келiсiм-шартының ережелерi бойынша Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және өндiрiлетiн (жасалатын, атқарылатын) өнiм, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер мiндеттi талаптар, оның iшiнде халықтың өмiрi мен денсаулығының, азаматтардың мүлкiнiң қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғау талаптары жағынан осыған ұқсас өнiм, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер үшiн Қазақстан Республикасында қабылданған мiндеттi талаптардан төмен болмауға тиiс.
Қазақстан Республикасына әкелiнетiн өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың), қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк, мемлекетаралық стандарттардың және техникалық регламенттердiң мiндеттi талаптарына сәйкестiлiгiн растау Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
16-бап. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикадағы стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлауға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.
2. Мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлаудың, тәртiбi мен нысандары стандарттарға және мемлекетаралық стандарттау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк стандарттау бағдарламалары мен жоспарлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының, заңды тұлғаларының ұсыныстары негiзiнде әзiрленедi, оны стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган бекiтедi және бақылайды.
4. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының басым бағыттары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3-тарау. Нормативтік құжаттар туралы ақпарат
17-бап. Нормативтiк құжаттар туралы ақпарат
1. Әзiрленетiн және қабылданған мемлекеттiк, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктегiштерi, техникалық регламенттер, ғылыми-техникалық, инженерлiк қоғамдар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң стандарттары, мiндеттi нормалар мен талаптарды регламенттейтiн стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ осы құжаттардың өзi пайдаланушылар үшiн, оның iшiнде шетелдiк пайдаланушылар үшiн олар мемлекеттiк құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияны құрамайтын бөлiгiнде қол жетiмдi болуы тиiс.
2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
1) мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттар мен техникалықэкономикалық ақпараттың жiктегiштерi, халықаралық, аймақтық стандарттар, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар, басқа мемлекеттердiң ұлттық стандарттары туралы ресми ақпаратты, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы халықаралық шарттар және оларды қолданудың ережелерi, стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi бағдарламалар мен жоспарлар туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен жариялауды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттар қорын ұйымдастырады және оның жұмысын үйлестiредi, мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың жiктегiштерi, сондай-ақ халықаралық, аймақтық стандарттардың, техникалық регламенттердiң, стандарттау жөнiндегi ережелердiң, ұсынымдардың, шет елдердің ұлттық стандарттары деректерiнiң бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық базасын жүргiзедi.
3. Пайдаланушыларды нормативтiк құжаттармен, каталогтармен және көрсеткiштермен қамтамасыз ету мен оларды басып шығаруды шарттық негізде стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады.
4. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органның жүйесiнде халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау және стандарттар мен сертификаттау рәсiмдерiне қатысты тиiстi хабарламаларды, құжаттама мен ақпаратты мүдделi адамдарға беру үшiн ақпараттық орталық құрылады.
5. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған мемлекеттiк басқару органдары, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды бекiткен жеке және заңды тұлғалар осы құжаттардың ақпараттық қорын қалыптастырады және жүргiзедi, сондай-ақ пайдаланушыларды Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен олар туралы ақпаратпен және сол құжаттардың өзiмен қамтамасыз етедi.
Бекiту туралы ресми ақпарат пен әрбiр құжаттың бiр данасы бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын қалыптастыру үшiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жолданады.
6. Халықаралық, мемлекетаралық және шет елдердiң ұлттық стандарттарын, мемлекеттiк стандарттарды, ғылыми-техникалық, инженерлiк қоғамдар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң стандарттарын және техникалық-экономикалық ақпараттың жiктегiштерін ресми жариялау құқығы тек стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға тиесiлi.
Стандарттау жөнiндегi қабылданған нормативтiк құжаттарды ресми жариялау мемлекеттiк стандарттау жүйесi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылуы тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы ҚР 24.03.98 ж. N 213-1 Заңы қараңыз
4-тарау. Стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттардың міндетті талаптарының
сақталуын мемлекеттік қадағалау
18-бап. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалау
1. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
10-баптың 3-тармағына сәйкес мiндеттi талаптарға жатқызылған өзге де талаптар тұтынушылар тарапынан шағымдар мен дау-дамай болған жағдайда тексерiледi.
2. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалау Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке және заңды тұлғаларда, оның iшiнде шетел ұйымдарында, өнiмдi әзiрлеу, өндiрiске дайындау, оны жасау, өткiзу (беру, сату), өнiмдi пайдалану (қолдану), сақтау, тасымалдау мен кәдеге жарату сатыларында, сондай-ақ, процестердi (жұмыстарды) орындау мен қызмет көрсетулер кезiнде жүзеге асырылады.
3. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын әзiрлеушi кәсiпорындардың сақтауын оқтын-оқтын жоспарлы тексерудi кәсiпорындағы өнiмнiң, процестердiң және көрсетiлетiн қызметтердiң сапасының жай-күйiне байланысты, бiрақ жиi дегенде жылына бiр рет стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
4. Тұтынушылар тарапынан өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың), қызмет көрсетулердiң қанағаттанғысыз сапасына шағымдар мен дау-дамайлар болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың және техникалық құжаттардың әзiрлеушi (орындаушы) қолданатын көрсеткiштерi бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
6. Осы Заңға енбеген мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырған кезде лауазымды адамдардың құқықтары мен өкiлеттiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
19-бап. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы;
2) Бас мемлекеттiк инспектордың орынбасары - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының орынбасары;
3) облыстар мен қалалардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомстволық бағыныстағы аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары;
4) стандарттау бойынша нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - бөлiмдер басшылары, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерiнiң барлық дәрежедегi мамандары.
