2) елдегi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты бұзуға;
3) дiннiң мемлекет iстерiне және мемлекеттiң дiн iстерiне заңсыз араласуына әкеп соқтыруға;
4) қылмыс пен құқық бұзушылықтың өсуiне көрiнеу алып келуге ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
3. Азаматтардың, соның iшiнде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң:
1) конституциялық құрылысты құлатуға немесе күштеп өзгертуге, соның iшiнде жiкшiлдiкке немесе Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, оның аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына және бөлiнбейтiндiгiне қатер төндiретiн немесе өзге де iс-қимылға;
2) билiктi басып алуға;
3) Қазақстан Республикасының қалыптасқан органдарының, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес сайланған (тағайындалған) лауазымды адамдардың өкiлеттiгiн күш қолданып тоқтатуға немесе қызметiне кедергi келтiруге;
4) орын алып отырған конфессиялық айырмашылықтар мен түрлi дiни көзқарастарды саяси мақсатқа пайдалануға шақыруы ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiредi және заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады деп танылады.
4. алынып тасталды
20-бап. Әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдарының, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар мен азаматтардың мiндетi:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайтуға;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң жауынгерлiк қабiлет деңгейiн ұстап тұруға және оны арттыруға;
3) жұмылдырушы қуаттар мен жұмылдырушылық резервтердi (ресурстарды) сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жауынгерлiк қабiлетiне нұқсан келтiруi мүмкiн шешiмдер мен iс-қимылдардың қандайын болса да қолдануға тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға көзделген реттердi қоспағанда:
1) Қазақстан аумағында шет мемлекеттердiң әскери базаларын орналастыруға;
2) шет мемлекеттердiң әскери құрамаларының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк түйiсуi мен өткiзiлуiне жол берiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құрамалары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес тартылады.
21-бап. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Тиiстi мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың мiндетi:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау;
2) Қазақстанға экологиялық жағынан қауiптi технологиялардың, заттар мен материалдардың бақылаусыз әкелiнуiне жол бермеу;
3) ел аумағының радиоактивтi, химиялық ластануына, бактериологиялық зарарлануына жол бермеу;
4) экологиялық жағынан қауiптi және жетiлдiрiлмеген технологиялардың қолданылу ауқымын қысқарту;
5) шаруашылық және өзге де қызметтiң келеңсiз экологиялық зардаптарын жою болып табылады.
ҚР 28.04.00 ж. N 45-11 Заңымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасында ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттiк ақпарат ресурстарын қорғаудың ұлттық жүйесi құрылып, нығайтылады.
2. Қазақстан Республикасының органдары мен лауазымды адамдарының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауы дүниежүзiлiк саяси және экономикалық даму үрдiстерi, басқа, әсiресе шектес мемлекеттердiң саясаты мен экономикасындағы ахуалдар туралы шынайы және алдын ала берiлетiн ақпаратқа негiзделуге тиiс.
3. Мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың мiндетi:
1) Қазақстанның ақпараттық тәуелдiлiгiне;
2) басқа мемлекеттердiң тарапынан ақпараттық экспансия жасау мен қоршауға;
3) Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiн, Үкiметiн және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштерiн ақпараттық жағынан оқшаулауға жол бермеу жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдану болып табылады.
4. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру және оның үздiксiз жұмыс iстеуi;
2) Қазақстанның байланыс пен информатиканың әлемдiк жүйесiне кiруi жөнiндегi ұлттық мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
5. Мыналарға:
1) бес жыл iшiнде лауазымдық жағдайына байланысты мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтерге қол жеткiзген адамдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында мазмұнды ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiретiн шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының баспа өнiмдерiн, теле және радио хабарларын таратуға;
3) мемлекет мүдделерiне байланысты қызметтiк және өзге де ақпаратты жария етуге;
4) шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы заңды тұлға - бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiнiң немесе осы салада қызметiн жүзеге асырушының акциялар пакетiнiң (үлесiнiң, пайлардың) 20 процентiнен астамын тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
6. алынып тасталды
05.07.04 ж. N 568-II ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Байланыс саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ақпараттық оқшаулануын болдырмау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар инвесторларға берілетін кепілдіктерді сақтай отырып, магистральдық байланыс жолдарын басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне, сондай-ақ шет ел қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншігіндегі байланыс желілеріне осы Заңда айқындалған тәртіппен бақылау жасауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін сақтау мақсатында, оның ішінде ерекше кезеңде әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс желілерінің үздіксіз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдану мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының органдары мен лауазымды адамдары байланыс желілерін салу, оларды пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сақтау талаптарын басшылыққа алуға тиіс.
