Жосықсыз бәсеке туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 9 маусымдағы N 232-I Заңы
(ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен тақырыбы және мәтініндегі сөздер ауыстырылды
Осы Заң жосықсыз бәсеке деп танылатын iс-әрекеттердi айқындайды, жосықсыз бәсекенi болғызбаудың және оның зардаптарын жоюдың тетiгiн, сондай-ақ жосықсыз бәсеке iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiктi белгiлейдi.
ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен 1-бап толықтырылды
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
беделiн түсiру - бәсекелесiне деген сенiмдi жоюға, оның беделiне, оның тауарларының, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiнiң беделiне нұқсан келтiруге, абыройын түсiруге бағытталып қасақана жасалған iс-әрекет;
бәсекелес (рынокта) - қызмет көлемiнiң өзгеруi нарықтық қатынастардың басқа субъектiсiнiң рыноктық үлесiнiң кемуiне немесе өсуiне әкеп соғатын нарықтық қатынастар субъектiсi:
контрафактық өнiм - нарықтық қатынастардың жекелеген субъектiлерiнiң жосықсыз бәсеке және тұтынушыларды адасушылыққа салу мақсатында шығарған өнiмi;
жосықсыз бәсеке - заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бәсекенi жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi);
келiсiм - тараптардың бәсекенi шектеуге немесе жоюға, кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған (тiк, көлбеу немесе аралас) кез келген шарттық қатынасы;
нарықтық қатынастардың субъектiсi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет айналымына қатысушы болатын заңды немесе жеке тұлға;
уәкiлеттi орган - бәсекеге жәрдемдесу мен оны дамыту және терiс пиғылды бәсекенiң алдын алу, оны шектеу және тыю жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн орган.
2-бап. Жосықсыз бәсеке туралы заңдар
1. Жосықсыз бәсеке туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң, осы Заңның нормаларынан және Қазақстан Республикасының соларға сәйкес шығарылатын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жосықсыз бәсеке туралы заңдарда барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, мемлекеттiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының тауар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) рыноктарында еркiн бәсекенi шектейтiн және жоятын шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен 4-бап толықтырылды
4-бап. Бәсекенi шектеуге немесе жоюға жол берiлмеуi
1. Басқа кәсiпкерлердiң еркiн бәсекеге құқықтарын бұзу арқылы бәсекенi шектеуге немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын кез келген қызметке жол берiлмейдi.
2. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нарықтық қатынастардың жекелеген субъектiлерiнiң немесе олардың топтарының қызметi үшiн қолайлы немесе кемсiтетiн жағдайлар жасауға, бәсекенi жоюға немесе шектеуге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн бұзуға бағытталған нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауына және (немесе) iс-әрекеттер жасауына тыйым салынады.
3. Нарықтық қатынастар субъектiлерiне бәсекенi жоюға немесе шектеуге, сондай-ақ ұқсас қызмет түрлерiмен айналысатын нарықтық қатынастар субъектiлерiнiң қызметiне кемсiтушiлiк жағдайлар туғызуға бағытталған iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Жосықсыз бәсеке түрлерi
Жосықсыз бәсеке түрлерi мыналар:
1) кәсiпкердiң фирмалық атауын, тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн және (немесе) өзге де коммерциялық белгiлеуiн тауар өндiрушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) немесе оларды сатушы жөнiнде тұтынушыларды жаңылыстыратын немесе жаңылыстыруы мүмкiн заңсыз пайдалану;
2) бәсекелесi тауарының сыртқы безендiрiлуiн, оның фирмалық атауын, тауарының таңбалануын, тауар таңбаларын, басқа да коммерциялық белгiленуiн, сондай-ақ жарнамалық материалдарын, фирмалық буып-түйiлуiн, нысанын және тауардың өзге де сыртқы безендiрiлуiн тауар өндiрушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) жөнiнде тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкiн етiп тiкелей қайта жасау арқылы көшiрiп алу;
3) тауарлар (жұмыс, көрсетiлген қызмет) жөнiнде, соның iшiнде тауарлардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) шығу тегi, дайындаушысы, сатушысы, сондай-ақ сапасы, тұтыну қасиеттерi, мақсаты, дайындалған әдiсi мен жерi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер мен пiкiрлердi және бәсекелесiнiң тауарларына (жұмысына, көрсеткен қызметiне) кiр келтiретiн, оның абыройы мен беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтердi тарату;
4) бәсекелесi жоқ сатушының сатып алушыға өзiнiң сипаты немесе коммерциялық мақсаты бойынша шарт нысанасына жатпайтын қосымша сату жағдайларын тануы;
5) басқа бәсекелестiң тауарларымен (жұмысымен, көрсететiн қызметiмен) немесе қызметiмен әдепке жатпайтын салыстырмасы бар жарнама және өзге де ақпарат тарату;
6) жарнамалық ақпаратта тауарлардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) шын қасиеттерi, сапасы және бағалары туралы мәлiметтердi қасақана бұрмалау немесе жасыру;
7) бәсекелестер арасындағы баға, рыноктарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi шеттету туралы және бәсекенi жоюға немесе едәуiр шектеуге бағытталған өзге де қызмет жағдайлары туралы кез келген келiсiмдердi жасасу мен орындау;
8) нарықтық қатынастар субъектiлерiнiң бәсекенi едәуiр шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын көлденеңiнен қосылуы;
9) ғылыми-техникалық, өндiрiстiк ақпарат пен коммерциялық және қызметтiк құпия болып табылатын өзге де ақпаратты оның иесiнiң келiсiмiнсiз алу, пайдалану немесе жария ету;
9-1) демпингтiк бағаларды пайдалану арқылы бәсекеде артықшылыққа қол жеткiзу;
10) бәсекенi жоюға немесе шектеуге, негiзсiз артықшылықтар беруге және (немесе) алуға әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер.
ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда
6-бап. Осы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк мынадай негiздер бойынша:
1) уәкiлеттi органның осы Заңның талаптарына сәйкес берiлген нұсқамаларын орындаудан жалтарғаны үшiн;
2) уәкiлеттi органға құжаттарды, анықтама материалдарды және басқа ақпаратты, сондай-ақ жазбаша түсiнiктемелердi бермегенi немесе көрiнеу қате немесе жалған мәлiметтердi бергенi үшiн. Анықтама материалдарды және басқа ақпаратты беру мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi және ол 15 күннен аспауға тиiс;
3) осы Заңның 5-бабында көзделген iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жасағаны үшiн;
4) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары лауазымды адамдарының бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға жағдай жасайтын iс-әрекеттердi жасағаны үшiн айыппұл түрiнде туындайды.
2. Осы Заңды бұзған жағдайда нарықтық қатынастардың субъектiлерi, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiн басқару органдары және олардың лауазымды адамдары:
1) уәкiлеттi органның нұсқамаларына сәйкес жосықсыз бәсеке фактiсi бойынша тәртiп бұзушылықты тоқтатуға, бәсекенi жоюға немесе шектеуге бағытталған келiсiмдi (келiсiлген iс-әрекеттердi) бұзуға немесе өзгертуге және нұсқамада көзделген өзге де iс-әрекеттердi орындауға;
2) жосықсыз бәсеке салдарынан келтiрiлген залалды (зиянды) заңдарда белгiленген тәртiппен өтеуге;
3) жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты және заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен айыппұлды мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi. Жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты аудару мүмкiн болмаған жағдайда, құқыққа қарсы iс-әрекет кезеңiнде алынған, бiрақ осындай iс-әрекеттер анықталған жыл алдындағы соңғы есептiк жылдағыдан аспайтындай табыс мемлекеттiк бюджетке алып қойылады.
ҚР 15.12.00 ж. N 125-II Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Уәкiлеттi органның жосықсыз бәсекенi тыю жөнiндегi құқықтары
1. Бәсекеге жәрдемдесу мен оны дамыту, сондай-ақ жосықсыз бәсекенiң алдын алу, оны шектеу мен тыю жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi орган тағайындайды.
2. Уәкiлеттi орган:
1) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның зардаптарын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты мемлекеттiк бюджетке аудару туралы нарықтық қатынастар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
2) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактiлерiн қарауға қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен жосықсыз бәсеке туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi адамдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс-әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге;
4) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндетi нұсқамалар шығаруға;
5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның зардаптарын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде алынған табысты мемлекеттiк бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезеңiнде заңды тұлғаға немесе жеке кәсiпкерге, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген зиянды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактық деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнуге;
6) құқық қорғау органдарына жосықсыз бәсеке фактiлерi жөнiнде қылмыстық белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдар жiберуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
3. Осы Заңды бұзушылықты жою туралы нарықтық қатынастар субъектiлерiне, мемлекеттiк органдарға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына енгiзiлген нұсқамалар, егер мұндай нұсқамаларға заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым берiлмеген болса, орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
8-бап. Заңсыз алынған табысты алып қою және жосықсыз бәсеке келтiрген зиянды өтеу
1. Жосықсыз бәсеке салдарынан заңды немесе жеке тұлғаға, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген зиян заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Терiс пиғылды бәсеке салдарынан нарықтық қатынастар субъектiсi алған кiрiс сот шешiмi бойынша мемлекеттiк бюджетке алынып қойылуға тиiс.
2. Заңды бәсекенi шектеуге немесе жоюға бағытталған iс-әрекеттердi жүзеге асырғандық үшiн заң актiлерiнде белгiленген тәртiп пен мөлшерде айыппұл салынады.
9-бап. Уәкiлеттi органның шешiмдерiне, нұсқамалары мен қаулыларына шағым беру тәртiбi
Заңды тұлға немесе жеке кәсiпкерлер, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалар уәкiлеттi органның шешiмдерiн, нұсқамалары мен қаулыларын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы немесе әкiмшiлiк жаза қолдану жөнiндегi шешiмдердi өзгерту туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
Қазақстан Республикасының