32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының келіп түскен өсімақының сомаларынан комиссиялық сыйақы алуы зейнетақы шарттарының негізіне сәйкес жүзеге асырылады.
33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған өсімақыны жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына есептейді.
34. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілместен аударылған өсімақы төлеушіге қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсімақының сомасы кешіктірілген күндердің санына өседі.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына
бақылау жасау
35. Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуына,
сондай-ақ өсімақы төленуіне бақылау жасауды салық заңдарына сәйкес салық
қызметі органдары жүзеге асырады.
36. Төлеушілердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін төлеушілерді тіркеу облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне ұсынады.
ЕСКЕРТУ. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 2010
қаулысымен.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару
жөнiндегi құжаттарды сақтаудың тәртiбi
37. Заңды тұлғалар - мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiлер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушiнi таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттiк мұрағатқа берiледi.
Ескерту. 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2001.12.22. N 1671 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 ж. 15 наурыздағы N 245
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, аударудың және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы, 1997 ж., N 53, 485-құжат)
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 30 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 201 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1313 қаулысының 1-тармағы.