3. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға жәрдемдесуі мүмкін құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар хаттар адресатқа жіберілмейді, сезіктілер мен айыпталушыларға табыс етілмейді және қылмыстық істі жүргізуші адамға немесе органға беріледі.
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жазаны орындайтын мекемелерде ұсталушы адамдармен хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Сезікті мен айыпталушының атына келіп түскен хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оның хаттарын адресаттарға жөнелтуді, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, хат келіп түскен немесе оны сезікті және айыпталушы тапсырған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей, күзетте ұстау орнының әкімшілігі жүргізеді. Хатты мемлекеттік тілге немесе ресми қолданылатын орыс тіліне аудару қажет болған жағдайда оны тапсыру мерзімі аудару үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін.
6. Жақын туысының қайтыс болғандығы немесе ауыр науқастығы туралы мәліметтер сезіктіге немесе айыпталушыға ол мәліметтер алынғаннан кейін дереу хабарланады.
7. Сезіктінің немесе айыпталушының атына ол күзетте ұстау орнынан кеткеннен кейін келіп түскен хаттар алынғаннан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей оның кеткен жері бойынша жөнелтіледі.
20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары күзетте ұстау орнының әкімшілігі арқылы жіберіледі.
2. Прокурорға және сотқа жолданған ұсыныстар, арыздар мен шағымдар цензурадан өткізілмейді және адресатқа желімдеп жабылған түрінде дереу жіберіледі.
3. Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды күзетте ұстау орындарының әкімшілігі олар берілген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірмей қарап, жөнелтуге тиіс.
4. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға жәрдемдесуі мүмкін құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.
5. Соттың, анықтаушының, анықтау органы бастығының, тергеушінің немесе прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дереу жіберіледі.
6. Ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға жауаптар сезіктілер мен айыпталушыларға қолы қойғызыла отырып хабарланады және жеке істеріне тігіледі.
7. Өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты ұсыныстар, арыздар мен шағымдар жасағаны үшін сезіктілер мен айыпталушыларды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Күзетте ұстау орындарының мұндай қудалауға кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу
Сезіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар бойынша денсаулығы мен күш-қуатын сақтау үшін жеткілікті тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сезіктілер мен айыпталушыларға осы Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынғандарын қоспағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысып тамақ өнімдерін, ең қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алуға құқық беріледі.
22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларға гигиенаның, санитарияның және өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келетін жағдайлар жасауға міндетті.
2. Сезіктілер мен айыпталушылар бір адамға шаққанда кемінде екі жарым шаршы метр санитариялық алаң нормасы негізге алынатын үй-жайларда ұсталуға тиіс.
3. Сезіктілер мен айыпталушыларға жеке жатын орын, төсек-орын мен ас ішу құралдары берілуге тиіс.
4. Барлық камералар радиохабар құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Камераларға күзетпен ұстау орнының кітапханасынан әдебиет пен мерзімді баспасөз басылымдарын беруге рұқсат етіледі.
23-бап. Медициналық-санитариялық
қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі белгіленген санитариялықгигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы талаптардың сақталуын, сезіктілер мен айыпталушылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің қызметкерлерін тарту тәртібін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі белгілейді.
3. Сезіктілер мен айыпталушылар дене жарақатын алған жағдайда куәландыруды күзетте ұстау орындарының медициналық қызметкерлері кешіктірмей жүргізеді. Медициналық куәландырудың нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітіледі және зардап шегушіге хабарланады. Медициналық куәландыруды күзетте ұстау орнының әкімшілігі басшысының не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның шешімі бойынша медициналық мекеменің қызметкерлері жүргізеді.
4. Сезікті немесе айыпталушы ауыр науқастанған не қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі оның жақын туыстарына және осы факт бойынша тексеру жүргізетін прокурорға хабарлайды. Қайтыс болған адамның мәйіті патология-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ заңдарда көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі. Қайтыс болып, мәйіті сұралмаған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
5. Сезіктінің немесе айыпталушының қайтыс болуы мүмкін ауыр науқасы байқалған жағдайда медициналық қорытынды болса, тергеу изоляторы әкімшілігінің прокурорға және істі жүргізуші органның алдына бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселе қоюға құқығы бар.
6. Тергеу изоляторында немесе уақытша ұстау изоляторында ұсталушы шетелдік қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дереу хабарлайды. Сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша түрде хабарлайды.
24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша
аударымдарын алу
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға салмағы почта ережелерінде көзделген нормалардан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқатты мөлшерін шектемей алып тұруға рұқсат етіледі.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға күзетте ұстау орындарына келіп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына қосылады. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұстау орындары әкімшілігінің рұқсатымен өз қаражатынан туыстарына және өзге де адамдарға ақша аударымдарын жөнелте алады.
3. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі дәрігердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайларда сезіктілер мен айыпталушылар үшін оларды қабылдай алады.
4. Сезіктілер мен айыпталушыларға адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылуы мүмкін не күзетте ұстаудың мақсатына кедергі келтіруге арналған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беруге тыйым салынады.
5. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін тексеруден жасырып қалу немесе сезіктілер мен айыпкерлерге беру, сондай-ақ белгіленген ережелерге қарамастан оларға кез келген нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беру заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
25-бап. Қосымша ақылы қызмет көрсетулермен
қамтамасыз ету
Мүмкіндігіне қарай тергеу изоляторларының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларды қосымша ақылы тұрмыстық және медициналық санитариялық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етеді, олардың тізбесі мен ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту
1. Тиісті жағдайлар болған кезде айыпталушылар, өздерінің тілегі бойынша, белгіленген тәртіппен тергеу изоляторлары аумағында еңбекке тартылады.
2. Айыпталушылардың жалақысы заңда көзделген ұстап қалулардан кейін олардың жеке шоттарына аударылады.
3. Айыпталушыларды еңбекке тарту алдын ала тергеу мен анықтауға кедергі келтірмеуге тиіс.
27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және
сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орындарының әкімшілігі тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарына қабылдауды және оларды жіберілген жеріне жөнелту үшін айдауылға беруді қамтамасыз етеді.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысудан босату заңдарда көзделген негіздерде жүзеге асырылады.
28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық-
құқықтық мәмілелерге қатысуы
Сезіктілер мен айыпталушылардың, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен және Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген ретпен, өздерінің өкілдері арқылы немесе тікелей азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға құқығы бар.
29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері
1. Сезікті және айыпталушы әйелдер үш жасқа дейінгі балаларын өздерімен бірге ұстай алады.
2. Күзетте ұстау орындарында жүкті әйелдер және өзімен бірге балалары бар әйелдер үшін жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тамақтандырудың және затпен қамтамасыз етудің көтеріңкі нормалары белгіленеді.
3. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге күн сайын ұзақтығы үш сағатқа дейінгі серуен беріледі.
4. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге жазалау шарасы ретінде карцерге отырғызуды қолдануға болмайды.
5. Қажет болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі заңда белгіленген тәртіппен баланы туыстарына немесе өзге де адамдарға не балалар мекемесіне уақытша беру туралы өтініш жасауы мүмкін.
30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте
ұстаудың ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады және тамақтандырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын көтеріңкі нормалары белгіленеді.
2. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайынғы серуендерінің ұзақтығы екі сағаттан кем емес болып белгіленеді. Серуендеу кезінде кәмелетке толмағандарға дене жаттығулары мен спорт ойындары үшін мүмкіндік беріледі.
3. Жағдай болған кезде кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға кинофильмдер көрсетіледі, олар үшін телехабарлар көру ұйымдастырылады, спортпен шұғылдану және басқа да демалыстар үшін үй-жайлар, сондай-ақ ашық ауада спорт алаңдары жабдықталады.
4. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға оқулықтар мен мектеп-жазу құралдарын сатып алуға және алуға, сондай-ақ оларды осы Заңының 24-бабында көзделген нормалардан асатын сәлем-сауқаттар мен сәлемдемелер арқылы алуға рұқсат етіледі.
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды
қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға
жол бермеу
31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі
талаптары
1. Сезіктілер мен айыпталушылар жалпы немесе осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарына сәйкес бір кісілік камераларда ұсталады.
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераға бір тәуліктен астам мерзімге орналастыруға жол беріледі. Сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераларға орналастыруға мынадай жағдайларда:
1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзгедей мүмкіндігі болмаған кезде;
2) сезіктінің немесе айыпталушының не басқа да сезіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
3) сезіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша арызы болған кезде;
4) сезіктілер мен айыпталушылардың түнгі уақытта бір кісілік камераларға орналастыру кезінде, егер күндіз олар жалпы камераларда ұсталса, прокурордың санкциясы талап етілмейді.
3. Сезіктілер мен айыпталушылардың басқа камераларда немесе күзетте ұстау орындарының өзге де үй-жайларында ұсталатын сезіктілермен және айыпталушылармен сөйлесуіне, оларға қандай да болсын нәрселер беруіне және хат жазысуына жол берілмейді.
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың бостандықта жүрген адамдармен сөйлесуі, қандай да болсын нәрселер беруі және хат жазысуы осы заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары сезіктілер мен айыпталушыларды олар күзетте ұсталатын жерлерден тыс жерлерге ауыстырылған кезде сақталуға тиіс.
32-бап. Камераларда бөлек орналастыру
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды камераларға орналастыру олардың жеке басы мен психологиялық сыйысымдылығы ескеріле отырып жүргізіледі. Темекі тартатындар мүмкіндігіне қарай темекі тартпайтындардан бөлек орналастырылады.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ сотталғандарды камераға орналастырған кезде мынадай талаптардың сақталуы міндетті:
1) мыналар:
еркектер мен әйелдер;
кәмелетке толмағандар ұсталатын камерада құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылған оң мінезделетін ересектерді ұстау қажет болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандар мен ересектер;
алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылушы адамдар мен бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар;
өздеріне қатысты үкімдер заңды күшіне енген сотталғандардан сезіктілер, айыпталушылар;
бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше істер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар бөлек ұсталады;
2) мыналар:
өте ауыр және ауыр қылмыстар жасалуына сезіктілер мен айыпталушылар; қылмыстардың аса қауіпті қайталап жасалуы жағдайында сотталғандар;
өлім жазасына сотталғандар;
басқа сезіктілерден, айыпталушылардан бөлек ұстауға жағдай болған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер органдарының, прокуратураның, салық полициясының, кеден органдарының қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери полициясы мен тәртіп бөлімдерінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;
күзетте ұстау орны әкімшілігінің не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша өмірі мен денсаулығына басқа сезіктілер мен айыпталушылардың тарапынан қауіп төнген сезіктілер мен айыпталушылар;
жұқпалы аурулармен ауыратындар немесе айрықша медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер басқа сезіктілер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады.
33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету
және оларды қадағалау
1. Күзетте ұстау орындарында ұсталып, қадағаланып отырған сезіктілер мен айыпталушылар бұл орындардың аумақтарында айдауылдың не күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің айдауымен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында дыбыс және бейне техникалары пайдаланылуы мүмкін.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу және суретке түсіру жүргізіледі. Олар орналастырылатын үй-жайлар тінтіліп, ал олардың заттары, сәлем-сауқаттары мен сәлемдемелері тексеріледі.
3. Күзетте ұстау орындарында табылған және иесі анықталмаған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады, ол туралы хаттама жасалып, белгіленген тәртіппен сату және тиісті бюджеттердің кірісіне енгізу үшін салық органдарына беріледі.
4. Тексеру кезінде ерікті түрде тапсырылған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады және Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сезікті немесе айыпталушы босатылғанға дейін күзетте ұстау орындарында пайдалану және билік ету құқығынсыз сақталады. Күзетте ұсталған адамдар сотталған және бас бостандығынан айыру орындарына жіберілген жағдайда жоғарыда аталған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар тізімдеме бойынша қылмыстық жазалауды атқарушы мекемеге беріледі.
5. Сезіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселер, заттар мен тамақ өнімдері күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне сақтауға беріледі не соттың шешімі бойынша жойылады.
6. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері күзетте ұстау орындарының аумағына кірген және шыққан кезде адамдардың заттары мен киімдерін тексеруді, сондай-ақ кірген және шыққан көлік құралдарын тексеруге сезіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін алып қоюға құқылы. Сезіктілер мен айыпталушылардың қылмыстық ісін жүргізуші адамдардың, сондай-ақ күзетте ұстау орындарына бақылау мен қадағалау жасауға құқығы бар адамдардың заттары мен киім-кешегі тексерілмейді.
7. Күзетте ұстау орындарында қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және оларды ашу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.
34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда
режимдік талаптарды қамтамасыз ету
Тергеу изоляторларына тікелей жапсарлас жатқан және шекарасын жергілікті атқарушы орган белгілеген аумақтарда ішкі істер органдарының ұсынуы бойынша режимдік талаптар орнатылуы мүмкін.
35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері
1. Сезіктілер мен айыпталушылар:
1) осы Заңмен және Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген күзетте ұстау тәртібін сақтауға;
2) күзетте ұстау орындары әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға;
3) гигиена мен санитария талаптарын сақтауға;
4) күн сайынғы серуенге шығуға (серуеннен босатуды күзетте ұстау орны медициналық қызметкерінің қорытындысы бойынша күзетте ұстау орнының бастығы жүзеге асырады);
5) өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға;
6) күзетте ұстау орындарының мүлкіне ұқыпты қарауға;
7) кезектілік тәртібімен камераларды және басқа да бөлмелерді тазалауға;
8) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің, сезіктілер мен айыпталушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың абыройын қорлайтын іс-әрекеттер жасамауға;
9) күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне, сондай-ақ күзетте ұстау тәртібін қамтамасыз ететін өзге де адамдарға олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге;
10) өзінің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасамауға міндетті.
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға осы Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін өзінде ұстауға, сондай-ақ оларды сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.
36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға міндеттерін үлгілі орындағаны, күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін сақтағаны үшін мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:
1) бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу;
2) кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға спортпен шұғылдануға арналған үй-жайларға қосымша баруға, сондай-ақ бос уақытын өткізудің басқа да нысандарына рұқсат беру.
2. Көтермелеуді күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары қолданады.
37-бап. Жазалау шаралары
Белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін сезіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
1) сөгіс;
2) он бес тәулікке дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларды - жеті тәулікке дейінгі мерзімге карцерге немесе бір кісілік камераға отырғызу.
38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазаны күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары қолданады. Бір тәртіп бұзғандығы үшін кінәлі адамға бір жазадан артық жаза қолданылмайды.
2. Жаза тәртіп бұзуды жасаудың мән-жайлары және сезікті мен айыпталушының мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады. Жаза тәртіп бұзушылық белгілі болған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тәртіп бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - ол аяқталған күннен бастап, бірақ тәртіп бұзушылық жасалған күннен бір айдан кешіктірілмей қолданылуы мүмкін. Жаза, әдетте, дереу, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған жағдайда - ол белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.