2. Стандарттау бойынша нормативтiк құжаттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдар стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен аттестатталуы тиiс.
20-бап. Мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құзыретi
1. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құзыретiне:
1) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының бұзылу себептерiн анықтау және талдау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттың мiндеттi талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi өткiзудiң, процестердi (жұмыстарды) орындаудың, қызметтер көрсетудiң жолын кесу және оларға жол бермеу жөнiнде құқықтық ықпал ету шараларын қолдану;
3) мемлекеттiк қадағалаудың нәтижелерi бойынша осы Заңның 23-бабына сәйкес ұйғарымдар беру;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақтауға мемлекеттiк қадағалаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру және республиканың мүдделi құрылымдарымен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi жөнiнде шаралар әзiрлеу енедi.
2. Мемлекеттiк қадағалау органдары ез қызметін кеден, санитария, ветеринария құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк басқару органдарымен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк басқару органдары және олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк қадағалау органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуге жәрдемдесуге мiндеттi.
21-бап. Мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) осы Заңға сәйкес мемлекеттiк қадағалау үшiн белгiленген объектiлерге тексеруге тапсырманы (жолдаманы) және қызмет куәлiгiн көрсетiп кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк қадағалау жүргiзуге қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және бақыланатын өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң сапасын тексеру саласында, оның iшiнде тексерiлетiн объектiлерден мамандар мен сарапшыларды тексеруге тартуға;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жұмсалған үлгiлердiң құны мен сынақтар /талдаулар, өлшеулер/ жүргiзуге арналған шығындарын тексерiлетiн объектiлер өндiрiсiнiң шығындарына жатқыза отырып, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуға;
5) өнiмдер мен тауарлар Қазақстан Республикасы Yкiметi белгілеген тәртiппен сату мен тұтынуға жарамсыз болып танылған жағдайда, оларды жою жөнiндегi комиссияларға қатысуға;
6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын және сертификаттау немесе өнiм өндiру, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсету ережелерiн бұзу фактiсi анықталған жағдайда белгiленген тәртiппен бекiтiлген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжатсыз өнiмдi өткiзуге, тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға, сондай-ақ қызметтер көрсетуге тыйым салуға;
7) мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдi сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салуға құқығы бар.
22-бап. Мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары
1. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен залалдың өтелуiне құқығы бар.
2. Шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.
23-бап. Мемлекеттiк қадағалау органдары беретiн ұйғарымдардың түрлерi
1. Мемлекеттiк қадағалаудың нәтижелерi бойынша стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының анықталған бұзылуларына қарай, нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары ұйғарымдардың мынадай түрлерiн бередi:
1) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының анықталған бұзылуларын жою туралы;
2) өнiмдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сай келмеген;
белгiленген тәртiппен тiркелген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттама болмаған;
мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмге (қызмет көрсетуге) сәйкестiк сертификатының болмаған; бұған құқығы болмастан өнiм сәйкестiк белгiсiмен таңбаланған жағдайларда тексерiлген өнiмдi өткiзуге (беруге, сатуға), пайдалануға (қолдануға), сондай-ақ процестердi (жұмыстарды) орындауға және қызметтер көрсетуге тыйым салу туралы;
3) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының бұзылу фактiсi анықталған кезде және өнiмдi тиiстi сапада өндiру үшiн қажеттi жағдайлар болмаған кезде өнiм өндiрудi, процестi (жұмысты), қызмет көрсетудi тоқтата тұру туралы.
2. Ұйғарымдарға:
1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында аталған, өнiмнiң, процестiң (жұмыстың), қызмет көрсетудiң жекелей тексерілген партияларына берiлетiн ұйғарымдарға қол қою құқығы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттiк инспекторларға тиесiлi;
2) 2) тармақшадағы бiр атаудағы бүкiл өнiмге, процестер мен қызмет көрсетулерге берiлетiн ұйғарымдарға, сондай-ақ 3-тармақшадағы ұйғарымдарға қол қою құқығы бас мемлекеттiк инспекторларға тиесiлi.
3. Ұйғарымдардың нысандарын және оларды беру тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi.
24-бап. Мемлекеттік қадағалау органдарының лауазымды адамдары берген ұйғарымдарды орындаудың міндеттілігі
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар берген және осы Заңның 23-бабында көзделген ұйғарымдар барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
5-тарау. Стандарттау туралы заңдарды бұзғаны
үшін жауаптылық
25-бап. Стандарттау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңның ережелері бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
6-тарау. Дауларды шешу
26-бап. Осы Заңның ережелерінің бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заңның ережелерінің бұзылуы бөлігіндегі даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
27-бап. Лауазымды адамдардың іс-әрекетіне шағым жасау
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган мен оның ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Шағым жасау қабылданған ұйғарымдардың атқарылуын тоқтатпайды.
7-тарау. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыру
28-бап. Мемлекеттік стандарттау және мемлекеттік қадағалау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
1. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарды ұстауға арналған шығыстар, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізу;
2) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар;
3) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық ұйымдарға осы ұйымдардың жарғыларымен және ережелерімен белгіленген квоталарының шегінде қатысуы бойынша мүшелік жарналарды енгізу қаржыландырылады.
2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар шарттық негізде орындалады.
Қазақстан Республикасының