2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ лабораториясының (орталығының) қызметінде Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдары және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылғаннан кейін, тіркеу аттестаты қайта қолданыла бастайды.
Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылмаған кезде тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік құжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған кезде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін.
16-бап. Сертификаттау саласында мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен ретте сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге;
жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жұмсалған үлгілердің құны мен сынақтар (талдаулар, өлшеулер) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін объектілер өндірісінің шығысына жатқыза отырып, өнімнің сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге;
стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.
17-бап. Сертификатталған өнімдерді, процестерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау
Сертификатталған өнімдерді, процестерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілеген тәртіппен сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.
4-тарау. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды
қаржыландыру
18-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
1. Мыналар республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылады:
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
сертификаттау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар.
2. Тіркелген сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ лабораторияларының (орталықтарының), стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың мемлекеттік сертификаттау жүйесінде орындайтын, осы Заңмен көзделген және осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген жұмыстары шарттық негізде қаржыландырылады.
5-тарау. Сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны
үшін жауаптылық
19-бап. Сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдары сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады.
6-тарау. Сертификаттау саласындағы даулар
20-бап. Сертификаттау саласындағы даулар
Сертификаттау саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
Қазақстан Республикасының