4. Мыналарға:
1) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың магистральдық байланыс жолдарын басқаруына және пайдалануына;
2) басқару орталығы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан байланыс желілерін оның аумағында құруға және пайдалануға;
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде байланыс жолын иеленуші және (немесе) оларды басқару немесе пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының он процентінен астамын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның келісімінсіз жеке және заңды тұлғалардың дербес немесе бір топ адамдар құрамында сатып алуына немесе меншікке өзгеше алуына;
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыратын, жер бетіндегі (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) байланыс жолдарын иеленетін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының жиынтығы 49 процентінен астамын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың тікелей және (немесе) жанама иеленуіне, пайдалануына, билік етуіне және (немесе) басқаруына;
5) жедел-іздестіру шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтін байланыс желілерін пайдалануға беруге тыйым салынады.
5. Байланыс саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың акцияларын (үлестерін, пайларын) иелену немесе олардың қызметіне қатысу бөлігіндегі өзге де шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
23-бап. Мемлекеттiк институттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Мемлекеттiк институттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының аса маңызды мiндетi, олардың қызметтiк iс-әрекетiн бағалау өлшемдерiнiң бiрi болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарда:
1) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының бағыттары мен кезеңдерiн стратегиялық жоспарлау;
2) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заң шығару, басқару актiлерi мен өзге де актiлердi әзiрлеуi, қабылдауы және орындауы кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi.
3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, соның iшiнде оның құқық қорғау органдарының қауiпсiздiк қызметтерi мен соттарының бiртұтас жүйесiнiң;
2) Қазақстан Республикасының бiртұтас құқықтық жүйесiнiң қалыптасуы мен iркiлiссiз жұмыс iстеуi мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
4. Мемлекет:
1) мемлекеттiк қызметтiң беделi мен абыройын арттыруға;
2) белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн адамдардың мемлекеттiк қызметке кiруiне жол бермейтiн ұйымдық-құқықтық тетiктер қалыптастыруға бағытталған шаралар қолданады.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiнде жалпы мемлекеттiк мүдделердi басшылыққа алуға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк өкiметтiң беделiне күмән келтiруi мүмкiн, лауазымдық жағдайын қызметтен тыс мүдделерге пайдалануға апарып соғатын шешiмдер қабылдауына және iс-қимыл жасауына тыйым салынады.
6. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, соның iшiнде мемлекеттiк сатып алуға арналған қаражатты және бөлiнген несие ресурстарын үлестеп бөлуге;
2) рұқсаттар мен лицензиялар беруге;
3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен преференциялар беруге;
4) мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруге байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерi заңдарда белгiленген шекте ашық және бақылаулы сипатта болуға тиiс.
24-бап. Сыртқы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiктiң халықаралық кепiлдiктерiн алу мақсатында Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын халықаралық (ғаламдық, аймақтық) қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысады.
2. Сыртқы саяси қатынастар саласында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету:
1) ғаламдық бейбiтшiлiк тәртiбiн қалыптастыру жөнiндегi халықаралық күш-жiгерге қатысудан;
2) Қазақстанның геосаяси төңiрегiндегi ұжымдық қауiпсiздiктiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру мен нығайтудан;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң мүдделерiне сай қызмет iстейтiн халықаралық ұйымдарға қатысудан;
4) елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қатысудан;
5) қажет болған жағдайларда шектес мемлекеттермен бiрлесiп, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты мәселелердi шешуден тұрады.
3. Қазақстан Республикасы:
1) сенiмдi шекаралық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк шекараны қорғау жүйесiн дамытып, нығайтады;
2) ұқсас халықаралық бақылау жүйелерiне кiрiгу арқылы мемлекеттiң әуе кеңiстiгiне бақылаудың ұлттық жүйесiн қалыптастырады;
3) заңсыз көшiп келуге жол бермеу жөнiнде қажеттi шаралардың бәрiн қолданады.
4. Қазақстан Республикасына қарсы зиянкестiк қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстанның егемендiгiне, аумақтық тұтастығына, оның халқының бiрлiгiне, елдегi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа жария қарсы шығатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және осындай жария бой көрсетуге жол берген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ел шегiнен қуылуға тиiс әрi Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес өзге түрде де жауапқа тартылады.
25-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштердiң қызметi мен осыған бағытталған шаралар республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
26-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын қадағалау
Осы Заңның және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл қолданылуына жоғары дәрежелi қадағалауды Қазақстан Республикасының Прокуратурасы жүзеге асырады.
27-бап. Ұлттық қауiпсiздiк туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк туралы заңдарын бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
28-бап. Осы Заңның өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
Осы Заңның ережелерi ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен әдiстерiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау үшiн негiз болып табылады.
29-бап. Халықаралық шарттар және елдiң ұлттық қауiпсiздiгi
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн немесе мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жоғалтуға әкеп соғатын;
2) Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтары аясын тарылтатын халықаралық шарттар жасасуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының