Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-1 Заңы
(ҚР 20.11.98 ж. N 303-1; 24.12.98 ж. N 334-1; 11.06.01 ж.
N 207-II; 13.06.01 ж. N 212-II; 24.12.01 ж. N 276-II;
29.12.03 N 512-11 Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретiндегi ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi.
1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi
1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады.
2. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
ҚР 29.12.03 N 512-11 Заңымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Алматы қаласының аумағы
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн және өзгертетiн шекара шегiндегi жер Алматы қаласының аумағы болып табылады.
2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 20.11.98 ж. N 303-1 Заңына сәйкес 3-бап өзгертілді; ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңына сәйкес 3-бап өзгертілді
3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi
Алматы қаласының өкiлдi органы:
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге;
2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеуге;
3)
4) аумақтық мемлекеттiк және қоғамдық ескерткiштердi қорғау органдарының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органмен келiсiлген ұсынысы бойынша жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiтуге;
5) басқа мемлекеттердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шек пен тәртiп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға;
6) лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткiзу туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегiнде уақытша кассалық үзiлiстi жабу үшiн және тиiстi бюджетте заемның негiзгi сомасы мен ол бойынша сыйақыны (мүдденi) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана заем шарттары түрiнде жоғары тұрған бюджеттен немесе екiншi деңгейдегi банктерден қарызға қаражат алу туралы шешiмдер қабылдауға;
7) атқарушы органның ұсынысы бойынша қаланы басқару схемасын бекiтуге;
8) Алматы қаласының аумағындағы көшi-қон процестерiн реттеу тәртiбiн бекiтуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 11.06.01 ж. N 207-II; 13.06.01 ж. N 212-II Заңдарына сәйкес 4-бап өзгертілді
4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi
Алматы қаласының атқарушы органы:
1) бюджеттен тыс қорды қалыптастырады және оны басқаруды жүзеге асырады;
2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;
3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген шаруашылық серiктестiктерi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады;
5) Мына қызметтерге:
қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң;
казинолардың, тотализаторлардың қызметiне;
автомобильге май құю станцияларын ұстау мен пайдалану бойынша;
жергiлiктi лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу бойынша;
өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық объектiлердi дезинфекциялау мен дезодорациялау бойынша;
медициналық және дәрiгерлiк практикамен айналысу бойынша;
мал дәрiгерлiк;
шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Алматы қаласынан әкетуге байланысты;
жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен тасу жөнiндегi қызметке;
Алматы қаласының аумағындағы жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiне;
Үкiмет белгiлейтiн тәртiппен өзге де қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
5-бап. Алматы қаласының бюджетi
1. Алматы қаласының бюджетi заңдарда белгiленген тәртiппен қалыптастырылады.
2. Алматы қаласы бюджетiнiң республикалық бюджетпен өзара қатынастары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн тәртiп пен мөлшерде бөлiнетiн қаржы нормативтерi арқылы белгiленедi.
3. Кезектегi жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Алматы қаласын, ғылым, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерiн және республикалық маңызы бар экологиялық бағдарламаларды дамытуды қаржыландыру, сондай-ақ қала бюджетiне жалпы республикалық маңызы бар шараларды өткiзуге арналған шығындарды өтеу көзделедi.
4. Алматы қаласының сейсмикалық және сел қаупi күштi өңiрде орналасқанын ескере отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мақсатында кезектегi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде қаланың үйлерi мен ғимараттарының, мәдени-тарихи ескерткiштерiнiң сейсмикалық жағынан күшейтiлуi жөнiнен қайта құруды жүргiзуге қаржы бөлудi жеке жолмен бөлiп көрсету көзделедi.
5. Заңдарда белгiленген түсiмдермен қоса, коммуналдық мүлiктi пайдалануға беру мен жекешелендiруден түскен қаражат Алматы қаласы бюджетiнiң кiрiсiне аударылады.
6. Мекемелер нысанындағы коммуналдық заңды тұлғалардың жергiлiктi атқарушы орган бекiткен сметасынан асатын шығындарды қала бюджетiне аударылуға тиiс.
6-бап. Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қор
Алматы қаласын экономикалық, әлеуметтiк және мәдени жағынан дамыту үшiн бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында Алматы қаласының әкiмi жанынан бюджеттен тыс қор құрылады.
Қор туралы ереженi Алматы қаласы атқарушы органының ұсынысы бойынша Алматы қаласының өкiлдi органы бекiтедi.
ҚР 24.12.98 ж. N 334-1 Заңына сәйкес 7-бап алынып тасталды
7-бап. алынып тасталды
ҚР 24.12.98 ж. N 334-1 Заңына сәйкес 8-бап алынып тасталды
8-бап. алынып тасталды
Қазақстан Республикасының